Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет6/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Балалардың асқазанын жуу

Көрсеткіштері:


1. Емдеу мақсаты: тағамдармен, дәрілермен, өсімдіктермен және басқа да улармен улану, гастрит, жедел тамақтану бұзылыстары.
2. Диагностика мақсаты: улану кезінде уларды идентификациялау; жедел ішек инфекциясында қоздырғыштардың бөлінуі; асқазан ауырғанкезінде асқазанды шайған сулардыңцитологиясын зерттеу.
Қарсы көрсеткіштері: қышқылдар және сілтілермен улану кезі2 сағаттан асса (асқазан және өңештің перфорация қаупі бар); тырыспа синдромы (аспирация болуы мүмкін).
Жалпы мәлімет. Асқазанды жуу үшін зондтың диаметрі баланың жасына байланысты: 3 айға дейін асқазан катетерімен жүргізеді, ерте жастағы балаларға диаметрі 3-5 мм жұқа зонд қолданылады, ересек балаларғадиаметрі 10-12 мм қалың зонд пайдаланылады. Баланың асқазанын жуу үшін жалпы сұйықтықтың мөлшері:1-2 айлық нәрестегі 200 мл, 2-5 айлық – 500 мл, 6-9 айлық –600-800 мл, 9-12 айлық – 800-1000 мл, ересек балаларға өмірінің әрбір жасына 1 литрден, жалпы 10 литрден аспауы тиіс. Енгізілген және бөлінген сұйық мөлшерін анықтау үшін өлшегіш ыдыс қолданылады. Су-электролит алмасу бұзылысының алдын алу үшін 3 жасқа дейін балаларға асқазанды натрий хлорид изотоникалық ерітіндісімен немесе Рингер ерітіндісімен жуады. Ересек балаларда 0,02% перманганат калия ерітіндісімен немесе ас тұзы қосылған сумен (2-3 ас қасық ас тұзын 5-10 литр суға) асқазанды жуады. Тұз ерітіндісі асқазан қақпасын (пилорус) жиырады (спазм) және удың асқазаннан он екі елі ішекке түсуін тоқтатады.
Асқазанды жуу үшін сұйықтықты +35-370С жылытады. Жылы ерітінді баланың тоңуын тоқтадыжәне ішектің перистальтикасын (жиырылып қимылдауы) төмендетеді. Қышқылдар мен сілтілермен уланғанда зонд енгізер алдында жансыздандыру дәрілерін енгізеді, асқазан жуатын алдында зондқа ұзына бойы вазелин немесе өсімдік майын жағады.Ес түссіз жатқан науқастыңбасын түсіріп, сол жақ қырымен жатқызады.
Жабдықтар:

  1. Асқазанды жууға ерітінді құйылған ыдыс.

  2. Адсорбент (адсорбция - кез келген заттектің адсорбент бетінде сорылуы) немесе антидот (уқайырғы) көрсеткіші бойынша.

  3. Зонд (асқазан катетері).

  4. Жанэ щприці(шыны шұңғыма - воронка).

  5. Бір рет қолдануға арналған шпатель.

  6. Ауызкергіш, тілқысқыш.

  7. Асқазаннан шыққан жуындыны жинайтын ыдыс.

  8. Зарарсыздандырылған пробирка және қақпағы бар ыдыс.

  1. Жабдықтарды орналастыратын зарарсыздандырылған лоток.

  2. Қолданған жабдықтарға арналған лоток.

  3. Зарарсыздандырылған пинцет.

  4. Зарарсыздандырылған қолғап.

  5. Бір рет қолдануға арналған алжапқыш.

  6. Жөргек.

  7. Клеенка.

  8. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

Орындалуы :

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

  3. Медбике алжапқыш киеді. Қолын жуып, құрғатып, зарарсыздандырылған қолғапты киеді.

  4. Жөргек үстеліне дезинфекциялық ерітіндіні сеуіп, бір рет қолданылатын салфеткамен сүртеді.

  5. Науқасты отырғызады немесе жатқызады.

  6. Ерте жастағы балаларды көмекшінің алдына

отырғызады. Көмекші өзінің екі тізесімен
баланың аяқтарын қысып, сол қолымен басын, оң
қолымен екі қолын ұстайды.

  1. Зондты енгізу тереңдігін анықтау: баланыңкеңсірік

үстінен кіндікке дейін белгілейді.

  1. Балаға алжапқыш кигізеді. Ерте жастағы балаларға

алдына жөргек қояды.

  1. Зондты ылғандандырады. Баланың аузын ашуын

сұрайды, ерте жастағы балалардың аузын
шпательмен ашады. Қажет болса, ауызкергіш
және тілқысқышты пайдаланады.

  1. Медбике зондты белгіге дейін енгізеді, құсу рефлексін

басу үшін науқастан терең дем алуды сұранады.
Баланың жағдайына назар аудару керек (жөтел
және цианоздың жоқ болуы).

  1. Зондқа шыны шұңғыманы немесе Жанэ шприцті (алдын ала поршень шығарып тастау) байланыстырады. Егер процедура ерте жастағы балаларға жүргізілсе, Жанэщприці поршень шығармайды. Жанэ щприцімен ерітіндіні асқазанға жібереді және сорып алады.

  2. Жанэ щприцті (шыны шұңғыманы) төмен түсіреді және асқазан ішінен шыққан жуындыны бактериологиялық зерттеу үшінзарарсыздандырылғанпробиркаға, қажет болса химиялық зерттеу үшінзарарсыздандырылғанқақпағы бар ыдысқа жинайды.

  3. Жанэ щприцты (шыны шұңғыманы) баланың асқазан деңгейінен төмен түсіріп, ішіне ерітінді құяды. Бірінші порцияға сұйықтықтың мөлшері 15 мл/кг есебінен. Келесісұйықтықтың мөлшері асқазанды шайған су мөлшеріне байланысты.

  4. Жанэ щприцті (шыны шұңғыманы) жоғары көтереді және осы күйде ерітінді төменгі бөлігіне жеткенше ұстайды.

  5. Жанэ щприцты (шыны шұңғыманы) төмен түсіреді және асқазан ішінен шыққан жуындыны ыдысқа жинайды.

  6. Асқазанды таза су шыққанша дейін жууды қайталай береді.

  7. Қажет болған жағдайда асқазанға белсенділендірілген көмір енгізеді.

  8. Зондтан Жанэ щприцін (шыны шұңғыманы) ажыратады, қысып және салфетка арқылы тез шығарады.

  9. Баланың бетін салфеткамен құрғатады.

  10. Бір рет қолданылатын жабдықтарды жояды.

  11. Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Алжапқышты шешеді, қолды жуып, құрғатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет