Қауіпсіз иммунизацияны қамтамасыз ету
Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат берілген иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсер ететін инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған профилактикалық әсері бар иммундық-биологиялық препараттар – анатоксиндер, вакциналар, иммуноглобулиндер, иммундық сарысулар (бұдан әрі – ПӘИБП) пайдаланылады.
ПӘИБП-ны қолдану алдында оған қоса берілген нұсқаулықты, ампуланың (құтының, ПӘИБП бар шприцтің) жарамдылық мерзімін, таңбалануын және бүтіндігін, препараттың қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкестігін зерделеу қажет.
Халыққа вакциналарды және басқа да ПӘИБП-ны енгізудің қауіпсіздігі мақсатында:
1) ПӘИБП-ты енгізу орнын өңдеу, егер вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі;
2) ПӘИБП-ны енгізу үшін стерильді өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтерді, скарификаторды пайдалану; қаптаманың бүтіндігі бұзылған, сақтау мерзімі аяқталған, көрінетін ластану белгілері бар шприцтер мен инелер жойылады;
3) қаптаманы тікелей шприцті пайдалану алдында ашу;
4) ПӘИБП-ның әрбір құтысын еріту үшін бір рет қолданылатын стерильді шприцті және инені пайдалану және ПӘИБП-ны еріткеннен кейін дереу құты тығынынан инені алу;
5) егер ПӘИБП-ның нұсқаулығында басқаша көзделмесе, еріту кезінде ПӘИБП-ға еріткіштің толық мөлшерін пайдалану;
6) ПӘИБП-ны енгізген кезде енгізу техникасын сақтау және дене аймағын дұрыс таңдау (1 жасқа дейінгі балалар үшін вакцина енгізу орны – санның алдыңғы латеральды аймағы, 1 жастан асқан балалар және ересектер үшін – иықтың дельта тәрізді бұлшық еті аймағы);
7) ПӘИБП-сы бар құты тығынын өңдеу және ПӘИБП енгізілетін дене аймағын өңдеу үшін бөлек стерильді мақта немесе дәке шариктерді немесе бір рет қолданылатын антисептикалық сулықтарды пайдалану;
8) дене аймағын өңдеуге арналған стерильді мақта немесе дәке шариктерді спиртте емес, құрғақ күйінде сақтау;
9) бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;
10) шприц қаптамасын ашқаннан кейін ПӘИБП-ны енгізуге дейін мүмкіндігінше ең аз уақытты қамтамасыз ету;
11) ПӘИБП-ны енгізу кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған баланың дұрыс қалпын сақтау;
12) егу кабинеттерін ПӘИБП-мен, өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтермен кешенді қамтамасыз ету қағидатын сақтау;
13) ҚЖКЖК-ны егу тікелей жүргізілетін орынның жанында орнықты бетке орналастыру;
14) пайдаланылған инесі бар шприцтерді инъекциядан кейін алдын ала жумай, дезинфекцияламай, бөлшектемей және қалпын өзгертпей дереу ҚЖКЖК-ға жинау;
15) ҚЖКЖК қақпағын төрттен үш бөлігі (немесе белгіге дейін) толған кезде жабу;
16) пайдаланылған шприцтермен толтырылған ҚЖКЖК-ны уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлу;
17) толтырылған ҚЖКЖК-ны жою қажет етіледі.
Егуді алғаннан кейін егілген адамдар иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкері белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 3 күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.
Құрамында АбКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін егілілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң және әрі қарай клиникалық көрсетімдері болған жағдайда әр 6 сағат сайын, бірақ жас ерекшелігіне сәйкес дозаларда 1-3 тәулік бойы тәулігіне 4 реттен көп емес парацетамол немесе ибупрофен бере отырып, ИКҚК профилактикасы жүргізіледі.
Егілген адамға шақыртылған медицина қызметкері осы шақыртуға тез арада қызмет көрсетеді, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді және көрсетілімдер болған жағдайда оны емдеуге жатқызады. ИКҚКА-ға күдіктену кезінде медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жедел хабарлама жібереді.
Мұрыннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек
Мұрынан қан кету көбінесе мұрын пердесінің алдынғы жағындағы тамырлар өрімінің зақымдануына байланысты болады (Кисельбах аймағы).
Симптоматикалық қан кетулер болуы да мүмкін:
- геморрагиялық диатездер кезінде (тромбоцитопениялар, лейкоздар, гемофилия);
- инфекциялық аурулар кезінде (ЖРВИ, грипп, сепсис және т.б.)
- жергілікті қабынулық және продуктивтік үрдістер кезінде (полиптер, аденоидтар, өспелер);
- артериялық қан қысымы жоғарылағанда.
Достарыңызбен бөлісу: |