Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Жіті стеноздеуші ларинготрахеит (жалған қыспақ) кезінде



бет19/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Жіті стеноздеуші ларинготрахеит (жалған қыспақ) кезінде
дәрігерге дейінгі көмек
(Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу)
Жіті стеноздеуші ларинготрахеит жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуына әкеп соқтырады, ауыр жағдайларда өмірге қауіп туғызады. Ауыр жағдайлар көбінесе 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
Себебі: жіті респираторлық вирустық инфекция, қызылша.
Жіті стеноздеуші ларинготрахеиттің жеңіл түрінің белгілері: дене қызуының жоғарылауы, дауысының қырылдауы, қарлыққан және үзік жөтел, бала мазасызданғанда ғана естілетін стридор.
Жіті стеноздеуші ларинготрахеиттің ауыр түрінің белгілері:баланың тыныш күйінде болатын стридор, жиілеген тыныс және кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы, цианоз немесе артериальды қанның оттегімен қаңығуының ≤90%.
Жеңіл түрін баланы үй жағдайында қалыпта ұстайтын күтімін жасау арқылы емдеуге болады. Сұйықтықты жиі ішкізіп, емшекпен емізуді немесе тиісті тамақтандыруды ыңталандыру қажет.
Ауыр түрінде баланы төменде көрсетілген емді жасау мақсатында ауруханаға жатқызу керек:

  1. Кортикостероидтар. Дексаметазонның бір реттік дозасын ауыз арқылы беру (0,6 мк/кг) немесе басқа кортикостероиды препараттың эквивалентті: дексаметазон бұлшық етке немесе преднизолон. Егер мүмкіндік болса небулайзер арқылы дозасы 2 мг будесонидпен (глюкокортикостероид) ингаляция жүргізу. Кортикостероидтармен терапияны ерте бастау қажет. Егер бала таблетканы жұта алмаса, оны суға ерітіп береді. Егер балада құсу болса, дәріні беруді қайталайды.

  2. Адреналин. Адреналинмен ингаляция жүргізеді (2 мл 0,1% ерітінді 1:1000). Егер ол әсерлі болса, әр сағат сайын мұқият бақылай отырып, қайталайды. Көп жағдайларда бұл ем 30 минут ішінде баланың жағдайын жақсартуы мүмкін, бірақ ол көбіне уақытша болады, әсері 2 сағаттан аспайды.

  3. Антибиотиктер. Олар әсер етпейді және оларды бермеген жөн.

  4. Баланың жағдайын мұқият бақылай отырып, шұғыл түрде интубация және трахеостомия жүргізуге дайын болу керек, себебіжоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы (обструкция) кенеттен дамуы мүмкін.Интубация және трахеостомия жасау үшін анестезиолог немесе хирургты шақыру қажет.

Қалыпты ұстайтын емдеу:

  1. Мүмкіндігінше баланы мазаламауға тырысады.

  2. Баланың жалпы жағдайын нашарлататын дене қызуының едәуір жоғарыласа (≥38,50С) парацетамол беріледі.

  3. Емшек сүтімен тамақтандыру және сұйықтықты көбірек қабылдау ұсынылады. Әдетте қажет емес парентеральды сұйықтықты беруден бас тартады.

  4. Бала тамақты өздігінен жегені жөн, тамақты өзінше қабылдай алатын жағдайға жеткен соң.

  5. Аэрозольдық шатырларын қолданбау керек, себебі ол баланы ата-анасынан алшақтатып, жағдайын бақылауға кедергі келтіреді. Балаға седативті және жөтелге қарсы дәрілер берілмейді.

Қызба




Қызба – патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене температурасының көтерілуіне әкелетін, ағзаның табиғи реактивтілігін күшейтетін жылы реттеу үрдістерінің өзгеруімен сипатталатын, ағзаның қорғаныс – бейімделу реакциясы.
Баланың дене қызуының көтерілу деңгейіне қарай: субфебрильді температураны 37,2-38,00С; фебрильді 38,1-39,00С; гипертермиялық 39,00С және одан жоғары температураны ажыратады.
Балалардағы қызбаның ең жиі себептері:
- инфекциялық- токсикалық жағдайлар;
- ауыр метаболикалық бұзылыстар;
- шамадан тыс қыздырыну;
- аллергиялық реакциялар;
- посттрансфузиялық жағдайлар;
- эндокриндік бұзылыстар және шығу тегі анық емес қызба болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет