1 Жалпы терминдер мен анықтамалар
абонементтік жәшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын, құлыпталатын арнайы жәшiк;
абоненттiк пошта жәшiгi – адресаттардың пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн ғимараттарда, жеке тұрғын үйлерде орнатылатын, құлыпталатын жәшіктері бар арнайы шкаф;
адресат – пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушы;
алмасу мекемесі - халықаралық пошта жөнелтімдерін қабылдау және өңдеу, елдер арасында депешалармен айырбас жасау жұмыстарымен айалысатын пошта Әкімшілігінің белгіленген бөлімшесі;
ақаулы почта жөнелтімі - салмағы жөнелтімде көрсетілген салмаққа сәйкес келмейтін немесе салымға қол салушылық белгісі бар жөнелтілім;
атаулы зат – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы анықтаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлер салуға арналған құрылғы;
бандероль – мөлшері, массасы және буып-түю тәсілі пошта байланысы көрсететін қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес көзделген, ішіне баспа басылымдары, іс қағаздары, құжаттар және басқа да заттар салынған тіркелмейтін және тіркелетін пошта жөнелтілімі;
гибридтік жөнелтілім – пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабарлама) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабарлама) нысанында жеткізетін хат;
гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызмет – пошта операторының гибридтік жөнелтілімді қабылдау, өңдеу, жеткізу немесе табыстау бойынша қызметі;
депеша – Халықаралық жазбаша хат–хабарлар, сәлемдеме немесе EMS жөнелтімдер салымдары бар қап немесе қаптар тобын білдіретін, халықаралық поштаны бағыттау жоспарына сәйкес поштаны тасымалдау әдісіне байланысты CN37 (CN38, CN41, CN47) тапсырудың жалпы жүкқұжатымен және CN31н. хаттық картамен (СР87 сәлемдемелік картамен) сүйемелденетін бір елдің ХПАО-нан екінші елдің ХПАО-на жіберілетін халықаралық пошта;
Достарыңызбен бөлісу: |