Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Жұмыр құрттарға нәжісті жинау



бет9/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Жұмыр құрттарға нәжісті жинау

Мақсаты: нәжістен жұмырқұрттыңжұмыртқасын табу.


Көрсеткіштері: гельминтоздар түрлерін анықтау.

Жабдықтар:



  1. Қақпағы барбір рет қолданылатынконтейнер.

  2. Қыш құмыра (горшок).

  3. Зарарсыздандырылған қолғап.

  4. Гельминттер жұмыртқасы, жасырын қан, стеркобилин,

билирубинге нәжіс талдауына жолдама
(№ 220/е нысанды медициналық құжаттама).
Орындалуы:

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіреміз.

  2. Нәжісті зерттеп болар алдында дайындықсыз таңертең жинауды айтыңыз.

  3. Нәжіс жинау іс-әрекетін үйретіңіз:

  • нәжісті алар алдында зарарсыздандырылған қолғапты киеді;

  • үлкен дәретке сусыз қыш құмыраға (горшок) отырған соң,үш жерінен 3-5 гнәжісті қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салады және қақпағын жабады;

  • қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады;

  • контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық зертханаға (30 минуттен кешіктермей) жеткізеді.



Энтеробиозға баланың перианальды қатпарларынан қырынды алу
Жабдықтар:

  1. Зерттеу шыны тілімше - 2 дана.

  2. 50 % глицерин ерітіндісі.

  3. Тамызғыш.

  4. Ұшына мақта оралған залалсыздандырылған металл (ағаш) таяқша.

  5. Лабораторияға жолдама.

  6. Стеклограф.

  7. Зарарсыздандырылған қолғап.

  8. Крафт- қағаз, резеңке шеңбер.

  9. Жолдама.

  10. Зерттеу алдында перианальды аймақта острица жұмыртқаларын табу үшін баланың шат арасын жумайды.

Орындалуы:

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жолдамадағы көрсетілген нөмерін стеклографпен зерттеу шыны тілімшісіне сол номерін жазады.

  3. Тамызғышпен глицерин майын сорып алып, шыны тілімшіге бір тамшы тамызады.

  4. Медбике қолын жуып, құрғатады және зарарсыздандырылған қолғапты киеді.

  5. Баланы сол қырымен жатқызып, аяқтарын тізебуында бүгіп, ішіне тартады.

  6. Сол қолының саусақтарымен баланың бөкселерін керіп, ашады.

  7. Оң қолмен таяқшаның ұшын глицеринге ылғалдап, таяқшаның ұшымен анустың айналасынанжәне тік ішектің төменгі бөлігінен қырынды алады.

  8. Зерттеу шыныға таяқшамен жағынды (мазок) жағады, үстінен екінші шыны тілімшіні салады және бір-бірінрезеңке шеңбер арқылы бекітіп, крафт қағазға орайды.

  9. Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Қолды жуып, құрғатады.

  10. Жолдамамен бірге тез лабораторияға жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет