§ 6 Ашық транзитті тасымалдау бойынша есеп айырысу үшін құжаттарды әзірлеу
Жерүсті транзитпен тасымалданатын, салмағы 3кг дейін ашық транзит кедергісіз өңделеді. Егер қандай-да бір елге жіберілетін бір депешадағы жөнелтімнің салмағы 3 кг-нан сатын болса, онда CN43н. байқау хабарламасы жазылады. CN55н. депеша ведомосының “Ескерту” бағанында байқау хабарламасының нөмірі мен күні және ашық транзиттік салмағы көрсетіледі. Осылар CN62н. бөлек шотын (транзиттік шығындар) толтыру үшін негіз болып табылады.
Жерүсті көлігімен тасымалданатын депешаларда;
Әуекөлігімен тасымалданатын депешаларда.
Елдер арасындағы санақ кезеңінде Қазақстан Республикасынан кез-келген ел арқылы транзитпен тиісті елдерге жиберілетін ашық транзит CN 65н. жүкқұжаттамасын толтырумен бір топқа біріктірілген түрде есепке алынады. Сондай-ақ санақ кезеңінде ҚР аумағы арқылы бір елден екінші елге тасымалданатын ашық жіберген елі мен тиісті жіберілген елін көрсете отырып және почта жөнелтімін жіберген Әкімшілігімен толтырылған CN65н. жүкқұжаты бойынша тексере отырып, бір топқа біріктірілген түрде есепке алынады. Санақ операциялары жыл сайын (тақ жылдары мамыр айында немесе жұп жылдары қазан айында) өткізіледі. Санақ кезеңі уақытысында ашық транзитпен тасымалданатын хат-хабарлар CN65н. жүкқұжатымен бірге беріледі. CN26н. постпакетінің жапсырмасында және CN 65н. жүкқұжатында “S” әрпі көрсетіледі. Санақ кезеңінде ашық транзитпен жіберілетін барлық жөнелтімдер бөлек қапқа бөлінеді және жазбаша картасы бар қапқа салынады. Ашық транзтпен жіберілетін тапсырысты жөнелтімдер жоқ болған жағдайда жазбаша картаға “жоқ” деген белгісімен CN65н. жүкқұжаты тіркелінеді.
14 ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА АЛМАСУ ПУНКТІЛЕРІМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТАНЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЖӨНЕЛТУ
§ 1 Қазақстан Республикасынан жерүсті көлігімен шығыс халықаралық почтамен тасымалданатын депешаларды қабылдау және жөнелту
Қазақстан Республикасынан халықаралық почтамен шығатын депешалар ХПАО- нан ХПАП-не үш данада жасалған және 16н. жалпы жүкқұжаттына тіркелген, CN 37н. жүкқұжаттарымен бірге түсуі тиіс. Шығыс халықаралық почтамен депешаларды тапсыру CN37н. жүкқұжаттары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барлық жіберу кезеңдерінде депешалардың өздері сияқты 16н. жүкқұжаттарына тіркелуге тиіс. 16н. жүкқұжаттары шетел почта қызметтеріне беруге жатпайды, олар ХПАП құжаттарына қосып тіркеледі. Қабылданған CN37н. жүкқұжаттарының санына қолхат жазбаша жүргізіледі. “Отыз үш және үш CN37н. жүкқұжат қабылданды”, сонан соң қолы және почта мөрқалыптың бедері қойылады. Қолхат почтаны қабылдаған жұмыскердің қолымен және почталық мөрқалып бедерімен немесе шетел почта қызметінің мөртаңбасымен қуәландырылады. Жүкқұжаттың екінші данасы алынған қолхатпен ҚР алмасу пунктінің құжаттарына қосып тіркеледі.
Қазақстан Республикасының ХПАО-нан шет елге жіберіленетін халықаралық почта ХПАП міндетті түрде ыдыстарда (қаптарда) пломбымен пломбыланып (БПҚ) келуі тиіс. Басқа елдерге жіберілетін сәлемдемелер қорғасынды, ал бітеу құрылғысы бар болған жағдайда – пластмасс пломбылармен пломбыланған қаптарда ғана жіберілуі тиіс.
Мекемелермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен жіберілетін, радиошамдары, құрал-саймандары, аспаптары және т.б. бар халықаралық сәлемдемелер шет елдеге қаптарды бітеусіз жіберіледі. Осындай сәлемдемелер БПҚ пломбылануы мүмкін.
Халықаралық почтасы бар қаптар алмасу пунктері кенептен, пластикалық материалдардан, мықты қатты қағаздан, биркаға жабыстырылған пергаменттен немесе кағаздан өндірілген мекен-жайлы жапсырмаларымен және кендір жіппен бекіту үшін бір не болмаса екі тесігімен келіп түсуі тиіс. Бұл жапсырмалар келесі түсті болуға тиіс
Ашық-қызыл - тапсырысты немесе құндылығы жарияланған жөнелтімдердің салымдары, сонымен қатар CN31 жазбаша карталардың, EMS жөнелтімдердің салымдары бар қаптар;
Ақ-келесі түрдегі тек жай жөнелтімдердің салымдары бар қаптарда:
-жерүсті және әуе жолымен тасымалданатын хаттар мен почта карточкалары;
-аралас жөнелтімдер (үлкен мөлшерде берілетін хаттар, почта карточкалары, газеттер )
3) көгілдір- баспа басылымдардың, секограмма, жай ұсақ пакеттердің, ақ жапсырмасы бар қаптарда тасымалданатындардан басқа мерзімді басылымдардың салымдары бар қаптарда;
4) жасыл - бос қаптары бар қайтып келе жатқан қаптарда;
5) сары – сәлемдемелер, сонымен қатар “Consignment” белгісі бар қаптарда.
Жерүсті көлігімен тасымалданатын, почтасы бар депешалар үшін CN34н. адрестік жапсырмасында депеша толтырған алмасу орнының атауы, депешаның тиісті бағыты бойынша жіберлетін алмасу мекемесі, оның нөмірі, депешаның жөнелту күні, салмағы және мүмкіндегіне қарай тасымалдануға тиісті депешаның жолы көрсетілуі тиіс. Халықаралық депешаларды алмастыру кезінде қаптардың жапсырмаларында ДПО стандарттарымен анықталған, ыдыстар үшін сәйкестендіру кодтары болуы мүмкін (өндеудің автоматтандырылған режимі кезінде олар жапсырмаларға басылып шығарылады).
Адрестік жапсырмадағы барлық жазбалар латын щрифтімен және араб цифрімен жазылады. Қызыл және сары түсті адрестік мекен жай CN31н. картасы мен СР 87н. сәлемдемелік карта тасымалданатындығын білдіреді. Осындай белгісі бар қап “бас” қап деп аталады.
ХПАП-не келіп түсетін халықаралық почтасы бар депешалар (кіріс, шығыс және транзиттік), оларды қабылдап алған сәтінен және алғашқы жөнелтілетін почтамен жібергеннен бастап 2 сағаттан аспайтын мерзімге дейін тиісті бағыты бойынша жөнелтуге тапсыру үшін өнделуі және дайындалуы тиіс.
Аталған депешалар алмасу пункттерінде осы Ережелермен қарастырылған жағдайлардан басқа ашылмайды.
Почтаның барлық түрлері бар тарнзиттік депешалар мен контейнерлерді шетелден әкелу және шетелден шығару руқсаты кедендік органдарымен шекара пункттерінде және ҚР халықаралық әуежайларында CN37 (CN41н. CN47н.) жүкқұжаттарында (бос ыдыстары бар депешалар) депешаға тексеру жүргізген инспектордың жеке мөрімен расталған, кеденнің шекара арқылы кедергісіз өту туралы сәйкес мөртабанының бедерін “Босатуға рұқсат” (“Впуск разрешен”) және “Кедендік жүк” (“Груз таможенный”) кою жолымен рәсімделінеді.
ХПАП-нің жұмыскерлері кеден органдарына почтаның барлық вилалармен бірге шығыс және кіріс сәлемдемелі депешалар мен транзиттік депешаларды, сонымен қатар оларды әрі қарай жіберуге рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетулері міндетті.
Шетелге жіберу үшін қызыл және сары түсті жапсырмалары бар қаптарды, сонымен қатар ашық тасымалданатын почта сәлемдемелерін қабылдап аларда ХПАП жұмыскерлері олардың деректерін CN37н. (CN41, CN47) жүкқұжаттарындағы жазбаларымен салыстырады. Бір уақытта қаптардың дұрыстығын, пломбылардың бүтіндігін, байламдарды, ал мекен-жайлы жапсырмалар бойынша –депешалардың тиісті бағыттағы мекеменің дұрыстығын тексереді. Депешаларды тексеру екі жұмыскермен жүргізіледі.
Халықаралық почтаны қандай-да бір себептермен ат-атымен тексеруге мүмкіншілігі болмаған жағдайларда олар почта заттарын, әсірісе қызыл және жасыл түсті жапсырмалары бар қаптарды, сонымен қатар ашық тасымалданатын почта сәлемдемелерін мұқият тексеру арқылы есеппен қабылдап алынады. Алмасу аякталғаннан кейін қабылдап алынған почта атап-атап тексерілуі тиіс.
Ақ, көгілдір және жасыл түсті жапсырмалары бар қаптардың сыртқы қалпы мен мекен-жайға жіберілуін тексеру арқылы жалпы есеппен қабылдап алынады.
Ақ, көгілдір және жасыл түсті жапсырмалары бар қабылдап алынған қаптардың сандарын кіші депешалық тексеру алмасудан кейін жүргізіледі.
Қаптар атап-атап тексеріледі және өңделеді, депешаларды кедендік тексеріске және шекараның кедендік пунктінде сүйемелдеу құжаттарды ресімдеу үшін ұсынылады.
ХПАП-не әр түрлі алмасу органдарынан бір шетелдік қызметіне бірнеше депешалар келіп түскен кезде ос почталарға алынған CN 37н. жүкқұжаттары мен депешалар шетелдік почта қызметіне осыладрды шығаратын ХПАП –і толтырған бір жалпы CN37н. жүкқұжатымен жіберіледі.
Қазахстан Республикасынан тас ашық түрде тасымалданатын сәлемдемелері бар қаптар мен сәлемдемелер алмасу пункттеріне CN 37н. жүкқұжаттаманың екінші және үшінші даналарына қойылатын, осы почталарды шетелге кедергісіз шығару туралы ҚР кеден органдарының мөртабандары бар қаптар алмасу пункттеріне кеден мөртабан бедерімен CN37н. жүкқұжатымен бірге келіп түсуі тиіс.
Шығатын шығыс халықаралық жерүсті почтасы депешаларды жөнелту шет елге шығыс халықаралық жазбаша хат-хабарларды бағыттау жоспарына және жерүсті көлігімен жөнелтетін шығыс сәлемдемелерді бағыттау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылданған және тексерілген депешалар шетел почта қызметіне бергенге дейін қамтамасыз етілген тәртіп бойынша алмасу пунктерінде сақталынады. Құжаттарда тіркеу қаптардың біреуінің немесе бірнешеуінің жетіспеушілігі ХПАО-нан осындай депешаларды қабылдауға және оларды шетелдік қызметтеріне беруге кедергі бола алмайды.
Бұндай жағдайларда халықаралық почта алмасу пунктерінің жұмыскерлері CN37н. жүкқұжаттарын қарастыру қажет. Қабылданған почта үшін қолхат қабылданған қаптардың (сәлемдемелердің) және CN37н. жүкқұжаттарын нақты сандарын жазбаша түрде көрсете отырып жүкқұжаттарына қосылады. Берілген қолхат почтаны алған және тапсырған тұлғаның қолымен және мөрқалыбының бедерімен расталады.
Одан басқа, депешадағы қаптардың (сәлемдемелердің) толық алынбауы үш данада толтырылатын 51н. актісі рәсімделінеді. Актінің бірінші данасы ХПАП-не жеткізген өндірістік объектіге жіберіледі, екіншісі– депешаны толтырған ҚР ХПАО- на, ал үшіншісі ХПАП-нің қатарына қосылады. 51н. актісін алған Қоғамның құрылымдық бөлімшелері тез арада онда көрсетілген фактіге тексеріс жүргізуге және қаптардың немесе сәлемдемелердің жетіспеушілік нәтижелері ХПАП-не хабарлауға міндетті.
Егер бір уақытта почта вагонының (автомашинадағы алып жүретін жұмыскер) негізінде жіберілетін почта жөнелтімдері (сәлемдемелер) ашылуға және салымдары кеден өкілдерінің қатысуымен почта вагонының бригадирінің міндетті түрде қатысуымен (автомашинадағы алып жүретін жұмыскер) тексерілуге тиіс.
Тексеріс нәтижелері туралы тексеріске қатысқан барлық тұлғалар мен қол қойылатын, үш данада 51н. актісі жасалынады. Актіде қаптың (сәлемдеменің) сыртқы орамының, пломбыларының, байламдарының жағдайы, массасы және анықталған жөнсіздіктер толық көрсетіледі. Актіснің бірінші данасы жұмыскерлер почтаны жеткізген құрылымдық бөлімшеге, екіншісі-депешаны дайындалған ХПАО-ға жіберіледі, ал үшіншісі – ХПАП құжаттарнда сақталады.
Тексерілгеннен кейін почта жөнелтімдері және ақаулы қап байламымен және пломбыланып ХПАП шетел почта қызметіне тапсырылады. Жаңа адрестік жапсырмасына бастапқы жапсырмадан барлық қажетті деректер көшірілуге және почталық мөрқалыптың бедері қойылуға тиіс, оған “Remballt a………” (“..........қайта жауып бекітілді”) белгісі қойылады. Егер ақаулы қапты ашқан кезде салымы жетіспейтін почта жөнелтімдері (сәлемдемелер, ұсақ пакеттер және т.с с) табылатын болса, онда бұл жөнелтімдер алынады және актімен бірге тексеру үшін кері қарай депешаны дайындаған ХПАО-ға жіберіледі. CN31 жазбаша картасында, CN87н. сәлемдемелік картада ХПАП-нің жұмыскері қажетті тузетулер енгізеді және оларды қолымен және почталық мөрқалып бедерімен куәландырады.
Ақ, көк немесе жасыл жапсырмаларымен түскен ақаулы қаптар басқа дұрыс қаптарға жауып бекітіледі және шетелге жөнелтіледі. Бұл қаптарды қайта бітеу кеден өкілінің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Бірақ, қаптарды қайта бітеуге екі данада 51н. актісі жасалады, түпнұсқасы тексеру үшін депешаны жасаған ХПАО-ға жіберіледі, ал көшірмесі ХПАП құжаттарына тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |