Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Жай халықаралық бандерольдерді жеткізу



бет41/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.5 Жай халықаралық бандерольдерді жеткізу

Жай бандерольдер, соның ішінде ішкі үкіметтік бандерольдер тұрғылықты жері бойынша абоненттік жәшіктер, абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» арқылы жеткізіледі.


Тұрғылықты жері бойынша абоненттік жәшіктерге дейін жай ішкі және халықаралық бандерольдер, соның ішінде ішкі үкіметтік бандерольдер де жеткізіліп беріледі.
Жай бандерольдер ақаулы почта жәшіктеріне жеткізілмейді. Бұндай жағдайда пайдаланушы бұл жайында хабардар етіледі және оған почта жөнелтімі өндірістік объектіде ғана беріледі.
Өндірістік объектілерде жай бандерольдер абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» картотекасы арқылы беріледі.
Абонементтік жәшікке жіберілген жай қосымша төлемді бандерольдерге жазылған 22н. хабарлауы абонементтік жәшікке салынады. Талап етілгенге дейінгі жіберілгендер «Талап етілгенге дейін» картотекасына салынады, тұрғылықты жері бойынша жіберілгендер почташы арқылы үйге жеткізіледі.
Жай қосымша төлемді бандерольдерді тапсырар алдында алушыдан қосымша төлем алынады және 47н. дәптерінен түбіртек жазылып беріледі.
Заңды тұлғаның атына жіберілген жай бандерольдер почтаны қабылдауға заңды тұлғамен белгіленген уәкілетті тұлғаға беріледі.
Жеткізу тәртібі заңды тұлға мен Қоғам арасында азаматтық құқықтық шарттың талаптарына сәйкес анықталады.
Жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерінде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде, заңды тұлғалар аймағында тұратын жеке тұлғалар үшін жай бандерольдер осы мекемелердің уәкілетті тұлғаларына беріледі.
Жай бандерольдерді жайылымдағы малшыларға, айдындағы балықшыларға, орман учаскелеріндегі қызметкерлерге, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы), фермалар мен өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауылшаруашылық жұмыскерлеріне, темір жол бойындағы жұмыскерлерге, еңбекпен түзеу мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқандарға, елді мекендерден тыс жерлердегі басқа адресаттарға жеткізу осы адресаттар қарауында жұмыс істейтін заңды тұлғаға дейін Қоғаммен жүзеге асырылады.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген жай бандерольдер жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
Табыс етілмеген жай (қосымша төлемді) бандерольдер әрі қарай жіберу/қайтару себептері көрсетілген 20н. анықтамасымен қайтарылады немесе әрі қарай жіберіледі мына себептер бойынша:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресаттың бандерольді алудан бас тартуы;
3) адресат қайтыс болған жағдайда;
4) абонементтелетін абонементтік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
5) өндірістік объектінің өз міндеттерін орындау мүмкіншілігіне кедергі туғызатын басқа да жағдайларында.
Жай бандерольдерді әрі қарай жіберу/қайтару өтініші үшін әрі қарай жіберу немесе қайтару кезіндегі қолданыстағы тарифтер бойынша ақы алынады, жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
Жай бандерольдерді әрі қарай жіберу (қайтару) үшін ақысын алу барысында 47н. немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес ДК-нан түбіртек беріледі.
Адресат (жөнелтуші) өтініші бойынша жай бандерольдерді әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлары, қайтару барысында тек адресаттың мекен-жайы сызылып тасталынады, жай бандероль қабының мекен-жай бетіне жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және жай бандероль қайтарылатын пункттің атауы.
Жай ішкі бандерольдерді әрі қарай жіберу кезінде жаңа толық мекен-жайы оның мекен-жай жағына берік тіркелген 20н. анықтамасына жазылады.
Полиэтиленді қабындағы әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын бандерольдер қағазға оралады (байланады және мөр басылады), жаңа қабына барлық қажетті деректемелер көшіріліп жазылады.
Жай бандерольдерді әрі қарай жіберу немесе қайтару барысында өндірістік объектінің жұмыскері тексеруге міндетті:
1) жай бандерольді табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (адресаттың толық мекен-жайы болған жағдайда);
2) оны әрі қарай жіберу немесе қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.
Жай бандерольдерді әрі қарай жіберу (қайтару) дұрыстығын өндірістік объектілердің бастығы немесе оның орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде жай бандерольдің әрі қарай жіберу (қайтару) себебі туралы белгіге қол қояды. Бақылаушы тұлғаның қолы қойылмаған жағдайда әрі қарай жіберуді (қайтаруды) жүргізуге тыйым салынады.
Әрі қарай жіберу (қайтару) арыздарына, қосымша төлемді бандерольдерге алынған төлем почташымен Касса операцияларын жүргізу туралы Нұсқауға сәйкес МС-42н. анықтамасы бойынша бақылаушы тұлғаға тапсырылады.
Табысталмаған жай бандерольдер жөнелтушінің мекен-жайы болған жағдайда кері мекен-жайы бойынша қайтарылады. Жай бандероль таратылмағандар қатарына келесі жағдайларда беріледі:
1)адресаттың және жөнелтушінің қажетті мекен-жай деректері дұрыс көрсетілмеген немесе болмаған жағдайда;
2) адресат және жөнелтуші бандерольді алудан бас тартқан жағдайда;
3) белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және пайдаланушы алмаған жағдайда.
20н. анықтамасында көрсетілген табыс етпеу себебі негізінде бандерольдер таратылмағандар қатарына беріледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе оның орынбасарымен тексеріледі және қол қойылады. Жай бандерольдің мекен-жай бетінде «Таратылмаған» белгісі жазылуға тиіс.
Таратылмаған жай бандерольдер айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ бөлек постпакетте (көлеміне қарамай) жіберіледі және 9н. адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі жазылады.
Таратылмаған жай және қосымша төлеу бандерольдері 11н. тізілімімен жіберіледі, онда жазылады:
1) жай бандерольдер - жалпы санымен;
2) қосымша төлемді – қосымша төлем сомасын көрсетіп, жалпы санымен.
«Үкіметтік» белгісімен жай бандерольдер бірінші кезекті тәртіпте жеткізіледі.
Жай қызметтік кіріс бандерольдер жай бандерольдер үшін жалпы белгіленген тәртіпте табыс етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет