3 сурет сабақтағы кездер
Тәлім алушының сабағын талдау барысында кәсіби әңгіме жүргізілді. Кәсіби әңгіме барысында оқыту үшін бағалау туралы тәлім алушыдан «Сабағың өзіңе ұнады ма, мақсатыңа жеттің бе, сен үшін сабақ барысында не ауыр, не жеңіл болды?» деген сұрақтар сұралдық. Көшбасшы арқылы топ мүшелерін бағалау жүзеге асқанын, жалпы өз тәжірибесіне елеулі өзгерістер енгізгенін айтты. Ал не ауыр болды деген сұраққа, үздік оқитын оқушылардың жылдамдығын есепке алмаған, қосымша тапсырмалар дайындамаған себебінен, олар үшін сабақ «өте жеңіл» болғанын, оқыту үшін бағалауда қолданған «2,1» стратегиясында кемшіліктер орын алғанын айтты. Тәлім алушы коучингтерге қатысу арқылы өзіне үлкен көмек алды, көзімен көре отырып, белсенді әдістерді үйренді, тәжірибесі толықты. Тәлім алушыға тәлімгерімен арада жүрген тәлімгерлік үдерісінің ол үшін қандай маңызы болғанын білу үшін «Мен не үйрендім, не білдім?» атты эссе жазып беруін өтіндім. Эссесін тәлімгер екеуміз оқи отырып, оның жүрек түкпірінен жазған шынайы пікірлерімен таныстық. Тәлім алушы: «Оқу барысында менің санамда мынадай күмәнді ой болды: өзгеріс енгізу құр сөз, ешқандай өзгеру болмайды, тек 1-2 ашық сабақ көрсетсем болды.» десе, эссенің аяқтағанда өзінің өзгергені туралы: Ең бастысы оқыту үшін бағалаудың әдістері оқушының оқуға қызығушылықтарын тудыратынын түсіндім деп жазған. Жалпы тәлімгер мен тәлім алушы арасында жүрген тәлімгерлік үдерісінің сәтсіз тұстарын тәлім алушы әрекеті арқылы жоғарыда көрсеткендіктен сәтті жақтарын ерекшелеп айтсам, төмендегідей:
4 сурет тәлімгер мен тәлім алушы
Тәлімгер тәлімгер болуды , тәжірибесімен бөлісуді үйренді;
Тәлім алушының кәсіби өсуіне ықпал ете алатынын түсінді;
Өзінің әрбір әрекеті үлгі екенін ескеріп, өзі білетін жаңа әдіс-тәсілдердің сырын әрі қарай дамытты;
Кәсіби әңгіме жүргізу тәсілін меңгерді;
Тәлім алушы топтық жұмыс ұйымдастыруды;
Сыни ойлаудың белсенді әдістерін қолдану тәсілін;
Сабаққа нақты мақсат қоюды, күтілетін нәтижелерді жоспарлауды;
С есебімде тәжірибе кезеңінде даму жоспарыма толықтырулар енгенін көрсеткем, енгізілген өзгерістердің аралық нәтижелерін ескеру негізінде мектепті дамыту жоспарына аздаған толықтырулар енді. Әсіресе, коучинг сессияларының аралық нәтижелерін талдаудан кейін қадамдар айқындалып отырды. Түйін ретінде айтарым – мектебім үшін маңызды деп таныған оқыту бағалаудың әдістері шынымен де оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізуге түрткі болды. Ата-аналардың келіп сабаққа қатысуынан, жазған пікірлерінен, оқушылардың берген сұхбаттарынан, әріптестердің рефлексияларынан оқушы мен мұғалім, ата-ана мен мұғалім, ата-ана мен мектеп арасында қарым-қатынастың жақсарғанын айқын көруге болады.
Өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңіндегі көшбасшылық қызметімде мен не үйрендім? Мен әріптестерді өзіме тартуды, қажет тұсында итермелеуді, қолдау көрсетуді, іс-әрекетке зерттеу жүргізуді, деректерді өңдеуді, басымдықтарды маңыздылығына қарай таңдауды, әріптестер әрекетіне сыни баға беруді үйрендім. Оқу үшін бағалаудағы жаңалықтарды оқыту тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету, бағалау және алдағы уақыттағы тарату, дамуды бақылау жауапкершілігі мектептің әкімшілігіне жүктелген жағдайда ғана үйлесімді жоспарланатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |