Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️

 
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 15 
1. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. 
Биліктің деңгейлері 
.. ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 15 
Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. 
Биліктің деңгейлері. 
[19.03, 15:17] Aruzhan 🪐: Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның 
саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси 
билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек 
мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, 


кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа 
элементтері арқылы да жүргізіледі. 
[19.03, 15:19] Aruzhan 🪐: Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті 
жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, 
мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар 
мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті 
қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен 
айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. 
[19.03, 15:21] Aruzhan 🪐: Биліктік қатынастар екі тараптың — билік 
құрушы мен оған бағынушы тараптың қатынастарына негізделген. 
Биліктің белсенді бастауы оның субъектілерінен — нақты адамдардан, 
ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, тұтас алғанда халықтан көрініс 
табады. Саяси элита мен лидерлер үшін биліктік функцияларды іске 
асыру олардың кәсіби міндеті деуге болады. Билік объектісі биліктік 
қатынастардың екінші, пассивті тарабы болып табылады. Қоғамдық 
дамудың қажетті бағдарламаларын жүзеге асырудан көрініс табатын 
билік ету табыстылығы осы екі тараптың өзара әрекеттесу сипатына 
тәуелді. Субъект-объектілік қатынастардың өзіндік 
ерекшелігі тұрғысынан билікті субъектінің өз қалауына сай обьектіні 
бағындыра алу қабілеті деп түсіндіруге де болады. 
[19.03, 15:22] Aruzhan 🪐: Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам 
мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, 
субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. 
Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-
мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, 
саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің 
арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі 
нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. 
Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын 
иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық 
тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға 
қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер 
болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал 
ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” 
құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті 
материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — 
биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды 
туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демографиялық 
ресурс ретінде бағаланады.[2] 
2. Саяси даму және модернизация. 
. 2)Саяси даму және модернизация. 
[19.03, 15:25] Aruzhan 🪐: Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен 
мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің 
ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта 


отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір 
дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның 
барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-
құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге 
әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару 
тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының 
жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі 
және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі 
[19.03, 15:26] Aruzhan 🪐: Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта 
қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге 
бағытталған мемлекеттің саясаты. 
Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита 
мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын 
сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған 
әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, 
саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси 
күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси 
мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, 
саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, 
оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-
қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің 
теориялық түрғыдан шешілуі 
Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы 
қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты. 
3. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу. Аномия мен 
қоғам. 
. 3)Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу. Аномия мен 
қоғам. 
[19.03, 15:29] Aruzhan 🪐: Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) 
- жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы 
ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; 
қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның 
мінез-кұлқы.[1] 
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік 
ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-
қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен 
қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік 
ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау 
және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. 
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның 
құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым. 


Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады: 
қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын 
ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум; 
әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың 
жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы; 
адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан 
айырылуы; 
мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет