Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


ТАРАУ. ШЕТЕЛДІК ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ПОЧТА ӘКІМШІЛІКТЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ



бет102/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114
ОМПО дайын кітап

13 ТАРАУ. ШЕТЕЛДІК ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ПОЧТА ӘКІМШІЛІКТЕРІМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ


§ 1 Қазақстан Республикасынан шет елдерге жіберілетін почталарды тасымалдау үшін есеп айырысуға құжаттарды әзірлеу

Әр соңғы депешаны алғаннан кейін тиісті орындайтын мекемесі (ХПАО) әр депешаның түрі (әуе, жерүсті), ал қажетті жағдайда транзиттік әкімшілігі үшін СN55депешалар ведомосін толтырады және олардың негізінде тоқсан сайын CN56 депешалардың жиынтық ведомасін толтырады.CN55 ведомостілері жіберу әкімшәләгәне CN56 жиынтық ведомосін растау үшун жібереді.


Жөнелтімдердің салмағы мен санын есепке алу үшін ХПАО CN31н. деректер негізінде депешаның әр түріне CN55н. депешалардың ведомосінде депешалар туралы барлық қажетті деректерді – депешаның жөнелту күні мен нөмірі, депешаға салынған LC/AО дәрежесіндегі жазбаша хат-хабарлардың салмағы (М қабынсыз), 5 кг. дейінгі салмақпен М қабының саны мен салмағы, 5кг. жоғары М қабының салмағы, тапсырысты жөнелтімдердің саны, құндылығы жарияланған жөнелтімдердің саны, транзиттік депешаның салмағы көрсетіледі.
Жазбаша хат-хабарларды жіберу үшін (М қаптарынан басқа) ақырғы шығындар бойынша есесп айырысу депешаның нақты салмағының және тапсырысты жөнелтімдер мен құндылығы жарияланған жөнелтімдердің нақты санының негізінде толтырылады. Тапсырысты жөнелтімдер үшін қосымша төлем 0,5 АҚА, ал құндылығы жарияланған жөнелтімдер үшін – әр жөнелтім үшін 1АҚА алынады. “М” қаптары үшін ақырғы шығындар бойынша есеп айырысу жыл сайын ақырғы шығындар алынатын салмақ негізінде толтырылады, оларға 1 кг үшін 0,793 АҚА көлеміндегі тариф қолданылады, кемінде 5 кг салмақты М қаптары 5 кг салмақтағы қаптарға теңеледі.
Сонымен қатар, ХПАО CN31н. жазбаша карталар негізінде ай сайын әр тиісті орынның алмасу мекемесі үшін CN09н. ведомасын және тоқсан сайын – ХКЖК шығыс жөнелтімдердің саны бойынша CN10н. ведомосын толтырады және осы мәліметтер Орталық бухгалтерияға жібіріледі.
Бос қаптары бар депешалар жазбаша хат-хабарлары бар депешаларға қолданылатын транзиттік шығындардың 30 көлеміндегі төлемақысы төленеді.
Ақырғы шығындар төлемінен поталық қызметке қатысты және ДПО мен БСАД органдары арасында алмасатын және осы органдармен Почталық Әкімшіліктерге немесе олрадың мекемелеріне жіберілетін жазбаша хат-хабарлама жөнелтімдері, жеткізілмеген жазбаша хат-хабарлар жөнелтімдері, жабық депешаларға жіберілген орынға қайтарылатын жазбаша хат-хабарлама жөнелтімдері, зағиптарға арналған “Секограмма” жөнелтімдері, сондай-ақ ХКЖК жөнелтімдері босатылады.
Алмасу мекемесі жазбаша хат-хабарлар регламентінің 221-223 баптарына сәйкес соңғы жүйе елдерінің арасында почта алмасуды статистикалық есептеу мақсатында ішінара байқау жүргізеді және жөнелтімнің орташа санын почтаның килограммына қатысын анықтайды, жөнелтімнің саны мен салмағы туралы деректерді CN53 ведомосына енгізеді. Бөлек CN 53 ведомостары тасымалдаудың (әуе, S.A.L., жерүсті көлікпен) және сыйымдылық типінің әр түріне бөлек толтырылады.
CN53 ведомосы көмегімен тасымалдау тәсілі және күнтүзбелік тоқсан айы бойынша CN53 ведомостары жинақталатын CN54 жиынтық ведомосын толтырады.
Ашық транзитпен тасымалдау SAL депешаларға және әуедепешаларға санақ жүргізу кезінде “S” белгісімен көрсетілген CN54н. ведомосы тіркеледі.
Ай сайын CN66н. салмақтық ведомостарды әр тиісті бағыттың шетел алмасу орны және әуекомпаниялар бойынша әуе депешаларды толтыратын және жіберетін ХПАО ғана толтырады.
Шетел әуекомпаниялардың рейсі бойынша жіберілетін почта ұлттық әуекомпаниялардың рейсімен тасымалданатын почталардан бөлек есепке алыну керек.
Қазақстан Республикасынан шығатын әуепочтасы үшін CN38н. жүкқұжат негізінде толтырылған CN66н. салмақтық ведомостары ХПАО ай сайын Қоғамның Орталық Бухгалтериясына (БЕжЕД) ұсынылады. Аталған ведомостары ұсыну мерзімі есеп беру айынан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет