Нәрестені энтеральді қоректендіруге арналған зонд (сүңгі) арқылы тамақтандыру
Жабдықтар:
Зарарсыздандырылған қолғап.
Бір рет тамақтандыратын мөлшермен +37-380С жылытылған ана сүті.
Бір рет қолданылатын энтеральді қоректендіруге арналған зонд (сүңгі).
20 мл мөлшерлі бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған шприц.
Зарарсыздандырылған салфетка.
Электросорғыш немесе резеңкелі сорғыш (груша).
Жабдықтарды орналастыратын зарарсыздандырылған лоток.
Қолданғанжабдықтарғаарналған лоток.
Орындалуы:
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.
Нәрестенің бас жағын көтеріп, қырымен жатқызады. Жағдайды бекіту үшін екі жағына жұмсақ білікше салады.
Медбике қолын жуып, құрғатып, зарарсыздандырылған қолғапты киеді.
Зондты нәрестенің құлақтың сырғалығымен мұрынға дейін (егер зондты мұрын арқылы енгізсе) белгі салады; құлақтың сырғалығымен мұрынға дейін басып, мұрынның ұшынан төссүйектің семсер өсіндісіне дейін (егер зондты ауыз арқылы енгізсе) сол мөлшерде белгілейді.
Зондтың ұшын ана сүтіне ылғалдандырады және тілдің ортанғы сызықпен немесе мұрын қуысы арқылы белгіге дейін енгізеді.
Зондқа шприцті жалғастырады.
Зондтың орналасуын тексереді: а) шприцпен 2,0 ауа асқазанға жібереді (төссүйектің семсер өсіндісі деңгейінде фонендоскоппен тексеру); б) шприц поршенің тартып, 1- 2 мл асқазандағы сөлді сорып алады, содан кейін қайтадан оны асқазанға жібереді.
Зондты лейкопластырмен нәрестенің ұртына жабыстырады.
Шприцтан поршенді суырып алады. Бос шприцты зондқа жалғастырады
Шприцке жылы ана сүтін құяды.
Зондтың ұшын жоғарыға көтеріп, ұстайды.
Керекті мөлшерлі ана сүтін енгізіп болғаннан кейін, ауыздан 2-3 см аралықта екі саусақпен зондты қысып, салфетка арқылы тез суырып алады.
Нәрестенің басын көтеріңкі жағдайға ұстайды, содан кейін бас жағын көтеріп, оң жағына жатқызады.
Пайдаланған жабдықтарды жояды.
Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады, қолды жуып, құрғатады.
Достарыңызбен бөлісу: |