Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️

 
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 20 
1. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің 
құрылымы. 
 
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси 
институттар тарамдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси 
қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары 
арқылы саяси билік жүзеге асады. Саяси жүйелер теориясы ХХ 
ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Осы теорияның негізін 
қалағандар болып американдық саясаттанушылаар Д. Истон мен Г. 
Алмонд табылады. Д. Истон. «Саяси жүйелер» (1953), «Саяси өмірді 
жүйелік талдау» (1965) еңбектерінде саяси жүйелер теориясының 
негізін қалады. Оның түсіндіруінше, саяси жүйе сырттан келетін әсерге 
жауап беретін, дамушы және өзін өзі реттеп отыратын ағзаға ұқсас. Бұл 
жүйе бір бүтінді түзетін көптеген бөлшектерден тұрады, оны қоршаған 
ортадан бөліп тұратын белгілі бір шекаралары болады. Г. Алмонд 
«Салыстырмалы саяси жүйелер» атты мақаласында (1956) саяси жүйе 
мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес саяси мінез-құлықтың алуан 
түрлілігін білдіреді, оларды талдау негізінде екі деңгей – 
институционалды және бағдарлаушы - бөлініп шығады. 
Институционалды қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал 
бағдарлаушы шынайы саяси құрылымды, саяси мәдениетті зерттеуге 
баса назар аударады. мен элементтері. (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. 
Алмонд және т.б.).
Саяси жүйе түсінігі. 
Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мәнге ие: а) саяси 
жүйе түрлі саяси феномендердің қасиеттерін анықтауға, сипаттауға 
көмектесетін теориялық, ойлау құралы ретінде түсіндіріледі. Осы 
тұрғыда бұл категория саясишынайылықтың өзін көрсетпейді, саясатты 
жүйелік талдау құралы болып табылады (партиялар, мемлекет, саяси 
мәдениет және т.б.); б) саяси жүйе — ол қоғамдағы биліктің 
қалыптасуы менқызмет етуінің шынайы күрделі механизмі. Бұл 


механизм мемлекеттен, партиялардан, саяси бірлестіктерден, БАҚ, 
электораттан және т.б. тұрады. Осылайша, қоғамның саяси жүйесі - ол 
нақты қоғамдағы саяси тәртіптің тарихи дәстүрлері мен 
ұстанымдарына, саяси, әлеуметтік, құқықтық, идеологиялық, мәдени 
нормалардың ережелеріне бағынатын, қоғамның саяси ұйымдарының 
қағидаларының, процестерінің, саяси институттардың, саяси рөлдердің, 
қатынастардың бүтін, ретке келтірілген жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет