Манту сынамасын жасау және оның нәтижесін бағалау
Туберкулин тері ішіне енгізуге арналған ерітінді, 2ТБ. Манту сынамасын жүргізеге қолданылады. Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:
1) туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік (ұжымдық), пәтерлік және басқа қарым-қатынастар);
2) 2 айдан асқан балалар вакцинациялау және ревакцинациялау алдында;
3) жоғарғы тәуекел тобындағы балалар.
Туберкулез бойынша тәуекел тобын учаскелік педиатр немесе жалпы практика дәрігері бекітілген балалар санынан қалыптастырады. Баланың даму тарихында учаскелік педиатр (жалпы практика дәрігері) қауіп факторларын көрсете отырып, туберкулез бойынша тәуекел тобына баланы алудың эпикриз – негіздемесін ресімдейді. Жоғары тәуекел топқа іріктелген ұйымдастырылған балалардың тізімі туберкулин диагностикасының жоспарын жасау үшін мектептің дәрігеріне (мейіргеріне) оқу орны бойынша (балабақшаға) беріледі.
Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы тәуекел тобына:
1) ата-аналары АИТВ жұқтырған, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, табысы аз, көшіп-қонушы отбасыдан шыққан;
2) қант диабеті, бронх-өкпе жүйесінің тән емес аурулары, тамақтанудың бұзылуы (дене массасының тапшылығы) АИТВ-инфекция бойынша диспансерлік есепте тұрғандар, иммундық супрессивті терапия алатындар (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар және басқалары), мүгедектер;
3) БЦЖ вакцинасымен егілмеген және вакцинасының белгісі қалыптаспаған балалар;
4) стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде және психоневрологиялық диспансерлерде арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алатын балалардың контингенті жатады.
Қарсы көрсетілімді айқындау мақсатында дәрігер Манту сынамасын қояр алдында медициналық құжаттаманы зерделейді, сауаланама жүргізеді және қарап-тексереді.
Манту сынамасын дәрігердің тағайындау бойынша, туберкулин диагностикасын жүргізуге рұқсат-құжаты бар, арнайы оқытып үйретілген мейіргер қояды.
Манту сынамасын жүргізу үшін бір реттік пайдаланатын туберкулин щприцтерін қолданады. Білектің үштен бірінің ортанғы бөлігінің ішкі бетіне 0,1 мл (2 ТБ) туберкулинді, яғни бір дозасын қатан түрде тері ішіне енгізеді. Енгізу техникасы дұрыс болғанда теріде «лимон қабығы» түріндегі, диаметр 7-10 мөлшердегі, ақ түсті папула түзіледі.
Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар мөлдір сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.
Манту сынамасы мынадай болып бағаланады:
1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе "инемен шаншу реакциясының" болуы (0-1мм);
2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе инфильтратсыз кез-келген көлемді гиперемия болса;
3) оң –диаметрі 5 мм және одан астам инфильтрат (папула) анықталса. Көлемі 15 мм және одан астам инфильтрат немесе везикуло-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбай, гиперергиялық реакция ретінде бағаланады
Манту сынамасы нәтижесі профилактикалық екпелер картасына (№063/е нысаны), баланың медициналық картасына (№026/е нысаны), баланың даму тарихына (№112/е нысаны) тіркеледі және де төмендегілер жазылады:
стандартты туберкулинді шығарған – мекеме, сериясы, бақылау нөмірі мен оның жарамдық мерзімі;
туберкулин сынамасын жүргізген күн;
Манту сынамасының нәтижесі инфильтрат немесе гиперемияның көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы жазылады, ал инфильтрат және гиперемия болмаса - теріс деп тіркедеі.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін ұйымының фтизиатр-дәрігеріне жіберіледі:
1) алғаш айқындалған оң туберкулин реакциясы бар;
2) гиперергиялық туберкулин реакциясы бар;
3) туберкулин сезімталдығының 6 мм және одан жоғарыға өсуі бар;
4) көлемі 12 мм және одан астам инфильтраты бар балалар.
МСАК көрсететін ұйымның фтизиатр-дәрігері туберкулин оң балаларға консультация береді, көрсетілімдер бойынша қосымша тексеру жүргізеді және кең спектрлі антибиотиктермен емдеуді тағайындауға көрсетілімдерді айқындайды. Туберкулині оң адамдарды толық зерттеп-қараудың бүкіл кезеңі қалалар мен аудан орталықтарының тұрғындары үшін 2 аптадан, ауылдық жерлер үшін 1 айдан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |