§ 2 Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар
Халықаралық почта жөнелтімдерінде мына заттар мен бұйымдарды жіберуге тыйым салынады:
1) қолға ұстайтын әскери атқыш және суық қару, азаматтық, қызметтік қарулар, оқ-дәрі, екі түрлі қолданатын арнайы техникалық құралдар, олардың бөлшектері;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер етуші, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару және пиротехника құралдары және басқа қауіпті заттар;
4) улар, улы жәндіктер, заттар, өсімдіктер мен тұқымдар;
5) нумизматикалық мақсатпен жіберілетін ақша белгілерінен басқа Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы мен шет ел валюталары, сондай-ақ күшін жойған құнды қағаздар (экспорттық почта жөнелтімдерінде);
6) маралдардың, ақбөкендердің, теңбіл бұғылардың мүйіздері мен тұяқтары және де теңбіл бұғының терісі (экспорт почта жөнелтімдерінде), Қызыл кітапқа енгізілген аңдар мен өсімдіктер дериваты (мүшелері);
7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықтар, қаталдық, зорлық, порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспасөз басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото,- аудио, және видеоматериалдар;
8) сүлік пен жібек құртынан басқа тірі аңдар, бал арасы;
9) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан почта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа почта жөнелтімдер мен почта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдіретін заттар;
10) тез бұзылатын тағам өнімдері;
11) металл ақшалар, банк билеттері, кредит билеттері немесе алушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, қымбат металдар мен тастар, және солардан жасалған бұйымдар (құндылығы жарияланбаған хаттарда және сәлемдемелерде);
12) жеткізілетін елінде енгізуге немесе айналымға түсуіне тыйым салынған бұйымдар.
Құндылығы жарияланған халықаралық бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, хаттарда және почталық сәлемдемелерде оларға салынғандардың фактурасы мен тізімдемесінен басқа хаттар мен жазбаша хабарларды жіберуге, сондай-ақ, ұсақ пакеттер мен сәлемдемелерде құжаттар жіберуге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |