Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


пошта жөнелтілімiн қабылдау



бет5/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
ОМПО дайын кітап

пошта жөнелтілімiн қабылдау – жөнелтушiден қабылданған, оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан әрi тасымалдау үшiн пошта операторының ресiмдеуi;

  • пошта жөнелтілімiн өңдеу – пошта жөнелтілімдерiн тасымалдауға дайындауды қамтамасыз ететін, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар;

  • пошта жөнелтілімiн табыс ету – пошта жөнелтілімiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру;

  • пошта жөнелтілімiн тасымалдау – пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару (тасымалдау);

  • пошта жөнелтілімдерi – пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабар, жіберілімдер, пошта контейнерлерi;

  • пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында жылжымайтын мүлік объектiлерiне оларды әкiмшілік-аумақтық идентификаттау және жүйелендіру үшін берiлетiн, мекенжайдың шартты цифрлық және әріптік белгiлемесі;

  • пошта карточкасы – арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған, тіркелмейтін немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi;

  • пошта қызметі – пошта желiлерi арқылы пошта байланысы көрсететін қызметтерді ұсыну;

  • пошта қызметі субъектiлерi – пошта операторлары және пайдаланушылар;

  • пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

  • пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушы – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен өзі жасасқан шарттар негізінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

  • пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, Ұлттық пошта операторы көрсететін қызметтерге ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері және өзге де белгiлер;

  • пошта төлемінің белгілері – пошта байланысы көрсететін қызметтерге ақы төленгенін растайтын, пошта операторы пошта жөнелтілімдеріне жапсыратын белгілер, оның ішінде пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгілер;

  • пошта штемпелi – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, пошта жөнелтілімiнiң жөнелтілу орны, қабылданған күнi мен уақыты; пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, межелі жері, алынған күнi мен уақыты; пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауы, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;

  • пошталық ақша аударымы – осы Заңға және Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес жөнелтушінің адресатқа ақша жіберуге арналған тапсырмасын пошта операторының уәкiлеттi орган бекiткен пошта жөнелтілімі бланкісінің нысанын толтыра отырып орындауы бойынша пошта байланысы көрсететін қызмет;

  • пошталық құпия – пошта байланысы көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың пошталық мекенжайы, дербес деректері, пошта жөнелтілімдері, олардың ішіндегісі мен орналасқан жері туралы мәліметтер;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет