Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ


Спортшылардың қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану жағдайын сауалнама арқылы зерттеу



бет15/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

3.2 Спортшылардың қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану жағдайын сауалнама арқылы зерттеу
Сауалнамалық зерттеу жаттығу үрдісі барысындағы қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолданудың мәселелерін ашу мақсатында жүргізілді. Сауалнаманы құрастыру барысында бізді қызықтырған сұрақтар:

  • жарыс алдында сізге салмақ тусіру үцін қанша уақыт керек,

  • салмақты қалай түсіресіз,

  • қабілеттілікті арттыру үшін қандай витаминдер, дәрілер қолданасыз,

  • қайта қалпына келтіру әдістері мен тәсілдерінің қандай түрін қолданасыз,

  • жарақат алғанда немесе ауырғанда қандай қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолданасыз,

  • тиым салынған дәрілерді(стероидтер,анаболик,тестостерон, т.б.) қолданасыз ба?

  • сборда қандай дәрілер витаминдер қолданасыз? Атауын толық жазыныз

  • споттық формаға кірген соң оны жоғалтпау үшін қандай тәсілдер қолданасыз?

  • допингке жататын дәрілердің тізімін білесізбе?

  • осы салаға байланысты ұсынысыныз барма?

100 респондеттердің сапалық құрамы I разрядтағы спортшылардан бастап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері спортшыларына дейін жетті.
Сауалнаманы өңдеу нәтижесінде, сауалнама жүргізілген 56,4% респонденттер жалпы қол жетімді, белгілі фармакологиялық препараттарды жүйесіз қолданатындары белгілі болды, 35,9% - диспансердегі спорттық дәрігердің жазған ұсыныстарына келіссе, тек 7,7% жекелей таңдалған қайта қалпына келтіру бағдарламасына сәйкес қана қабылдаған. Сонымен қатар, 92,3% спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жарыс алдында үнемі салмақтарын азайтады екен, ал I разрядты спортшылар айтылған процедураға тек 35,7% жағдайда ғана жүгінген.
Сауалнама жүргізілген спортшылардың басым көпшілігі (80,6%) физикалық қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолданбайды, 19,4% сауалнамаға қатысушылар сауна, монша, массаждың көмегіне сүйенеді. Респонденттердің біразы (38,9%) салмақ қуудың тиімді тәсілі ретінде тамақтану тәртібін (диета) атаса, ал біраз бөлігі 22,2% қарқынды жаттығу арқылы салмақ түсіретіндіктерін айтты, 11,2% қалың киініп жүгіру арқылы салмақ түсірсе, 8,3% қарапайым кросты қолданатындықтарын атады.
Қызықтысы, респонденттердің 19,4% ең жақсы әсер етуші әдіс ретінде медициналық препараттарды (зәр айдайтын, іш өткізетін) атаса, тек 2,2% ондай әдісті өзінің спорттық тәжірибесінде қолданады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет