Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
саясаттану Толық ответ♥️

 
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 21 
1.Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері.
Саяси тұрақтылық – қоғамның әлеуметтік-саяси жүйелерінің қоғамдық 
өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше 
алу жағдайы 
1)Саяси тұрақтылық - әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында 
саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін 
тұрақты жағдайы. Ол үшін ең алдымен экономиканың жоғары қарқынды 


дамуы, халықтың әл-ауқаты үздіксіз өсуі, табыс бөлісінде алшақтықтың 
болмауы, саяси тәртіптің заңдылығы мен демократиялығы, т.с.с болуы керек. 
Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-
тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын 
білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті 
айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму 
деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты 
қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге 
бөледі. 
Тұрақтылықтың түрлері: статикалық және динамикалық 
2.Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. 
Әлеуметтік ойлау нәзік түсініктерді түсіну және түсіндіруді талап етеді. 
Әлеуметтік ойлау - бұл әлеуметтік жағдайларды шарлайтын көптеген 
элементтерді сипаттау үшін қолданылатын бірыңғай термин. Ол ауызша 
сөйлемдерді, дауысты, контекстті және әлеуметтік саясатты білуді және 
дұрыс түсіндіруді қамтиды. Сондай-ақ, ол қол жетімді барлық әлеуметтік 
белгілерге негізделген жауап беру қабілетін қамтиды. Аутизммен ауыратын 
адамдар үшін (әсіресе жоғары аутизм), әлеуметтік ойлау дағдыларын алу 
және пайдалану қиын әлеуметтік ойлау Бұл адам өмір сүретін қоғамның 
түрлі элементтерін талдайтын рефлексия түрі. Ол арқылы адамдар өздеріне 
заттардың неге солай екендігі туралы сұрақтар қояды және оларды 
жақсартудың жолдарын іздейді. 
Екінші жағынан, бұл адамның белгілі бір қоғамға тиесілі екендігіне 
байланысты туындаған барлық ойларды білдіреді. Сонымен, әлеуметтік ойды 
бірнеше түрлі пәндер зерттейді; олардың ішінде әлеуметтік психология, 
әлеуметтану, тарих және философия бар. 
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, әлеуметтік 
құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. 
Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы 
қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса 
маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің 
айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген 
қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып 
жатады. 
2.Экономика, жаһандану және еңбек. Тарихи перспективадағы экономикалық 
даму. 
1)Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, 
бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап 
болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға 
үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. 
Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен 
кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар 
саны көбейіп, ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың 
негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен 


қамтамасыз ету. Ары қарай еңбек жаһандану және экономика туралы айта 
кетер болсақ. Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның 
қарастыру аймағында әрқашан ең бірінші еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың 
бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу 
процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға 
тұрарлық болды. Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық 
еңбек және табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде 
тұлғаның әлеуметтік мәнінің өзара байланысын зерттейтін философия 
туралы айтуға болады. Еңбек ол әлем қаншалықты дамыса да қала береді. 
Сонымен қатар жақсы еңбектенетін адамдары бар мемлекеттің экономикалық 
сатыда да, жаһандану сатысында да дамуына еш кедергі болмайды.
Жаһандану, немесе Глобализация — жаңа жалпыәлемдік саяси, 
экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Олар 
ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық 
қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” 
деген ұғымдарды енгізді. Жаһандану да мемлекеттің дамуының басты
сатысы болып саналады. Жаһандану ол елдердің мәдени тұрғыдан да, 
ақпараттық тұрғыдан да, Экономикалық тұрғыдан да дамуына үлкен ықпал 
жасайды. Жаһандану ол осы үш даму сатысының бір тұтас жүеге тоғысып, 
бірігіп дамудың баспалдағымен жоғары көтерілуді қамтамасыз ететін үрдіс.
Экономика — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және 
тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік 
қатынастар. Экономика жалпы әлем үшін мағызды. Экономикасы жақсы 
мемлекет дамыған елдердің алғашқы қатарларында тұрады. Жалпы айта 
кетер болсақ экономика да еңбек те жаһандану да мемлекеттердің басты 
мәселелері болып саналады. Және де мемлекеттің әлеуметтің дамуына 
бірден-бір әсер етеді. Осы үшеуі жақсы дамитын болса, мемлекет гүлдене 
береді. Енді ары қарай экономика, жаһандану жіне еңбек туралы толығырақ 
айта өтейік. 
2)XX ғ. экономикалық дамудың алдыңғы қатарына жаңа технологиялар 
шықты.Өндіріс машиналық кезеңнен толық автоматтандыру мен 
компьютерлендіруге өтіп , қарқынды өндірістік өсім басталды.Уақыт өте 
келе ғылым өндірістің жетекші факторы , ғылыми жетістіктер мен 
өнертабысы өмір тәжірибесіне шапшаң енгізіле бастады. Әлемнің 
экономикалық бейнесін өзгерткен ірі корпорациялардың (монополиялардың ) 
пайда болуы бұл ғасырдың ерекшелігі болды. Өндірістің белгілі бір 
салаларын өз қолдарына шоғырландырып алған монополиялар өндіріс 
деңгейін, бағасын , еңбекақы мөлшерін қалауынша белгілейді. Бір мемлекет 
аумағында әрекет ету монополиялардың тақияларына тарлық ете бастағанда 
трансұлттық корпорациялар (ТҰК) құрылды. Жаңа халықаралық еңбек 
бөлінісі қалыптаса бастағанда халықаралық қаржы жүйесі пайда 
болды.ұзамай , Еуропаның экономикалық бірігуі саяси деңгейге өтті. 1957 ж. 
кейіннен 1992 ж. Еуропалық одаққа ( ЕО ) айналған Еуропалық 
экономикалық қауымдастық ( ЕЭС немесе Ортақ нарық ) құрылды. Одаққа 
кірген елдер – одақ ішіндегі қаржының, тауардың , жұмыс күшінің 


қозғалысына деген шектеулерді алып тастап , өздерінің шаруашылық өмірін 
біріктіруге ұмтылады. 1999 жылдан бастап ЕО ортақ валюта – евроны енгізді. 
Халықаралық экономикалық дағдарыстар – Қазіргі заманның 
ерекшеліктерінің бірі.Нью-Йорк биржасындағы акциялар бағасының 
құлауынан басталған алғашқы дағдарыс (1929 – 1933 ж.ж.) әлемдік 
экономика мен қаржы саласының барлық бұтағын шарпыды. Өндірістің 
құлдырауы , ақшаның құнсыздануы – жалақының қысқаруына , бағаның 
өсуіне , жаппай жұмыссыздыққа алып келді. Тығыз экономикалық 
байланыстар Еуропаның бір де бір елін бұл дағдарыстан құтқармады. Бүкіл 
әлем 1974 – 1975 жылдары және 2008-2009 жылдары экономикалық және 
қаржылық дағдарыстарға тап болып отырды. XX ғ. мемлекет меншік иесі , 
несие беруші және тапсырыс беруші болып , экономиканың белсенді 
реттеуішіне айналды. Еуропа елдерінде экономиканы жоспарлау қарқынды 
дамуда. Капиталды өзге елдерге мемлекеттік несиелер мен инвестициялар 
түрінде шығару үлкен рөл атқарып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет