5
|
Іс-әрекеттік
|
Ұлттық киімдерді жасауға қатысуы
|
ұлттық киім үлгілерін эскиздеуі; материалдарды конфекционерлеуі;
конструкциясын жасауы; ою-өрнектерді орналастыра білуі; кестелеуді орындауы;
технологиялық жүзеге асыруы; экономикалық тиімділігін сақтауы
|
ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды, технологиясын белсенділікпен атқарады. кестелеудің барлық түрін меңгерген.
|
ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды біледі, кестелеудің бірқатар түрін меңгерген.
|
ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды ішінара біледі, кестелеудің аз ғана түрін меңгерген.
|
ұлттық киім үлгілерін эскиздеу, материалдарды конфекционерлеу, конструкциясын жасау; ою-өрнектерді орналастыруды азырақ біледі, кестелеудің өте аз түрін меңгерген.
|
6
|
Нәтижелік
|
Ұлттық киім әзірлеуде нәтижеге қол жеткізуі
|
дербес ұлттық киім әзірлеуге белсенділік танытуы;
жеке топтама жиынтығын шығаруы; көрмелерге қатысуы;
халықаралық конкурстарға қатысуы; - еңбек етуге тұрақты қызығушылығы.
|
ұлттық киім үлгісін аса белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасаған, көрмелерге, халықаралық конкурстарға қатысқан; еңбек етуге тұрақты қызығушылығы қалыптасқан
|
ұлттық киім үлгісін белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасауға ұмтылысы бар, көрмелерге, халықаралық конкурстарға қатысуға ынтасы бар; кәсіпке қызығушылығы қалыптасқан
|
ұлттық киім ішінара белсенділікпен әзірлейді. жеке топтама жиынтығын жасауға ұмтылмайды, көрмелерге, қатысуға арасында ынталанады; пәнге қызығушылығы қалыптасқан
|
ұлттық киім үлгісін әзірлеуде белсенділік танытпайды, жеке топтама жиынтығы жоқ, жасауға ұмтылмайды да, ысы бар, ішінара пәнге қызығушылық танытады, білуге құмұлшынысы бар.
|
басқа мамандыққа ауысқысы келетіндігін білдірді. Студенттердің басым бөлігін ұлттық киім үлгісін әзірлеуді үйренгісі келетіндігін айтты, дегенмен олар осы әзірлеудегі еңбектің мәні мен маңызын терең түсінбейтіндігін байқатты.
Сондай-ақ, осы саладан кәсіби қызметін бастағалы тұрған, диплом жобасын қорғау алдындағы 4 курс студенттерінің болашақ кәсібіне қатынасын, ұлттық киім үлгісін әзірлеуге бағыттылығын, еңбекке көзқарастарын, еңбекке белсенділіктерін, еңбек жетістіктерін бағалау деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен тапсырмалар жауаптары олардың 37 %-ның кәсібіне жағымды қатынасын, оның мәнін түсінетіндігін, өз ісінде белсенділік танытатындығын, жетістігінің тек қана еңбекпен келетіндігін жете түсінетіндігін, кәсібінің қоғам үшін маңыздылығын білетіндігін білдірді, Олардың 28 % өзінің кәсібінің мәнін материалдық қызығушылықпен байланыстырса, 385 % бүгінгі таңда бұл кәсіптің беделінің басымдығын, осыған сәйкес өзінің атын шығару мен қызметтік өсуін қалайтындығын жасырмады. Айта кететін жәйт осы студенттердің басым бөлігінің ұлттық киім үлгісін әзірлеуге қызығушылықтарының бар екендігін, білгісі, әзірлегісі келетіндігін, бірақ оның мазмұны мен жасалу ерекшеліктері бойынша білім, іскерлік, дағдыларының жоқтығын айтты. Таңқаларлығы қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеуге қызығушылықтары бар студенттердің құрамында басқа ұлт өкілдері (орыс, татар, әзірбайжан және т.б.) де аз болған жоқ.
Сондай-ақ, студенттердің дипломдық жобасын қорғауда ішінара көрініс алған ұлттық киім үлгілерінің сапасы мен әзірленуі төмен деңгейде болды, оны студенттер арнайы білім, іскерліктерінің жетіспегендігінен, әсіресе ұлттық киімнің кестелеу өнерін жетік меңгермегендігінен, ұлттық киім әзірлеудегі халықтық дәстүрлерді білмейтіндігінен екендігін түсіндірді.
