3.1 Шет елден түсетін кіріс ұсақ пакеттерді өңдеу
Шет елден түскен ұсақ пакеттермен қаптар қызыл жапсырмалармен тапсырысты жазбаша хат-хабарлармен қаптар үшін қарастырылған тәртіпке қабылданады және өңделеді.
Жазбаша хат-хабарларды өңдеу учаскесінің жұмыскерлері ұсақ пакеттерді өңдейтін жұмыс орындарында қаптарды ашып, ішінен CN31н. жазбаша картамен бас қапты бөледі, жазбаша картадағы немесе CN33н. ерекше парақтағы жазбалармен ұсақ пакеттердің санын және берілген деректерін салыстырып тексереді. Тексерісті жүргізген жұмыскер сыртында көрсетілген салмақпен әр ұсақ пакеттің нақты салмағын салыстырады және егер алшақтық жоқ болса салмағын өз қолымен растайды.
Салмағы сәйкес келмеген және сыртқы орамының ақауы білінген жағдайда ұсақ пакеттер салмақ алшақтығының себебін анықтау үшін дереу кедендік тексеріске 2 данада кеден декларацияларындағы CN22 н. (CN23) тізбеге тіркеліп беріледі. Ұсақ пакеттегі салымның жетіспеушілік фактісі осы Ереженің 315-316 тармақтарында қарастырылған әдіспен ресімделеді.
Учаскенің жұмыскері CN31н. жазбаша карталарға немесе CN33н. ерекше парақтарға ПШ бедерін және оған қолын қояды, сонан соң ай бойы байламға түптеледі және қамтамасыз етілген тәртіппен сақталады.
Ұсақ пакеттер сұрыпталады, ҚАЖ БҚ жүйесінде тіркеледі, тапсырысты ұсақ пакеттерге кіріс нөмерлерінің (CN04н. жапсырмасы жапсырылады) ШПИ көрсетілген нөмір беріледі және олар сканерленеді, нөмірленуі күнтізбелік жыл бойы жүргізіледі.
Жай ұсақ пакеттерге, оның ішінде ромб түріндегі белгімен (жіберген елде біржақты тексерумен) ШПИ (кіріс нөмерлері) берілмейді, олар жалпы шотпен тексеру үшін тізбелерге тіркеледі.
CN22н. кедендік жапсырмасы бар ұсақ пакеттер немесе кедендік тексеріске жататын CN23н. кедендік декларация КАЖ БҚ-да тізбеге тіркеледі жэне кедендік тексеріске беріледі.
Кедендік тексерістен кейін кеден инспекторы ұсақ пакеттерге, CN23н. кедендік декларацияға және тізбелерге тиісті “Босатуға рұқсат” (“Bыпуск разрешен” мөртабанын, өзінің жеке нөмірлік мөрін және қолын қояды. CN22н. кедендік жапсырмасы бар ұсақ пакеттерде кеден белгісі сыртына қойылады.
Салымдарына кеден органдарымен кеден бажы салынған ұсақ пакеттер түскен жағдайда тексеріс жүргізген инспектордың жеке нөмірлік мөрімен куәлендырылған, кеденнің “Кедендік жүк” (“Груз таможенный”) мөртабаны қойылады және кедендік жүк декларациясы (КЖД) жазылады, 5 данада кедендік бақылау құжаты, сондай-ақ оған да алушы тұратын қызмет аймағында кеден органдарымен ұсақ пакеттердің берілуін бақылау үшін “Тауар кедендік бақылауда” (“Tовар под таможенным контролем”) кеденнің мөртабыны қойылады. КЖД ХПАО кеден брокерлермен ресімделеді. КЖД 2 данасы CN23н. кедендік декларациямен, кеденнің “Кедендік жүк” мөртабанымен бірге ұсақ пакет байламының астына салынады.
Кеденнің тексерісінен босатылған почта жөнелтімдеріндегі белгілер бағанында “Кедендік жүк” (“Груз таможенный”) белгісімен көрсетіледі, құжаттар жөнелтілетін почтаға 16 н. жүкқұжатының “Б” белгісі көрсетіледі.
Кедендік декларация болмаған немесе салым бойынша мәліметтер жаңылыс (толық емес) көрсетілген жағдайда, кедендік тексеріс өткізілгеннен кейін ресімделеді. Почта жұмыскерлері 2 данада кедендік декларация дайындаған кеден инспекторы салым туралы толық мәлімет үшін өзінің жеке мөрін және қолын қояды.
Жөнелтімді жіберген мекемеге CN43 байқау хабарламасы жіберіледі. Әрі қарай ұсақ пакеттер жоғарыда көрсетілген тәртіпте ресімделеді және тиісті жеріне жіберіледі.
Тексеріс барысында кеден инспекторы декларацияда көрсетілмеген, әкелуге тыйым салынған заттарды анықтаған жағдайда ондай жөнелтім кідіртіледі және тізбеде кідіріс көрсетілген белгі қойылады. Учаскенің жұмыскері белгіні ҚАЖ жүйесінде жасайды. Одан басқа инспектрдің ережелерін бұзу фактісі бойынша хаттама жасайды, ол тексеріске қатысқан барлық адамдармен қол қойылады.
Халықаралық почта жөнелтімдерімен әкелуге тыйым салынған тауарларды алу және әрі қарай иелік ету кеден инспекторларымен Қазақстан Республикасының Кеден қызметіне сәйкес жүргізіледі.
Карантин бақылауына ұсынуға жататын ұсақ паеттерден инспекторының шешімі бойынша кідіртіледі. Учаскенің жұмыскерлері шығару туралы мәселені шешуге тиісті қызметтерге көрсетеді. Салым бөлігін осы қызметте анықталған жағдайда қызмет өкілдері 4 данада акті жасайды. Ол даналардың бірі - жөнелтімге, екіншісі -кеден инспекторына беріледі, үшіншісі - учаскенің құжатына тігіледі және төртіншісі - кеден инспекторының өкілдерімен алынады.
Қапқа бітер алдында адрес жапсырмасы жапсырылады, жапсырмада жіберілген орын, нөмері және жіберген орны корсетіледі. Тізілімге оны жасаған жұмыскер қолын және ПШ бедерін қояды (автоматты режімде тізілімде күні көрсетіледі).
Санына қарамастан халықаралық ұсақ пакеттер облыс орталықтарына дейін (бөлінген тораптардан басқа) тік қаптарға бітеледі.
Ұсақ пакеттермен қаптар ішкі тапсырысты жөнелтімдер үшін белгіленген әдіспен жабылады. КАЖ БҚ- дан алынған адрестік жапсырмаларда “Халықаралық” белгісі көрсетіледі, қаптар БПҚ қолданумен пломбыланады.
Жасақталған қаптар облыстық орталыққа жөнелту үшін 2 данада 16н. Жүкқұжаттына КАЖ жүйесінде тіркеліп алмасу (қозғалыс бөлімі) учаскесіне тапсырылады, ол жақтан қаптар әуе почтасын өңдейтін учаскеге немесе жіберу жоспарына сәйкес почта көлігіне жіберіледі. 16н. жүкқұжатының екінші данасы почтаны қабылдаған қозғалыс бөлімінің операторы күндік балансты шығару үшін учаскенің құжаттарына тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |