2 суреттер Рефлексия беру сәттері
Коучингте айтарлықтай орын алған кемшіліктер болған жоқ. Сондықтан табысты өтілген коучингтің нәтижесін бақылау мақсатында осы әдістер нақты әрекетте қалай жүзеге асатынын көру үшін коучыммен бірге шығармашылық топ мүшелерінің сабақтарына қатыстық. Алдыңғы сабақта кемшілік жіберген әріптесіміз Н.ның кейінгі сыни ойлау әдістерін тез меңгергеніне, сабағында тиімді қолданғанына қарап, үшінші коучингтің сәтті өткеніне көз жеткіздік. Шығармашылық топ құрамындағы әріптестеріміз С., Д., Г. да өз сабақтарында жоғарыда аталған сыни ойлау модулінің белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтарына «жанды әрекет» енгенін, оқушы жаңа сабақтың өзін дайын мәтінді оқу арқылы емес, болжау арқылы жақсы түсінгенін, өз болжамдары мен автор идеясын салыстыра отырып, сыни ойлауды үйренгендерін кері байланыс парағына жазды.
Сабақтарда көрініс тапқан сәтті әрекеттер:
Коучингте көрсетілген жаңа тәсілдерді әріптестер тез меңгерді;
Қолданысқа енгізгенде тиімді қолдана білді;
Оқушылар тарапынан белсенділік пайда болды;
Әріптестер оқыту үшін бағалау әдістерін ерекше қызығушылықпен қабылдады;
Шығармашылық топ құрамынан сырт әріптестер қызығушылық танытып, өзгерісті ашық қабылдады.
Сабақтарға сыни баға беру барысында анықталған сәтсіз әрекеттер:
Әріптесім С. оқыту үшін бағалаудың кейбір тәсілін әлі де үстірт қолданады;
Оқушылар топтық жұмысты бағалауда табыс критерийлерін құра алмады;
Оқушылар топтық жұмысқа толық тартылмай қалған сабақтар кездесті;
Өзгеріс деген жаңа стратегия қолдану деп түсініп, өте көп стратегияларды бірінің нәтижесін көрмей тұрып үстемелеп қолдана берген сабақ та болды.
Сәтсіздіктердің алдын алып, орнын толтыру үшін коучым А. сабақ көрсетті. Сабаққа қатыса алмаған екі әріптесімізге сабақтың бейнежазбасын көрсету арқылы, ондағы әдістерге талдау жасадық. Оқыту үшін бағалауда қолданған әдістерінің бірі "Бағдаршам" қалай жүзеге асқанын көрсеткенде әріптестер енді тәжірибеге қолдануды үйрендік деп мәлімдеді.
6 апта бойы жүргізілген мектептегі тәжірибе кезеңінің қорытындысы ретінде төртінші коучингті «Оқыту үшін бағалауға атқарылған жұмыстарға талдау және нәтижесі» деген тақырыппен коучым А. өтті. Алдыңғы есепте өтілу тәртібіне тоқталғандықтан тек сәтті және сәтсіз жағына тоқталсам, соңғы коучингтің сәтті жағы:
коуч болған әріптесім А.ның тәжірибесіне өзгеріс енді және мектептегі тәжірибесі сәтті өтті.
сыни ойлауда оқыту үшін бағалаудың тиімді әдістерін пайдаланудың жолдарын үйренді және білім сапасын көтеруге тигізетін әсерін әріптестер жақсы түсінді;
Өзгеріс қалай жүргені туралы әріптестердің сыни көзқарасы қалыптасты;
Өзгеріс енгізуде менің үлесім қандай? - деген сұраққа жауап беру арқылы өз-өздеріне сыни баға беріп үйренді;
Достарыңызбен бөлісу: |