Анықтау эксперименті нәтижелерін ескере отырып біз студенттердің ұлттық киім үлгісін жасау арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру экспериментінің әдістемесін жасадық. Қалыптастыру эксперименті 3 кезеңнен тұрады.
Қалыптастыру экспериментінің 1-кезеңінде студенттердің қазақ ұлттық киімдері саласынан теориялық білімін кеңейту мақсатында «Бүкіл әлем киім тарихы» (1-курс), «Топтама бұйымдарын жобалау» (2-курс), «Көркем кестелеу» (2-курс) пәндері тақырыптарының мүмкіндіктері пайдаланылды. «Бүкіл әлем киім тарихы» пәнінен студенттерге қазақ ұлттық киімдерінің тарихы, атаулары, киімнің дамуына байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер, олардың ерекшеліктері, атқаратын қызметі меңгертілді, қазақ ұлттық киімдерінің тарихы мен мазмұны басқа ұлт киімдері тарихымен салыстырыла түсіндірілді. «Топтама бұйымдарын жобалау» пәнінде ұлттық киім формасын жобалау теориясы, композициясының заңдылығы, негізгі және типтік формалары, олардың эскиздерін, макеттерін құрастыру, графикалық бейнелеу әдістері, ұлттық киімдердің байырғы түрлері мен қазіргі типтерінің формаларын жобалау ерекшеліктері меңгертілді. «Көркем кестелеу» пәнінде кесте өнерінің тарихы, даму бағыттары мен қолдану аясы, киімге салынатын кесте түрлері, кестелеу технологиясына байланысты оның алуан түрлі қол тігіс түрлері (отызға жуық), оларға байланысты әдет-ғұрыптар, ырымдар, тыйымдар, кесте сызбаларын сызу мен композициясын құру үйретілді.
Нәтижесінде студенттердің ұлттық киімдерге сыйластықты көзқарасы мен жағымды қатынасы қалыптасты. Қазақ ұлттық киімдері саласынан мазмұндық-танымдық білімдері тереңдеді. Ұлттық киім үлгісін әзірлеуге әуестігі, оны білуге құмарлығы артты. Мұны студенттердің қазақ ұлттық киім үлгілері бойынша жазған рефераттары, эсселері, жобалаған эскиздері, сызбалары, макеттері, орындаған кестелері дәлелдеді.
Қалыптастыру экспериментінің 2-кезеңінде студенттердің эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, еріктік, іс-әрекеттік компоненттеріне бойынша деңгейлерін жоғарылату мақсатында «Материалмен жұмыс» пәнінде шапан үлгісін әзірлеудің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктері меңгертілді. «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» (Кесте 2) элективтік курсы оқытылды. Курс бағдарламасы 90 сағатқа (2 кредит) арналған, оның 22 сағаты – дәріс, 26 сағаты – СОӨЖ, 42 сағаты – СӨЖ. Курстың дәріс сабақтарында студенттердің қазақ ұлттық киімдері саласынан алған білімдері тереңдетілді, практикалық сабақтарында ұлттық киім үлгісін жасау іскерліктері мен дағдылары, шеберліктері шыңдалды. Олар өздері қызыққан, білуге құмартқан ұлттық киім үлгісін өз қолдарымен жасап, қиындығы мен қуанышын, нәтижесіне қол жеткізгенін сезінгенде олардың осы пәнге, өзі таңдаған кәсібіне қызығушылықтары арта түсті. Ұлттық киім үлгілеріне аялы қатынастары артты. Ұлттық киімдердің халық өміріндегі рухани және материалдық тұрғыдағы мәнін, қоғамдық маңыздылығын, мемлекет дамуындағы мәдениет көрсеткіштерінің бірі екендігін түсінді. Ұлттық
2-кесте - «Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» атты элективтік курс тақырып жоспары
№
|
Тақырып атауы
|
Дәріс
|
СОӨЖ
|
CӨЖ
|
1
|
«Қазақ ұлттық киімдерінің тағлымы» атты курстың мақсаты мен міндеттері, тапсырмалары.
|
1
|
1
|
-
|
2
|
Қазақ ұлттық киімдерінің шығу және даму тарихы
|
2
|
1
|
2
|
3
|
Қазақ ұлттық киімдерінің жіктемесі
|
3
|
3
|
4
|
4
|
Қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
|
1
|
2
|
4
|
5
|
Қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметтері
|
1
|
1
|
2
|
6
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мазмұндық ерекшеліктері
|
2
|
2
|
3
|
7
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің композициялық ерекшеліктері
|
3
|
4
|
7
|
8
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің техникалық ерекшеліктері
|
2
|
1
|
2
|
9
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің конструкциялық ерекшеліктері
|
2
|
3
|
7
|
10
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің технологиялық ерекшеліктері
|
3
|
6
|
9
|
11
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі еңбектің мәні мен маңызы
|
1
|
1
|
2
|
12
|
Қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеудің студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы рөлі.
|
1
|
1
|
|
|
Барлығы
|
22
|
26
|
42
|
киім үлгісін әзірлеудің күрделі де табанды еңбек арқылы жүзеге асатындығына аса мән берді. Есесіне студенттердің еңбек ету дағдылары артты.
Қалыптастыру экспериментінің 3-кезеңінде және «Іс тіге біл» студиясының (3-4 курс) бағдарламасы меңгертілді, өндірістік практика (3-4 курс), дипломдық жоба мүмкіндіктері пайдаланылды. Студия шеберханасында, өндірістік практика, дипломдық жоба жасау жұмыстары барысында студенттердің қазақ ұлттық киім саласынан меңгерген білімдері, іскерліктері мен дағдылары, шеберліктері дамытылды. Олардың осы игерген білімдерінің нәтижесін көрсетуге мүмкіндіктері туындады. Өздерінің қолдарымен дайындаған еңбек өнімінің өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, мемлекетке қуаныш, табыс әкелетіндігіне көздерін жеткізді. Еңбек етуге белсенділіктері артты. Мұны студенттердің Сән көрмелерінде, Сән апталықтарында, Сән подиумдарында иеленген жүлделі орындары (Нұржан Гүлмамыр, Сариева Айгүл және т.б.), дипломдық жобаларда орындаған «Әсем сызықтар», «ЕркеНаз», «Баян сұлу», «Кербез», «Арай» топтамалары дәлелдейді.
Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру процесінде жеке, топтық, ұжымдық ұйымдастыру формалары қолданылды. Оқытудың дәстүрлі әдістері ауызша (әңгіме, әңгімелесу, дәріс, баяндама, нұсқау, кеңес беру және т.б.), көрнекілік (иллюстрациялар, оқытудың техникалық құралдары, табиғи объекттер, әдістемелік кестелер және т.б.), практикалық (жаттығу, үлгімен жұмыс істеу, шығармашылық жұмыс және т.б.) әдістерді қолданудың мүмкін екендіктері анықталды. Сондай-ақ, инновациялық технологиялардың проблемалық оқыту, дамыта оқыту, ұқсастыру, модельдеу, ақпараттық технология түрлерінің мүмкіндіктері пайдаланылды. Мәселен, ұлттық киім үлгісінің композициясын жобалауды меңгертуде ақпараттық технологияның компьютерлік бағдарламаланған оқыту, материалды компьютердің көмегімен оқу, компьютер қоры негізінде оқу, компьютер қорымен оқыту, компьютер арқылы бағалау, компьютерлік коммуникация әдістері қолданылды.
Қалыптастыру эксперименті барысында эксперимент топтарындағы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру процесінде мынадай өзгерістер болды (Кесте 3).
Эксперименттік қорытынды нәтижесі бойынша студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру деңгейі анықталды. Эксперимент тобы бойынша, эксперимент басында cтуденттердің 1,3 % жоғары деңгей көрсетсе, соңында 11,2 %-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді 13,2 % көрсетсе, соңында 32,3%-ға жетті; орта деңгейді эксперимент басында 42,3 %-ға көрсетсе, эксперимент соңында 54,6% -ға артты, ал төмен деңгейді басында 43,2 % көрсетсе, соңында ол 2,2 %-ға төмендеді. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |