Ауру қоздырғышының берілу факторларының эпидемиологиялық сипаттамалары: топырақ, ауа, қол.
Берілу факторы – қоздыргьштың алғашқы организмнен ,екінші организмге тасмалдануын қамтамасыз ететің сыртқы ортаның объектісі жәнеде жәндіктерді айтамыз. Инфекцияны берілу механизмін 1-ші сатысында іске қосуына қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары дейді. Қоздырғышты организмге тасымалдайтын факторды соңғы фактор дейді. Берілу факторларына : ауаны, тағам, суды, топырақты , тұрмыстық заттарды жәнеде буынаяқтыларды жатқызамыз. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп аталады.
Ауа-тамшылы жолмен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары түшкіру,жөтлу,сойлесу және тыныс щығару арқылы таралады.Үлкен тамшылар ауыр болғандықтан айналада тез отырып қалады,ал майда тамшылар ауада ұзақ уақыт ұшып жүреді және де өкпенің төмен бөлшектеріне дейін жетуге қабілетті.Қоздырғыштың ауа тамшыларында сақталуы қоршаған ортаның температурасына,ауаның қозғалу жылдамдығына және де ылғалдылығына байланысты.Ауа-тамшылы жолмен бартық тыныс алу жүйесінің аурулары таралады.Мысалы:тұмау,қызылша,дифтерия,желшешек және т.б.Инфекциялық аурулар ауа арқылы тез қысқа уақыт ішінде және көп адамдар арасында таралады.Мауысымдық кезеңі -кебінесе суық мезгілде және күз-қыс айларында жиі таралады.Кішкентай балалрда қабылдағыштық өте жоғары болғандықтан олар жиі ауырады ,вакцина егу арқылы бұл аурулардың алдын алуға болады.
Ауа-шаң арқылы қоршаған ортада төзімді қоздырғыштар таралады,өйткені тамшылар түрлі заттардың үстінде кеуіп шаңмен таралады.Мысалы:туберкулез,туляремия,дифтерия секілді аурулар таралады.
Тікелей жанасу арқылы тері-венерологиялық аурулар ,қотыр және кейбір зоонозды инфекциялар таралады.Мысалы:құтыру-құтырған иттің сілекейі тиюі немесе тістеуі арқылы жұғады.
Топырық арқылы көбіне ішек-құрт аурулары таралады.Топырақ арқылы екі жолмен жұғады:
1. Нәжіс-топырақ-жеміс-жибек-адам
2. Нәжіс-топырақ-ащық сул-адам
Топырақ арқылы қоршаған ортада аса төзімді қоздырғыштар таралады.Мысалы:күйдіргі ,батулизм секілді аурулардың қздырғыштары топырақта көп уақыт бойы сақталады.