Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Жай халықаралық кіріс бандерольдерді өңдеу



бет40/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.4 Жай халықаралық кіріс бандерольдерді өңдеу

Өндірістік объектіге ПТБ, ПСжТУ және ПВ-дан келіп түскен жай бандерольдері бар кіріс қаптар штат бойынша тек бір ғана жұмыскері бар (почташыны есепке алмағанда) ПББ-нен басқа, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады.


Қап ашылғаннан кейін жұмыскер міндетті:
1) 9н. адрес жапсырмалары бойынша келіп түскен постпакеттердің санын есептеуге және бағытталуы бойынша дұрыстығын тексеруге, бағытталуы бұзылған жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;
2) жай бандерольдері бар жай постпакеттерді ашуға;
3) ПВ-нан немесе басқа ауданның (облыстың) почта байланысының бөлімшесінен, сонымен қоса, ПМ бедері қойылмаған почта торабынан қабылданған кіріс бандерольдердің қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға;
4) жай бандерольдер қабының жағдайын және бүтіндігін тексеруге, бұзылған бандерольдер табылған жағдайда бұзылған жерлерін жабыстыруға және осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;
5) дұрыс жеткізілмеген және кешіктірілген бандерольдердің барын тексеруге, оларға ПМ бедерін қоюға және осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;
6) өшірілмеген почта маркалары табылған жағдайда оларды шарикті қаламсаппен сызып тастауға. Портрет бейнеленген почта маркаларын адамның бетіне зақым келмейтіндей етіп сызып тастауға;
7) бандерольдерді санауға және «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебінің Тәртібіне сәйкес 2-а н. бланкісіне енгізуге.
Жай бандерольдер жеткізу учаскелері, «Талап етілгенге дейін», абонементтік жәшіктер және басқа да арнайы бөлінген жұмыс орындары бойынша сұрыпталады.
«Талап етілгенге дейін» жай бандерольдер өндірістік объектіде жеке басын куәландыратын құжат бойынша адресаттың өз қолына не сенімхат бойынша беріледі, анықтама телефон арқылы берілмейді.
Жай қосымша төлемді бандерольдер қосымша төлем сомасын көрсете отырып 23н. кітабына жазылады. «Талап етілгенге дейін», абонементтік жәшіктерге және басқа да арнайы бөлінген жұмыс орындарына жіберілген жай қосымша төлемді бандерольдер де 23н. кітабына жазылады.
Абонементтік жәшіктері арқылы берілуге жататын жай қосымша төлемді бандерольдерге абонементтік жәшіктеріне салынатын 22н. хабарлауы жазылады.
Өлшемдері абоненттік жәшікке салуға мүмкін емес жай бандерольдерге 22н. хабарлауы жазылады және олар абоненттік жәшікке салынады.
Жай ішкі үкіметтік бандерольдер бірінші кезектегі тәртіпте өңделеді. Жай кіріс қызметтік бандерольдер жай бандерольдер үшін жалпы белгіленген тәртіпте өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет