Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


«Ақ» гипертермия кезіндегі жедел жәрдем



бет21/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

«Ақ» гипертермия кезіндегі жедел жәрдем:
Қызуды басатын шаралармен қатар (жоғарыда қараңыз) ішуге немесе бұлшық етке қан тамырларын кеңейтетін дәрілер беру:
- папаверин немесе но-шпа 1мг/кг мөлшерінде ішуге;
- 1 жасқа дейінгі балаларға 2% папаверин ерітіндісін 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқан балаларға 0,1-0,2 мл/өмірінің әр жылына немесе но-шпа ерітіндісін 0,1 мл/өмірінің әр жылына немесе 1% дибазол ерітіндісін 0,1 мл/өмірінің әр жылына мөлшерінде;
- сонымен қатар 0,25% дроперидол ерітіндісін 0,1-0,2 мл/кг (0,05-0,25 мг/кг) бұлшық етке пайдалануға болады.


Гипокальциемиялық тырысулар кезінде
дәрігерге дейінгі көмек


Тырысулар – қаңқа бұлшық еттерінің кенет пайда болатын, еріксіз тоникалық-клоникалық жиырылу ұстамалары, олар кейде естен танумен өтеді.
Гипокальциемиялық тырысулар (тетаниялық тырысулар, спазмофилия) – қанда иондалған кальций концентрациясының төмендеуіне байланысты. Көбінесе 6 айдан 1,5 жасқа дейінгі балаларда мешел кезінде (әдетте көктемде), сонымен қатар қалқанша маңы бездерінің гипофункциясы, іш өтумен және құсумен өтетін соматикалық аурулар кезінде және т.б. байқалады.
Жедел жәрдем:
1. Тырысу ұстамасын жеңіл түрінде ішуге тәулігіне 0,1-0,15 г/кг есебінен 5-10% кальций хлоридінің немесе кальций глюконатының ерітіндісін тағайындайды.

  1. Ауыр ұстамалар кезінде парентеральды жолмен:

- 5% глюкоза ерітіндісіне 2 есе ерітіп, 0,2 мл/кг (20мг/кг) мөлшерінде вена ішіне баяу 10% кальций глюконаты ерітіндісін енгізу қажет;
- тырысу жалғасып жатса, 25% магний сульфаты ерітіндісін 0,2 мл/кг мөлшерінде бұлшық етке немесе 0,5% седуксен ерітіндісін 0,05 мл/кг (0,3 мг/кг) мөлшерінде бұлшық етке.
Тырысу тоқтағаннан кейін, қажет болса, соматикалық бөлімшеге жатқызылады.
Кез келген тырысу эпизодтарының эпилепсиямен ажырату диагностикасын өткізу қажет.


Талма кезінде дәрігерге дейінгі көмек


Талма немесе есінен тану (О́бморок или синко́пе (лат. syncope «обморок») – уақытша ми қан айналымының бұзылуы салдарынан, кенеттен қысқа мерзімді есінен айырылып, бұлшық ет тонусын жоғалту.
Балаларда талма көбінесе мектеп жасында байқалады, бұл пубертаттық (жыныстық жетілу) кезеңде қантамырлар тонусының вегетативтік реттелуінің толық жетілмегендігін көрсетеді
Балалардағы талманың ең жиі себептері:
- провокациялық жағдайлар: ауыру сезімі, манипуляциялардан қорқу, қанды қорқу, ұзақ уақыт тар бөлмеде болу;
- ортостатикалық жағдайлар: кантамырлар тонусы реттелуінің теңгерілу механизмдері жеткіліксіз балаларда горизонтальды дене қалпынан вертикальды қалпына ауысқан кезде дамиды;
- рефлекторлық талма рефлексогендік аймақтарды (тамақ, көмекей, бронхтар, каротидтік синус) манипуляция жасауға жауап ретінде дамиды және кезбе жүйкенің тітіркенуімен байланысты;
- ситуациялық талма жөтел ұстамасы кезінде, дефекация (нәжістің шығу үрдесі) кезінде қатты күшенгенде немесе несеп шығару қиындаған кезде, ауыр нәрсе көтерген кезде кеудеішілік қысымның күрт жоғарылап, қанның мидан кері ағып кетуін қиындатуы салдарынан пайда болады;
- ми қантамырларының эмболизациясы (қантамырлардың бөгде затпен тығындалуы), ми қанайналымының бұзылуы, ауыр анемия;
- тамақтанудағы ұзақ үзіліс болса немесе балада ұстама қарқынды физикалық не эмоционалдық жүктемеден кейін дамыса, гипогликемия жағдайы туралы ойлану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет