2.2 Алынғандығы туралы хабарламамен тапсырысты бандерольдерді қабылдау
Ішкі алмасуда тапсырысты бандерольдер алынғандығы туралы тапсырысты хабарламамен қабылдануы мүмкін. Халықаралық алмасуда - жай хабарламамен.
Ішкі тапсырысты бандерольдер 119н. хабарлама бланкісімен, халықаралық тапсырысты бандерольдер CN 07н. хабарлама бланкісімен сүйемелденеді. Хабарлама жөнелтушінің немесе басқа тұлғаның атына ресімделу мүмкін.
Алынғандығы туралы жай хабарламамен халықаралық тапсырысты бандерольді қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері осы Ережелердің 457 тармағында көрсетілген әрекеттерден басқа міндетті:
1) тапсырысты бандерольдің қабында «Жай хабарламамен» белгісінің бар болуын тексеруге;
2) «Өз қолына табыс етілсін» белгісі бар халықаралық тапсырысты бандерольді қабылдау кезінде Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары бойынша тиісті белгісі бар бандерольді тиісті елге қабылдауға рұқсат етілгенін тексеруге;
3) жөнелтуші толтырған (CN 07н.) бланкісінің жазба дұрыстығын тексеруге. 119н. (CN 07н.) бланкісінде жазбалар сәйкес келмеген жағдайда жөнелтушіге қайтаруға;
4) тапсырысты бандерольдің мекен-жай емес бетіне (CN 07н.) хабарлама бланкісін жолда жоғалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай етіп бекітуге;
5) тапсырысты бандерольді бекітілген бланкісімен өлшеуге;
6) түбіртекте «Жай хабарламамен», «Өз қолына табыс етілсін» көрсетуге.
Алынғандығы туралы тапсырысты хабарламасы бар тапсырысты бандерольді қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері осы Ережелердің 457 тармағында көрсетілген әрекеттерден басқа міндетті:
тапсырысты бандерольдің қабында «Тапсырысты хабарламамен» белгісінің бар болуын тексеруге;
жөнелтуші толтырған 119н. бланкісінің жазба дұрыстығын тексеруге. 119н. бланкісінде жазбалар сәйкес келмеген жағдайда жөнелтушіге қайтаруға;
тапсырысты бандерольдің нөміріне (ШПИ) сәйкес келетін хабарламаның нөмірін тапсырысты хабарламаға қоюға (ШПИ жабыстыруға);
тапсырысты бандерольдің мекен-жайы емес бетіне 119н. хабарлама бланкісін жолда жоғалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай етіп бекітуге;
тапсырысты бандерольді жабыстырылған бланкісімен бірге өлшеуге;
түбіртекте «Тапсырысты хабарламамен» белгісін көрсетуге.
Жөнелтуші белгіленген мерзімде алынбаған хабарламаға талап етуге құқы бар. Мұндай хабарлама осы Ережелердің 215 тармағына сәйкес жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелерге сұрау салу жолымен ақысыз талап етілуі мүмкін.
Бір немесе бірнеше мекен-жайға жіберілетін 5 және одан да көп көлемдегі тапсырысты бандерольдер жөнелтушімен 3 дана толтырылатын 103н. тізімі бойынша қабылданады.
103н. тізімі жөнелтушімен осы Ережелермен белгіленген нысан бойынша дайындалады.
103н. тізімдері заңды тұлғалардың жауапты тұлғаларымен қол қойылады және мөр бедерімен куәландырылады. 103н. тізімдерге жеке тұлғалар тек қана қол қояды.
103н. тізімі бойынша тапсырысты бандерольді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері осы Ережелердің 457 тармағында көрсетілген әрекеттерден басқа міндетті:
1)тапсырысты бандерольдерді жеке-жеке тізімдегі жазбамен салыстыруға. Жазбаға сәйкес келмеген жағдайда толық ресімдеуге қайтаруға;
2)әр тапсырысты бандерольді өлшеуге, салмағын қоюға немесе тізімдегі қойылған нақты салмақты салыстыруға. Бандерольдің салмағы 103н. тізімімен сәйкес келмеген жағдайда түзетулер енгізуге және қолын қоюға;
3)тарифтеуге, төлемақысын көрсетуге немесе қойылған төлем ақысының сәйкестігін тексеруге;
4)автоматтандырылмаған қабылдау кезінде тізім бойынша қабылдап алынған тапсырысты бандерольдерге нөмірі қойылған (№ ден № дейін ) бір түбіртек жазып беруге, «Қайда» жолында тізім бойынша қабылдап алынған тапсырысты бандерольдердің санын жазбаша түрде көрсетуге, «Кімге» жолында «Тізім бойынша» белгісін қоюға. Түбіртектің қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға.
Автоматтандырылған қабылдау кезінде қабылданған жөнелтімдердің саны, ШПИ бірінші және соңғы нөмірі, жалпы салмағы және тізім бойынша барлық қабылданған бандерольдердің жалпы төлем сомасы көрсетілген ұқсас түбіртек беріледі;
5) нөмірді қоюға (ШПИ жабыстыруға), тізімге ШПИ-на сәйкес тапсырысты бандерольдердің нөмірін қоюға немесе бандерольдегі және 103н. тізімдегі ШПИ сәйкестігін тексеруге;
6) тізімге қол қоюға, қабылданған күннің ПМ бедерімен куәландыруға;
7) төлемақысын алуға және жөнелтушіге түбіртек пен 103н. тізімінің 1 данасын беруге.
Заңды тұлғаларға өндірістік объектілерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруға сәйкес нөмірлеуді жүргізуге және тапсырысты бандерольдерге ШПИ өздеріне жабыстыруға рұқсат етіледі.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған тапсырысты бандерольдер өндірістік бақылаудан өткеннен кейін 103н. тізімінің бір данасымен жөнелту үшін өңдеуге беріледі.
Автоматтандырылған қабылдау барысында 103н. тізімі автоматты түрде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |