Энергетика және машина жасау институты


Пластмасса негізгі қолданылу саласына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады



бет2/2
Дата08.04.2023
өлшемі51.17 Kb.
#471942
1   2
CРС 2 Жақсылық Ерасыл

Пластмасса негізгі қолданылу саласына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Конструкциялық.

  • Электр және радио техникалық.

  • Антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылық.

  • Дыбыс және жылу оқшаулағыштар.

Әр алуан материлдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес, шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың арасынан берік те жеңіл. мөлдір және сынбайтын, электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен немесе өте жоғары, тағы басқа материалдар да бар.
Конструкциялық пластмассалар электроника мен электротехникада, космонавтикада, электронды есептеу машиналарында, автомобиль құрылысында, тағы басқа салаларда қолданылады.
Пластикалық массаны өңдеу арқылы алынатын өнімді пайдалану зор экономикалық тиімділік береді. Металды пластмассамен алмастыру оны үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі бөлшектер мен бұйымдардың қызмет ету уақытын біршама ұзартады.
Бөлшектерді пластмассадан жасау металл мен ағаштан жасағаннан оңайға, әрі арзанға түседі.
Заводта бір шойын бөлшекті дайындау үшін бұрын 23 операция жасалатын. Шойынды пластмассамен айыр бастағаннан кейін керекті бөлшекті даяр қалыпқа құйып шығара алатын болды. Бұдан бұйымның салмағы үш есе кеміп, соның нәтежесінде цехтың ауданын кішірейтуге мүмкіндік туды.
Пластмасса металды алмастырып қана қоймайды, оған жақсы қасиет те береді. Пластмасса бөлшектері приборлардың шуын 50-75 процентке дейін азайтады.
Қазір көптеген машина, прибор бөлшектері капроннан жасалады. Мұндай бөлшектер ұзаққа төзеді және арзанға түседі.Орта есеппен алғанда капронның бір тоннасы 3-5 тонна болат пен 6-7 тонна қоланың орнына пайдаланылады.
Химия өнеркәсібінде қолданылатын винипласт құбырларының бағасы пайдалану мерзімінің ұзаруы нәтижесінде болат құбырынан 10 есе, қорғасын құбырынан 30 еседей арзанға түседі.
1938 жылы АҚШ-та алғаш рет мойынтірекке (подшипники) арналған шарлар, киім, балық ауларын және теннис ракеткаларының ішектерін және т.б. заттарды жасайтын нейлон алынды. Оны жасауға Нью-Йорк және Лондон ғалымдары қатысқандықтан, оның аты осы екі қаланың «Nylon» алғашқы әріптерінен құралған.
Дегенмен көптеген жасанды материалдар, соның ішінде пластмассалар табиғатта ыдырамайтындықтан, қоршаған ортаны ластауда. Сондықтан қазіргі таңда ғалымдар тікелей шикі мұнайдан өндірілмейтін, экологиялық таза пластмассаларды жасау жолында белсенді қызмет атқаруда

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ы.Қ.Тойбаев , Қ.А.Жұбанов , Ү.Ә.Садықов , Ә.Қ.Қоқанбаев « Химиялық технология негіздері », Алматы « Қазақ университеті » 2008. 247-258 б
2.Ж.Қ.Қайырбеков , Е.А.Әубәкіров , Ж.К. мылтықбаева « Жалпы химиялық технология », Алматы « Қазақ университеті » 2009. 237-240 б

ФКазҰТЗУ706-06.БАӨ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет