Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері Жоспары



бет1/3
Дата09.11.2019
өлшемі58.64 Kb.
#447415
  1   2   3
Теориялык грамматика

ӘЖIНИЯЗ АТЫНДАҒЫ НӨКIС МЕМЛЕКЕТТIК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ГРАММАТИКАСЫ
ПӘНIНЕН ЛЕКЦИЯ МӘТIНДЕРI





Н Ө К I С- 2017

Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері

Жоспары:

1.Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері туралы

2.Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына.

3. Бір-бірінен айырмашылығы мен байланысы.


Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның атауы болса, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да сол ұғымды білдіретін белгі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасқандықтан бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы: тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы -әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаш деп көз алдымыздағы белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ жалпы ағаш атаулыны да атай береміз.

Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы, әдетте лексикалық я тура мағынасы деп аталады.Тілдің сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады.

Тіліміздегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық тұрғыдан қарап, соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мысалы: Кен асылы - жерде, сөз асылы - елде. Елде болса ерінге тиер~ Ауылда болса ауызға тиер. Тау тауға қосылмас, адам-адамға қосылар деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерінге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөздерін грамматикалық тұрғыдан салыстырып топтауымызға әбден болады. Мысалы: жерде, ауылда, елде, ерінге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық болса да, бұл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аңғару қиын емес, бұл сөздердің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жалғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адамға сөздеріндегі жалпы грамматикалық мағына барыс септігінің жалғауы арқылы топтанып айтылып тұр. Жалпы грамматикалық мағыналары жағынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап бір топқа бөлеміз.

Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-қозғалысты білдірулерімен байланысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бұл жалпы мағына оларға жалғанып тұрған есімшенің -ар, -ер қосымшасынан тіпті айқын көрініп тұр. Сондай-ақ осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген тәріздендіріп бірдей өзгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бұл сияқты сөздердің бәрі де етістік деп аталатын сөз табы категориясына жатқызылады, өйткені олардың әрқайсысына есімше, көсемше, етіс, шақ секілді грамматикалық категориялардың қай-қайсысы да жат емес.

Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланысатын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сондай-ақ жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.

Лексикалық мағынада, грамматикалық мағына да бір сөздің бойында жарыса өмір сүре береді. Мысалы: Бала баланы көрсін деген сөйлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сөздің лексикалық мағынасы бір болғанымен, грамматикалық мағыналарында өзгешеліктер бар. Бұл екеуінің грамматикалық мағыналарындағы жалпы ұқсастықтар мыналар:екеуі де зат есім, екеуі де жекеше мағынаны білдіреді. Ал ол екеуінің грамматикалық мағыналарындағы өзгешелік сол екі сөздің сыртқы түрлеріндегі айырмашылыққа байланысты .Әрине, бала сөзінен баланы сөзінің -ны бөлшегі артық.Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сыртқы түріне ғана емес, грамматикалық мағынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек баланы сөзінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағынасынан басқа қосымша табыс септіктің мағынасы да бар.

Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматкиалық мағына дейміз.

Грамматкиалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады. Мысалы: Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес, олардың тұлғаларында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздерінің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да айырмашылықтар бар.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, дәл, т.б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жұпыны, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, дәл деген сөздер жақсы жұпыны, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін граммтикалық мағына үстеп тұр.

Тіліміздің грамматикалық құрылысы жүйелі сала-сала граммтикалық құбылыстардан тұрады. Ал сондай әрбір грамматикалық құбылыстың екі жағы болады: біріншісі-сол құбылыстың белгілі ұғымды я түсінікті білдіретін ішкі жағы демек мазмұны яғни грамматикалық мағынасы, екіншісі-сол мазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны қалай я не арқылы білдіретін сыртқы жағы, демек, грамматикалық тәсілі.

Грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына грамматикалық құбылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы.

Міне сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.

Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма болса да оның өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Тілдегі сөздердің грамматкиалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солардың жинағынан тілдің грамматикалық құрылысы туады.

Грамматикалық категория ретінде танылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және сол мағынані білдіретін дербес грамматикалық формасы болуға тиіс. Мысалы тәуелдік категориясының қазақ тілінде және жалпы басқа түркі тілдерінде өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грамматикалық формасы бар. Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грамматикалық категориялар ішінара морфологиялық және синтаксистік категориялар болып екіге бөлінеді. Грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді дел синтаксис тарауы синтаксистік категорияларды тексереді. Морфологиялық категория деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналарды айтамыз. Мысалы: Жар қабаққа иін тіресе салынған сарайлар, мастерскойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, ұзын-ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне ұқсайды деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөз дерімен салыстырсақ әрин, олардың сыртқы морфологиялық формаларынан көптік мағына жеке я даралық мағына аңғарылады.

Тілдегі өзіне тән грамматкиалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматкиалық категория деп аталады. Тілден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс болмайтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмір сүре алмайды. Өйткені сөздің өзі болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы да, өзгерісі туралы сөз болуы мүмкін емес. Сондай-ақ жалғанатын негіз болмаса қосымшалардың бірде-біреуі өздігінен тұрып ешқандай мағына да бере алмайтыны оның қызмет атқару қабілеті де болмайтыны былай тұрсын, өздері де болмас еді. Солай болса грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі сөз таптарына тән оларға телулі болады.

Әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998ж.

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы,1992ж.

3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы,1993ж.

4. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003ж.


Сөз тіл білімінің обьектісі

Жоспар


1. Морфология-сөз және оның формалары туралы ілім

2. Сөз тіл білімінің обьектісі

Тірек сөздер: Морфология-сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы қарым-қатынасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.

Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін я жеке сөздерді, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды. Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып жіктелгенімен, олар да іштей бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті екеуі бір бүтіннің екі бұтағы сияқты. Мысалы: Қызы едім Есімбектің атым Шұға~ Басталды бұл өлкеге атым шыға (Б.Майлин) деген сөйлемдердегі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді әрине морфология өз тұрғысынан, синтаксис өз тұрғысынан талдайды. Ал ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология синтаксистің ішіне еніп кетсе, синтаксис морфологияның ішіне еніп кетеді, демек, ол екеуі бір-біріне жәрдемдесіп, өзара селбесіп отырады.

Морфологияның зерттеу обьектісі-сөз. Сөз дегеніміз қыры мен сыры мол күрделі грамматикалық категория. Белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз. Әрбір сөздің бір-бірімен байланысты екі жағы бар: оның бірі-сөздің сыртқы дыбыстық жағы, екіншісі сол дыбыстық жағы арқылы көрінетін я айтылатын ішкі мазмұны, мағына жағы.

Морфология сөзді оқшау алып қарамайды, оны басқа сөздермен байланысты қарап барып, олардың қарым-қатынастарын анықтайды. Бірақ морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру сияқты амал-тәсілдер -әрі әбден қалыптасып орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыстар. Сол себептен морфология тіліміздегі әрбір жұрнақты, әрбір жалғауды я болмаса басқа бір морфологиялық құбылысты және олардың әрқайсысының формасын тілдің жүйесімен байланысты, сол жүйеден тарайтын және сол жүйеге барып тірелетін заңды құбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елжіреп (Абай)~ Екі атты таныған Абайдың көңіліне ол аттың иелері түсті (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі бірінші сөйлемнен қой және қойшы сөздерін,екінші сөйлемнен атты және аттың сөздерін өзара бір-бірімен салыстырып және қойды, қойға, қойдан, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, атшы, атшылар сияқты сөздердің өзгерген түрлерімен салыстырып қарасақ, олардың әрқайсысы әрі тіліміздің бүкіл грамматикалық жүйесінен тарайтын, әрі сол жүйеге сарқылатын өзара бір-бірінен байланысты грамматикалық құбылыстар екенін мойындаймыз.

Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым сөзден сөз тудыратын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдерді де, сондай-ақ сөзге қосымша мағына жамайтын тәсілдерді де қамтиды.

Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына және қызметтеріне қарай топ-топқа бөліп топтастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның міндеті.

Әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998ж.

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж.

3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1993ж.

4. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003ж.

Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы

Жоспар

1.Сөздің синтетикалық формалары



2. Аффиксация арқылы

3. Дыбыстардың алмасуы

Тірек сөздер: Сөзге әр түрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілердің, етікшілері, етікшілерміз, орыс тілінде стол-столы, ағылшын тілінде 5ablі (устел)-5ablіs (устелдер). Сөздің синтетикалық формаларын жасаудың аффиксация жолы тіл-тілде суффиксация, префиксация және инфиксация түрінде кездеседі. Оның бір ақ түрі суфиксация түрі ғана қолданылады. Сөз түрлендіретін және оның формаларын тудыратын аффикстердің ішінде әсіресе жалқаулардың қызметі айрықша. Олар сөздің формаларын жасайды, әр түрлі синтаксистік қатынастарды білдіреді. Жұрнақтардың ішінен кейбіреулері сөздің формасын тудырады. Мысалы, -рақ, -рек, -ырақ, -ірек жұрнағы сын есімнің салыстырмалы шырай формасын тудырады.

2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флекция тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде тап-таз есімнің жекеше түрін білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі теп зат еісімнің көпше түрін білдіреді.

Сөздің синтетикалық формалары ішкі флекция тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде cast-«қонақ» дегенді білдірсе, оның аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы- cast «қонақтар» дегенді білдіреді.

Сөздің аналитикалық формалары

Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасаады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негігі морфемаға барабар қызмет атқарса көмекші сөз ір түрлі көмекші морфемаларға яғни аффикстеррге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр деген негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесіндегі компоненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес бір сөздің күрделі формасы ретінде ұғынылады. Негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз-келе деген етістік, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ал көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып соларға тән қызмет атқарып тұр. Келе жатыр дегеннің құрамындағы көмекші етістікті үйде жатыр деген тіркестің құрамындағы негізгі етістікпен салыстырсақ, ал етістіктің өзінің лексикалық мағынасынан айрылып дербестігін қоншалықты жоғалтқаны айқын аңғарылады. Осы ұрғыдан алғанда келе жатыр деген форманы келеді-келмек-келіпті-келген дегенмен бір қатарға қойып, соңғыларын шақтың жалаң формасы, ал келе жатыр дегенді шақтың, соның ішінде осы шақтың күрделі формасы деп қараймыз.

Сөз тіркесінің грамматикалануы барысында оның құрамындағы сыңарлардың біреуінің лексикалық мағынасы күңгірттеніп. Атауыш сөзден көмекші сөзге, ал сөздердің бүтіндей тобы сөздің грамматикалық формасына (аналитикалық формасына) айналады.

Тіл білімінде сөздің аналитикалық формалары туралы мәселе көбіне-көп индоевропа тілдеріне қатысты қарастырылып келеді. Академик В.В.Виноградов орыс тіліндегі етістіктердің аналтикалық формаларын қарастыра келіп, аналитикалық конструкцияның қурамындағы көмекші етістіктердің, мысалы, буду деген көмекші етістіктің, өзімен тіркесіп айтылған тұйық етістікке келер шақтың мағынадан басқа ешқандай да қосымша лексикалық мағына үстемейтіндігін айтады. Сондықтан да буду читать екі сөздің немесе екі форманың еркін тіркесі емес. Бұл-читать деген етістіктің келер шағының бір ғана күрделі формасы, бір тұтас грамматикалық бірлік. Аналитикалық конструкция туралы мәселе проф.Гухманның еңбегінде неміс тілінің деректері негізінде баяндлады. Ол аналитикалық конструкцияны «Жартылай сөз бен толық сөздің ажыратылмайтын тұрақты тіркесі» (Жартылай сөз деген термин көмекші сөз деген мағынада) деп таниды. Оның пікірінше аналитикалық конструкцияның ажыратылмайтындығы, бүтіндігі лексикалық жақтан да грамматкиалық жақтан да көрінеді. М.М.Гухман неміс тіліндегі етістіктердің аналитикалық конструкциясына тән төрт белгіні атайды. Ол белгілер мыналар:

1. аналитикалық конструкцияның сыңарларының өз ара тығыз байланыстығы, бөлініп ажыратылмайтындығы,

2. Білініп ажыратылмауға негізделген «идиомалылығы»

3. Етістіктердің күллі лексикалық жүйесін түгел қамтитындығы

4. Етістіктің өз ара шартас формаларының жүйесіне парадигматикалық қатардың элемент ретінде енетіндігі

Проф.В.В.Ярцева аналитикалық конструкция туралы мәселені ағылшын тіліндегі деректердің негізінде зерттей келіп, аналитикалық конструкцияға тән басты белгілердің қатарына оның тұрақтылығын, етістіктер жүйесін түгел қамтитындығын парадигма жүйесіне енетіндігін жатқызады.

Түркі тілдіренде сөздің аналитикалық формасы соның ішінде етістіктердің аналитикалық формалары, соңғы жылдарда арнайы зерттеле бастады. Бұл ретте А.А.Юдашевтың «Түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген еңбегі мен Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген диссертациясын атауға болады.

А.А.Юлдашев аталған еңбегінде түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формасын толық мағыналы етістік пен белгілі бір көмекші етістік формасының грамматикалық мағына арқылы тұтасқан бірлестігі деп таниды да, ондай грамматикалық мағына, біріншіден-тұтасып келген құрылымдық элементтердің бірде-бірінде емес, олардың тұтасқан тіркесінде пайда болатындығын, екіншіден оның тұрақты және ондай тіркестің, етістік негізінің лексикалық мазмұнына қарамастан, бәріне бірдей ортақ болатындығын, үшіншіден басқа бир форманың стилистикалық варианты немесе етістіктің грамматкиалық жүйесінде немесе етістіктің грамматкиалық жүйесінде дербес мағыналық единица бола алатындығын айтады.

Сөз формасы деп оның морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің (морфемалардың), синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір - бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер де бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де, екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де, бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы жасалған құрама сөздер де, бірнеше түбірден қысқарып құралған сөздер де бар.

Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер деп екіге бөлініп, жалаң сөздерге түбір сөз бен туынды сөздерді, күрделі сөздерге біріккен сөздерді, қос сөздерді, қысқарған сөздерді жатқызады. Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі негізгі түбірі бар сөзді айтамыз.

Қазіргі түбірлердің бәрі де-лексикалық, грамматикалық және дыбыстық жақтарымен тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де жұмсала береді. Мысалы: ол, бұл, кет, ас, ат, шаш, сіз, үміт, оян, жан, жақ, жалын, жалқы, жалғыз, қайт, қайыр сөздерінде осы қасиеттердің бәрі де бар. Бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда түбір бірте-бірте мағына жағынан да, дыбыстық жағынан да дамып қалыптасады. Мысалы, қазіргі кез тұрғысынан қарағанда жақ, жан, жалын, жалаң, жалқы сөздері түбір сөздер. Ал тарихи тұрғыдан алсақ осылардың бәрі де туынды сөздер, өйткені жан, жақ, жа сөздері -н, -қ, -л, - ын қосымшалары арқылы жа деген түбірден туған. Демек ертезамандарда түбір есебінде қызмет еткен бұл морфемалар кейінгі замандарда көнеріп, туынды сөздердің құрамына еніп, ол құрамнан бөлшектенбейтіндей күйге жеткен де, жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге айналған. Осындай көнеленген сөздер көнеленген түбірлер деп аталады.

Сонымен түбір деп әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөз деп әдеттеморфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді айтамыз. Туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалар болуы шарт. Мысалы: малшы, малшылық, құрама, құранды т.б. Сөйтіп туынды сөздер деп жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен туынды сөздер деп грамматикаларда кейде туынды түбір деп те аталады. Мысалы: Көкше көктен де көгілдір деген сөйлемді алсақ, ондағы Көкше, көктен, көгілдір дегендердің үшеуі де бірдей туынды сөздер емес. Бастапқы түбірі көк болғанымен ондағы туынды сөздер көкше және көгілдір дегендер ғана. Ал көктен деген туынды сөз емес, жалғаулы сөз ғана. Туынды сөз тек түбірден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің өздерінен де өрби береді. Мысалы: біл, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсақ, бәрінің де түбірі-біл. Бірақ ол түбірден тікелей туған сөз-білім деген ғана. Қалғандары туынды сөздерден өрбіген (білімпаздық).

Туынды сөздер жұрнақ арқылы жасалғанымен, жұрнақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейді. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қай-қайсысына болса да, жалғана берсе, кейбір жұрнақтар бір-екі сөзге ғана жалғанып көнеленіп қалады да басқа сөздерге жалғанбайды. Бір алуан сөздерге жаппай жалғаныла беретін жұрнақтарды тірі жұрнақтар дейміз де, бірді-екілі сөзге ғана жалғанып орнығып, қалыптасып қалған жұрнақтарды өлі я көне жұрнақтар дейміз. Мысалы: ойпат, киіт, кент, жент, тоңазы, шынтуайт дегендердегі -пат, -іт, азы, -нт, -туайт жұрнақтары өлі жұрнақтар.

Тірі жұрнақтар да кез келген сөздерге жапа-тармағай жалғана бермейді. Көне жұрнақтар бірлі-жарымды сөздерге жалғанса, тірі жұрнақтар өздерінің жаңа сөз тудыру қабілетіне қарай, сөздердің семантикасына, мағынасына қарай белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерге жалғана береді. Мысалы: -шы,-лы деген тірі жұрнақтарды жалғап: сушы, малшы, кенші, сулы, малды, үйлі деген сияқты сөздерді жасауға болады. Бірақ осы сөздерге -қы,-кі,-ғыш,-қыш жұрнақтарын жалғауға болмайды.Өйткені бұл жұрнақтар бір сөз табына жататын сөздерден екінші сөз табына жататын сөздерді тудырады.

Жұрнақтың туынды сөзге қосатынүлесі оған тән болып қалыптасқан формасына, мағынасына, қызмет атқару қабілетіне байланысты.Мысалы: -лы,-лық, -ла, -лас, -шы, -шылық жұрнақтарын алсақ, олардың өздеріне тән формалары, өз мағыналары, қабілеттері бар. Ендеше қанша жұрнақ болса, олардың әрқайсысының өз формасы, өз мағынасы, өз қабілеті болады. Сөйтіп, туынды сөздің мағынасы өзінің құрамындағы түбірдің мағынасымен де жұрнақтың мағынасымен деіштей байланысып барып, біртұтас қасиет-қабілетке иеленеді.

Әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998ж.

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж.

3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1993ж.

4. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003ж.


Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.

Жоспары:

1. Қазақ тілінің грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері

2. Грамматиаклық ұғымдар туралы түсінік.

3. Грамматикалық мағына.

4. Грамматикалық форма.

5 Грамматикалық категория.


Тірек сөздер: Грамматикалық единица (морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем) олардың ара қатынасы мен байланысын айқындауға және оларды бір жағынан тіркестіріп ұйымдастыратын, бір жағынан тіркестіріп ұйымдастыратын, бір жағынан ажыратып саралайтын қуралдарды айқындауға қатысты грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, форма, тәсіл және категория туралы ұғымдар енеді.

Грамматкиалық мағыналар сөздердің арасынағы әр түрлә қатынастар тіл-тілде түрлі грамматкиалық қуралдар (морфологиялық және синтаксистик) амал тәсілдер арқылы беріледі.

Грамматкиа мағынларды білдіру тәсілдерінің бірі-аффиксация тәсілі. Сөздің түбіріне не негізіне аффикстердің жалғануы арқылы грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілі аффиксация тәсілі деп аталады. Аффиксация тәсілі грамматкиалық мағыналарды білдіру де әртүрлі тілдердің бірі-қосарлану тәсілі түркі тілдерінде жиі ушырасады.

Қосарлану тәсілінің білдіретін мағыналары:

1 Жинақтылық жалпылық мағына қолды-қолына, жан-жандар, бақа-шаян

2 Болжамды мағына: бірін-ертең

3. Жіктеу топтау, даралау саралау мағына: қолды-қолына, лек-легімен

Грамматикалық тәсілдердің бірі-көмекші сөздер тәсілі алуан түрлі тілдерде ұшырасады. Көмекші сөздер атауыш сөздер мен тіркесіп сөз бен сөзді сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды алуан түрлі грамматкиалық мағыналарды білдіреді. Көмекші сөздердің бәрә-жалғаулықтар сөйлем мүшелерінің арасындағы және құрмалас сөйлемдердің аралығындағы салаластық қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар арқылы білінетін ондай қатынастар ыңғайлас мәнді, қарсылықты мәнді, талғау мәнді болуы мүмкін. Көмекші сөздердің бәр-тура-демеуліктер күшеуті мағынасын, сұрау мағынасы, менсінбеу, кемсіту мағынасын сенімсіздік мағынасын, әртүрлі көңіл күйін. Мысалы, өкіну, шошыну, үрейлену, сүйсіну мағынасын т.б. мағыналарды білдіреді. Көмекші сөздердің бір түрі-көмекші етістіктер негізгі етістікпен тіркесіп, әр түрлі грамматкиалық мағыналарды білдіреді. Көмекші етістік негізі етістік пен тіркескенде, негізгі етістік белгілі формада (көсемше не есімше формасында) қолданылады да, көмекші етістік аффикстер жалғану арқылы түрленіп негізгі етістік пен тіркескен күйінде жекелік-көптік, жақтық, шақтық және т.б. грамматкиалық мағыналарды білдіреді.

Грамматкиалық тәсілдердің бірі-интонация сөйлемдердің айтылу мақсаты мен интонациялық өзгешеліктеріне байланысты түрлерін бір-бірінен ажыртатын тәсілдермен берілетін тілдер бар.

Грамматикалық тәсілдердің қатарына орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де енеді. Орын тәртібі-сөз түрлендіруші формалары аз. Ішкі флекция-түбірдің дыбыстық құрамы өзгеруі арқылы грамматкиалық мағыналарды білдіру тәсілі. Бул тәсіл неміс тілі мен ағылшын тілі, орыс тілі мен араб тілінде кездеседі.

Екпін тәсілі-тиянақсыз тілдерде сөздің формаларын және осыған орай, сөздің грамматкиалық мағыналарды ажырататын тәсіл ретінде қызмет етеді.

Грамматикалық өте маңызды, әрі күрделі мәселелердің бірі-грамматкиалық форма. Граматикалық форма туралы ұғым грамматкиалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы уғымдармен тығыз байланысты.

Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма мен айтылады. Ал, грамматикалық тәсіл грамматкиалық мағынан грамматкиалық форма арақылы білдрудің жолы болып саналады. «Грамматикадағы форма өз-ара бірлікте болатын грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсілдердің ара қатысы» Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматкиалық мағына мен грамматкиалық формасы бір-бірі мен тығыз байланыста болады. Белгілі бир форма болған жағдайда ғана, мағына жайында сөз ете аламыз. Сөз әртүрлә тәсілдер мен түреніп, әлденеше формаға ие болады.

Грамматикалық маңызды ұғымдардың бәрә грамматикалық категория. Грамматикалық категория туралы ұғымдар мен уштасып жатады. Олармен әрқашан тығыз байланыста болады. Себебі:

1. Грамматикалық мағына, грамма тикалық категориядан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматкиалық категориянық құрамында өмір сүреді.

2.Грамматикалық категория грамматкалық формамен тығыз байлнысты. Қандай да бир грамматкиалық категория болмасын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде 2 түрлі формада көрінуі шарт.

Мыс: 1 ғана салыстырмалы шырай өзлігінен шырай категориясын құрай алмайды. Сын есімнің шырайы грамматкиалық категория ретінде танымды үшін, салыстырмалы шырайдан басқа жай шырай күшейтпелі. Шырайлардың болуы және шырайдың бул түрлері әр түрлі формалар мен берілуі шарт. Сонда ғана сын есімнің шырайлары грамматкиалық категория ретінде танылады.

«Грмматикалық категория-сөйлемдегі сөздердің тіркесі мен сөздерге тән және мұнымен бірге сол сөздердің жақтылы мағыналарынан дерексізденген жалпылауыш сипаты бар грамматикалық мағына. Грамматикалық категориялардың жалпылаушы сипаты 1 сөз емес көптеген сөздерге тән болуынан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет