Сәтсіз жағы:
Коучингке кәсіби қоғамдастық мүшелері (мектеп директоры, әкімшілік)
қатысса, әріптестердің жаңа оқу жылымен қатар келген кедергілерге қарамастан құлшыныспен атқарған үлкен еңбектерін, өзгеріске ашық екендерін көретін еді.
Мектепте жүрген өзгерістің сәтті жағы ретінде жоғарыда аталған әдістердің ұнағанын шығармашылық топтан сырт өз қызығушылығымен әрбір коучингтен қалмай қатысып жүрген М. деген әріптесім де рефлексиясында толық жазып көрсетті.
Рефлексиялар мен сауалнамаларды сұрыптау, зерделеу, өңдеу, мониторингілеу барысында үшінші коучингтің берері мол болғанын, көзделген табыс критерийлерінің толық жүзеге асқанын анықтадық. Шығармашылық топ мүшелері оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақ жүргізген сынып оқушыларын «Оқушы үні» сұхбатына тартқанымызда, олар өздерінің сабақтарына енген өзгерістерді құптайтынын, дәстүрлі жүйеге қарағанда топтық жұмыста бірлесе жұмыс істеу, бір-бірінен үйрену, білімдерін толықтыру ұнайтынын жеткізді. А, есімді оқушы: «Бағдаршам» әдісі маған ұнады, себебі білмегеніңді бағдаршам түсімен қайта біліп алуға болады. Осындай сабақтар бола берсе екен» деп, өзгерісті құптайтындарын білдірген. Дәл осындай рефлексиялар өте көп, онда әріптестер мен оқушылар өзгерістің оқу үдерісіне тигізген әсері жайлы жақсы пікірлер келтірген. Әрбір рефлексияны назардан сырт қалдырмай, мүмкіндігінше келесі әрекетті жоспарлауға негіз ретінде есепке алып отырдым.
Енгізілген өзгерістің жағымды болғанын тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы кәсіби қарым-қатынастан да көруге болады. Тәлімгер ретінде әріптесім Д. тәлім алушының кәсіби өсуіне тәжірибесімен бөлісу арқылы ықпал етті. Әсіресе, тәлім алушыға шеберлік сыныбы ретінде сабақ көрсету арқылы сыни ойлау модулінің оқыту үшін бағалауға негізделген стратегияларын қолдану жолдарына бағыт берді. Тәлім алушы өз тарапынан үйренгенімен бөлісу, тәжірибесін толықтыру, шыңдау мақсатында 3-сыныпта сабақ өтті. Сабақтың сәтті жағы деп, тәлім алушының құрбы-құрдастарын бағалау және күрделендірілген жауап алу, өзін-өзі бағалауды ұтымды қолданғанын, топқа тиімді бөлгенін, топ ережесін құрғызғанын сабақ барысында оқыту үшін бағалауды пайдалануға тырысқанын атауға болады. Алайда, сабақтың сәтсіз тұстары да бар:
Оқушылардың бір-бірін тыңдауына, яғни топтық жұмыс ережесінің жүзеге асуына толық мүмкіншілігінің жетіспеуі;
Бір-бірін бағалауда артық бағалаушылық әлі орын алуда;
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым –қатынастың шынайы сипатының көрініс таппауы;
топ мүшелері постер қорғағанда мардымсыз жауап айтса да мақұлдай беруі
Достарыңызбен бөлісу: |