Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Жай ішкі және халықаралық шығыс бандерольдерді өңдеу



бет39/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.3 Жай ішкі және халықаралық шығыс бандерольдерді өңдеу
Жай бандерольдер:
1) оң жақ форматы бойынша жоғары бір жаққа қарай іріктеледі;
2) тарификациясы тексеріледі:
Төлеуге жарамайтын почта маркалары және бедерлер есепке алынбайды. Бұндай жағдайда осы түрлі-түсті қарындашпен жиектелген почта маркаларының немесе бедерлерінің жанына нөл цифры (0) қойылады. Жөнелтушілері заңды тұлға болып табылатын ішкі бандерольдер почта маркаларының ПМ өшіруімен кері мекен-жай бойынша қайтарылады. Жеке тұлғалардан алынған ішкі бандерольдерге қосымша төлеу мөрқалыбының бедері қойылады, ал ПМ бедері қасына бос жерге қойылады. Барлық толық төленбеген халықаралық бандерольдер жөнелтушіге марканы өшірусіз толық төленуге қайтарылады;
3) зақым келген бандерольдердің бар болуын тексереді, зақымдалған ішкі бандерольдер ұқыпты түрде жабыстырып, әрі қарай өңдеу үшін жіберіледі, халықаралық 20н. анықтамасымен бірге жөнелтушіге қайта жабу үшін қайтарылады. Анықтама бақылаушы тұлғамен қол қойылады және ПМ бедерімен расталады;
4) почта жәшіктерінен алынған мекен-жайсыз немесе толық, анық емес, қысқартылған мекен-жайлармен, тиісті орынға жіберуге немесе жөнелтушіге қайтаруға жарамсыз жай бандерольдер осы Ережелердің 451 - 452 тармақтарында көрсетілген тәртіп бойынша таратылмаған ретінде уақытша сақтауға беріледі.
Почта жәшіктерінен жай бандерольдермен бірге алынған құжаттар (жеке куәлік, төлқұжат, әскери билеттер және басқалар) акті бойынша тиісті ұйымдарға беріледі;
5) топтарға бөлінеді: жергілікті, басқа қалалық, үкіметтік, соның ішінде 20н. анықтамамен бірге әрі қарай жіберу және қайтару бандерольдері. Почтамттар бандерольдерді Қазақстан Республикасынан тыс жіберілетіндер тобына (ТМД және Қ/Ш) қосымша бөледі;
6) почта жәшіктерінен алынғандарға мөрқалып соғылады;
7) саналады және 2-а н. бланкісіне «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілген почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есептің Тәртібіне сәйкес енгізіледі.
Іріктелген және мөрқалып соғылған жай бандерольдер постпакет құрайтын топтамаларға айқастыра байланады. Сонымен қоса, бандерольдер буып–түю барысында зақымдалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай тәртіпте жинап салынады.
Бөлек постпакеттерге бөліп көрсетіледі:
үлкен көлемді жай бандерольдер;
кәдімгі көлемді жай бандерольдер;
қосымша төлемді жай бандерольдер;
үкіметтік жай бандерольдер;
таратылмағандар.
Жай постпакеттер тіркелмей тасымалданады. Әр постпакетке 9н. адрес жапсырмасы толтырылады, жапсырмада постпакеттің тиісті пункті және постпакетті бекіткен пункті, бекітуді жүргізген жұмыскердің фамилиясы, бекіту датасымен ПМ бедері көрсетіледі. Үкіметтік бандерольдермен жасалған постпакеттің жапсырмасында «Үкіметтік», қосымша төлемді бандерольдердің жапсырмасына «Қосымша төлемді, олардың саны және төлем сомасы» қойылады. Қосымша төлемді бандерольдері бар постпакеттер «16н.жүкқұжатына» жазылады.
9н. адрес жапсырмасы жай постпакет байламының астына салынады.
Байланған жай постпакеттер тапсырысты постпакеттермен бірге қапқа салынады, бұл кезде жай постпакеттер қаптың астыңғы жағына, ал бір іріленген пакетке байланған тапсырыстылары – жоғарғы жағына.
Автоматтандырылмаған өңдеу кезінде әр қапқа 10н. адрес жапсырмасы тіркеледі, онда қаптың қайдан және қайда жіберілгендігі, оған берілген нөмірі (ШПИ), салмағы, БПҚ нөмірі, «Жай» белгісі, үкіметтік бандерольдерді жөнелту кезінде «Үкіметтік» белгісі көрсетіледі. Автоматтандырылған өңдеу кезінде қап өлшенеді, 10н. адрес жапсырмасы автоматты түрде ұқсас деректерімен қалыптастырылады.
10н. жапсырмасы бір ай бойы реттік нөмірлерімен нөмірленеді, жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 10н. жапсырмасына анық ПМ бедері қойылады.
Жай бандерольдер бар қаптар міндетті түрде штат бойынша бір ғана жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ-ін есептемегенде екі жұмыскерімен жабылады.
Жай және тапсырысты бандерольдер салынған қап осы Ережелердің 315 тармағында қарастырылған тәртіпте байланады және пломбыланады (сүргіленеді), 10н. жапсырмасы байламның астына салынады.
Бітелген қаптар басқа да почта жөнелтімдерімен бірге екі данада толтырылатын 16н. жүкқұжатына жеке-жеке тіркеліп жазылады және 16н. жүкқұжаттың бірінші данасымен бірге жөнелтуге беріледі.
Зақымдалудан сақтау мақсатында жерүсті көлікпен жіберілетін үлкен көлемді (суреттермен, сұлбалармен бірге және т.б.) жай бандерольдер «крафт» қағазымен буып-түйіледі және 16н. жүкқұжатына тіркеліп қапқа салынбай есеппен жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет