Бір жасқа дейінгі балалардың несепті талдауға жинау
Жабдықтар:
Зарарсыздандырылған қолғап.
Резеңкелі шеңбер.
2 жөргек.
Сүлгі.
Клеенка.
Дөңгелек тарелка.
Несепке арналған таза шыны ыдыс (қақпағы бар
бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған
контейнер).
Саусаққап (пробирка), лейкопластырь.
Несеп талдауына жолдама.
Қыз баланың несебін жинау:
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Медбике қолын жуып, құрғатады және зарарсыздандырылған қолғапты киеді.
Резеңкелі шеңберді ауамен үрлеп, жөргекпен орайды.
Кушеткаға клеенканы жаяды, үстіне дөңгелек тарелканы орналастырып, үстіне резеңкелі шеңберді қояды.
Қыз баланың шат аймағын алдынан артқа қарай бағытпен сумен жуады, сүлгімен құргатады.
Қыз баланы резеңкелі шеңбердің үстіне шат аймағын келтіреді, бас жағын көтеріп, жатқызады.
Несеп шығып болғаннан кейін баланы алып, шат аймағын сүртеді.
Жиналған несепті таза шыны ыдысқа құяды (қақпағы бар бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған контейнер), қақпағын жабады.
Ұл баланың несебін жинау:
Ұл баланың жыныс мүшесіне саусаққапты (пробирка) кигізіп, лейкопластырмен жабыстырады.
Баланың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызады.
Жиналған несепті таза шыны ыдысқа құяды (қақпағы бар бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған контейнер), қақпағын жабады.
Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Қолды жуып, құрғатады.
Медбике жолдаманы толтырып, несепті тез арада зертханаға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |