Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет4/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
ОМПО дайын кітап

өндiрiстiк объект – пошта операторы көрсететін қызметтерді ұсынуға арналған және сол үшiн жабдықталған ғимарат, ғимараттағы үй-жай;

  • пошта – Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторларының Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін ұсынуын қамтамасыз ететiн байланыс бір түрі;

  • пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды және қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтері – пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің уәкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

  • пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері – тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерiн, пошталық ақша аударымдарын, гибридтік жөнелтілімдерді жiберу, мерзімді баспа басылымдарын тарату, пошта төлемі белгілерін және филателиялық өнімдерді іске асыру бойынша пошта операторының қызметі;

  • пошта байланысының құралдары – пошта байланысы көрсететiн қызметтерді ұсыну үшiн қолданылатын техникалық құралдар, жабдықтар және технологиялар;

  • пошта жәшiгi – тіркелмейтін хаттар мен пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк;

  • пошта желiсi – пошта операторы пошта байланысы көрсететін қызметтерді ұсынған кезде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы;

  • пошта жөнелтілімiн жiберупошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;

  • пошта жөнелтілімiн жеткiзу – пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет