40.Дезинсекция: анықтамасы, әдістері және тасымалдаушылармен күресу құралдары. Жәндіктер мен буынаяқтылардың эпидемиологиялық маңыздылығы.
Дезинсекция – инфекциялық ауруларды тарататын , тасымалдайтын жәндіктер мен шіркейлерді жоюға бағытталған шаралар. Бірақ буынаяқтарды түбегейлі жою мүмкін емес, сондықтан соңғы жылдары зиянды жәндіктердің санын санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жеткізу.
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
Алдын алу дезинсекциясы – жәндіктердің тіршілік етуіне және көбеюіне, тұрғын үйлерде таралуына жол бермеу.
Жоятын дезинсекцияда бірнеше әдістер қолданылады:
Механикалық әдісте тазалау, қағу, ұстау қолданылады.
Химиялық әдісте әртүрлі химиялық қосындылар қолданылады, яғни үркітетін, атраканттар, регуляторлар.
Физикалық әдісте төменгі және жоғарғы температура қолданылады.
Биологиялық әдісте жәндіктердің жауларын қолдану арқылы. Мысалы, маса жейтін қаздар.
Күресу құралдары:
Аттраканттар – тартымды заттар, иіспен, тағаммен жәндіктердің сезу мүшесіне әсет етеді.
Репелленттер – жәндіктерді үркітетін заттар, кене, бүрге, масаға орманда, далада қолданылады. Оны денеге крем, лосьон жағу арқылы 1-2 сағатқа дейін қорғайды.
Аэрозольдар – инсектицид қосылған заттар. Бүркеу және түтіндету арқылы ұшатын жәндіктерді жояды.
Инсектицидтер – ерітінді, ұнтақ, суспензия, гранула, эмульзия май, паста түрінде шығарылады.
Гранула – көлемі 0,1-0,5 мм. Топырақ, тағам және астықтағы жәндіктерді жояды, ұзақ уақыт бойы және үнемді.
Көптеген инфекциялық ауруларды табиғатта, жануарлар арасында қоздырғыштары буынаяқтылар арқылы таралып отырады. Бұндай таралу жолы трансмиссивті деп аталады. Көптеген буынаяқтылар, жәндіктер адамға өте қауіпті әрі ағзаны уландырып, түрлі ауруларды тасымалдайды. Адамның әсерінсіз- ақ инфекциялық аурулардың ошағы пайда бола алады. Буынаяқтылар инфекциялық ауру қоздырғыштарын ауызмен, тұмсығымен, сыртқы қабаттарымен тасымалдайды. Бірақ ол қоздырғыш жәндік денесінде дамымайды және көбеймейді. Мысалы, шыбындардың өзі ішек инфекциясын таратуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |