Кұсайынова Арман Сайлаубекқызы
ЗАМАНАУи КЕЗеҢДЕГІ ОПИСТОРХОЗДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
14.00.30 – эпидемиология
ТҮЙІНДЕМЕ
Нақты диссертациялық жұмыста Қазақстандағы описторхоздың клиникалық көріністерін және ағым нұсқаларының таралуын оқу бойынша көпжылдық (2000-2009жж.) кешенді клиникалық-эпидемиологиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері қорытылған. Мәселенің көкейкестілігі айқындалған және Қазақстанның солтүстік және батысындағы су көздерінде (жасандыларды қосқанда) описторхоздың кең таралуынан шығады, сонымен қатар қоршаған ортаның белсенді антропогенді өзгерісі инвазияның таралуына себеп тудырады және адамдардың зақымдану қаупіне алып келеді.
Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасындағы описторхоздың эпидемиологиялық анықтауы мен таралуы ерекшеліктерін анықтау нәтижесінде, диагностикалық, эпидемияға қарсы және алдын-алу алгоритмдерден тұратын тұрғындардың эпидемиияға қарсы қорғаныс кешенді жүйесін өндеу үшін арналған.
Зерттеу материалдары және әдістері:
Жұмыс Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, М. Айкимбаев атындағы карантинді және зоонозды инфекцияларының Қазақ ғылыми орталық базасында өткізілді. Зерттеуде эпидемиологиялық (ретроспективті эпидемиологиялық саралау, аурудың орташа көпжылдық көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында описторходың эпидемиялық үрдісін заңдылықтарын оқу), паразитологиялық, статистикалық әдістері , балықтардың инфекциялануын, олардың химиялық құрамын және тағамдық құндылығын қолданды.
Алынған нәтижелер:
1. Географиялық ақпараттық технологиялар қолдана отырып, адамдардың описторхозбен науқастану деңгейі бойынша Қарағанды облысы (аудандар бойынша) және Қазақстан Республикасы (облыстар бойынша) аумағының дифференциациясы өткізілді және эхинококкоз бойыша эпидемиялық ақпараттың атрибутивті және кестелік мәліметтер базалары құрылды. Описторхозбен науқастану (батыс-Қазақстан облысын есептемегенде) Ертіс өзенінің бассейні және оған келіп құятын өзендер, Обь-Ертіс метаошағында екені белгіленген.
2. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының тұрғындарының описторхозбен қөпжылды (2000-2009жж.) науқастану динамикасының талдауында, оның төмендеуі белгіленді, бірақ сонымен қатар оның белгіленген аумақтық бірқалыпсыздығы анықталған; берілген ауру бойынша жоғарыэндемикалық болып Павлодар, Батыс-Қазақстан, Қостанай облыстары табылады.
3. Описторхоз типтік табиғи-ошақты ауру болып табылуына қарамастан, Қарағанды облысының аумағындағы оның табиғи ошақтылығы әлсіз көрінеді және адамдардың науқастануы антропогенді әсердің артықшылдығына байланысты болып келеді (өнеркәсіп орталықтарын және ауылшаруашылық аудандарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған, мелиоративті жұмыстар, балық шаруашылығы бойынша жұмыстар). Қарағанды облысының аумағында описторхоздың бір-біріне байланысты табиғи ошақтары бар: Шідерті (Шідерті каналының гидроторабы), Нұра (Нұра өзенінің орташа ағысы) және Жезқазған (Сарысу және Кеңгір өзендері). Көрсетілген ошақтардағы ихтиофауна сәйкес келеді және язь, карась, плотва, лещ, красноперка, гольян атты карп тұқымдас абориген балықтары және Шідерті каналының гидротораптарына сазан, карп, ақ амур және тостолобиктер енгізілгендігінің артықшылануымен ұсынылған.
4. Қарағанды облысының ішінара құрғап қалған көлдерінің көпшілігі, ең бастысы тұзды көлдер (Қарасор, Қарақойын және басқалары), судың жоғары тұздылығына бейімделген балықтар және битинийлер залалданған описторхистар мекендейтін орын болып табылады және әуесқойлардың балық аулауына байланысты, адамдардың зақымдануының потенциалды қаупін көрсетеді.
5. Ошақтың қалыптасуына және паразиттік инвазия белсенділігіне әсер ететін басым көпшілігі медициналық-әлеуметтік және эпидемиологиялық факторлары болып тағамдану сипаты, қатар келетін аурулар – асқорыту жүйесінің патологиясы, жасы, тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайы болып табылады.
6. Описторхоз бойынша індетке қарсы шаралар және алдын-алуды жетілдіру үшін лабораториялық диагностика және емдеу мониторигінің алгоритмі, созылмалы описторхозбен науқасты динамикалық бақылау картасы әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |