Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Нәрестені гигиеналық ваннаға түсіру



бет2/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Нәрестені гигиеналық ваннаға түсіру
Жаңа туылған балаға бірінші гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғынан кейін 7-10 күнде өткізеді. Алғашқы бірінші айында баланы қайнаған суға 5% калий перманганат ерітіндісін ақшыл-қызғылт түске дейін қосып, шомылдырады (1-2 аптадан ұзақ қолдануға болмайды, себебі теріні құрғатады). Түймедақ (ромашка), итошаған (череда), киікшөп (душица) тұндырмасын қолдануға пайдалы.
Алғашқы жарты жылда гигиеналық ваннаны күнде, екінші жартысында күнара, содан кейін аптасына 2 рет жүргізіледі. Баланы белгілі бір уақытта шомылдыруды ұсынады, тамақтың алдында 10-15 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1сағат өткенде, 1-1,5 сағат,ұйықтататын алдында.
Ваннадағы судың температурасын тек термометр арқылы дәлелдеу керек.
Жабдықтар:

  1. Шомылдыруға арналған ванна және су термометрі.

  2. Ваннаға салатын жөргек және фланелдік матадан тігілген қолғап.

  3. Нәрестені шомылдыруға арналған сабын.

  4. Үлкен жұмсақ түкті сүлгі.

  5. Таза киімдері немесе жөргектейтін үстелдің үстіне жайылған жөргектер.

  6. Зарарсыздандырылған өсімдік май (балалар кремі, «Джонсонс» майы,

баланың қатпарларына арналған сеппе).

  1. Зарарсыздандырылған қолғап.

  2. Су құюға арналған құмыра.

  3. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

  4. Кір киімдерге арналған қап.

Орындалуы:

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

  3. Медбике қолын жуып, құрғатады, зарарсыздандырылған қолғапты киеді.

  4. Ваннаның ішін дезинфекциялық ерітіндімен сүртіп, қайнаған сумен шаяды.

  5. Жөргектейтін үстелдізалалсыздандыратын ерітіндімен сүртіп, үстелге жөргектерді жаяды.

  6. Ваннаның түбіне бірнеше рет бүктелген жөргек салады.

  7. Ваннаға мезгілі жетіп туылған балаға жартылай су+37-37,50С, шала туылған балаларға +37,5-380С су толтырады.

  8. Нәрестенің денесін шаю үшін құмыраға ваннадан су құяды.

  9. Нәрестені шешіндіріп, киімін қапқа салады.

  10. Нәрестені медбике бір қолымен арқасын және басын ұстап, екінші қолымен бөксе және санын ұстап, еппен ваннаға түсіреді: алдымен аяқтарын, содан кейін бөксе – арқасын – бүкіл денесін емшек ұштарына дейін.

  11. Бөксе мен аяқтарын ұстаған қолды босатып алады, екінші қолымен нәрестенің басын және арқасын ұстай береді.

  12. Босаған қолына фланелді матадан тігілген қолғапты киіп, оны сабындап, нәрестені шомылдырады, келесі тәртіппен: маңдайынан - шүйдеге, шүйдеден - мойынға, мойыннан - денеге, денеден – аяқтарына бағыттап. Соңында шат аймағын және екі бөксенің ортасын жуады. Сабынды су нәрестенің көзіне және құлағына кіріп кетпеуді бақылау керек!

  13. Медбике фланелді қолғапты шешіп, нәрестені ваннадан шығарып, бетін төменге қаратып, екпетіне ауыстырып, қолына жатқызады.

  14. Алдын-ала құйылған құмырадағысумен нәрестенің денесін шаяды, содан кейін жұмсақ түкті сүлгімен орап, жөргектейтін үстелге жатқызады. Сүлгімен денесін сүртіп, құрғатады.Тері қыртыстарына зарарсыздандырылған өсімдік май (балалар кремі, «Джонсонс» майы) жағады немесе баланың қатпарларына арналған сеппені себеді.

  15. Нәрестені киіндіріп, төсегіне жатқызады.

  16. Барлық пайдаланған жұмсақ заттарды қапқа салады, ваннадағы суды төгіп, таза ағынды сумен шаяды.

  17. Ваннаның ішін және жөргектеуге арналған үстелді дезинфекциялық ерітіндісімен сүртеді.

  18. Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады, қолды жуып, құрғатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет