Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет14/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Лекция (1)

Ұлы жібек жолы. Қала мәдениеті: Орта Азияда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда шаһар өмірі ежелгі дәстүрлерге ие. Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қарахан ерте феодалдық дәуірінде де көптеген шаһарлары болған мемлекеттер еді.
Б.з.б. екінші ғасырдан бастап Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы жібек жолы Қазақстан аумағы арқылы өтті. Осы жол бойында ірі қалалар бой көтерді. Қазақстан қалаларының ең гүлденген кезеңі IX­-XII ғғ. болып, бұл кезде олардың саны 56-ға жетті. Олардың ішінде ең ірілері Сығанақ, Сауран, Ясси, Отырар, Испиджаб, Тараз, Суяб, Мерке, Қүлан, Баласағұн т.б.
IX­ ғасырлар әдебиеттерінде араб тіліндегі географияға негізделген Орта Азия шаһарларын көрсету үшін арнайы терминологи я құрастырылған.
Түркі дәуіріндегі рухани мәдениет: VI-XII ғғ. Қазақстанда өмір сүрген ру — тайпалардың түркі тілінде сөйлегендігі түркология ғылымында толық дәлелденген. Алайда, тіл ғылымының зерттеулеріне қарағанда, негізі түркі тілдес қарлұқтардың, қыпшақ-қимақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру-тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің болғандығы анықталған. Араб, парсы жазба деректеріне қарағанда, қарлұқ тайпаларының тілінде кейбір айырмашылықтар байқалады. Егер, Орта Азия (Фергана) жеріндегі қарлұқтар қағанды "Ябғу" десе, ал Алтай-Сібір жағындағы қарлұқтар "жағбу" деп атаған. Бірақ олар бір-бірін түсінген.
Түркі тілдес жазулар тіл ғылымында "руна" жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімінің ғалымы Дания университетінің профессоры В. Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог ғалым В. Радлов болды. Сөйтіп, ХIХ ғасырдың аяғында руна жазуының қүпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
Түркі жазуларын бізге жеткізуде С. Аманжолов, Р. Мұсабаев, Р. Айдаров, А. Аманжолов, К. Өмірәлиев, М. Жолдасбеков сияқты ірі ғалымдардың еңбектері ерекше.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұрады. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғди әріптері әсер еткен.
Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін", "Білге қаған" сияқты тамаша жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни наным-сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері, бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай, ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының автохтонды екендігіне дәлел.
Тұркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білуі. Көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының, табиғаттың жылы-суықтығы ескеріліп отырған.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.
Түркілер арасынан атақты ғалымдар, ақын-жазушыларымыз Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М. Қашғари, А. Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түрік тілінде жазған. Ал, ХII ғасырдан бастап түрік жазуы қолданыстан шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл-Фарабидің (870-950) көптеген еңбектері араб тілінде жазылған. Оның ғылымның әртүрлі салаларына арналған 160 тан астам енбегі бізің заманымызға дейін сақталып қалған.
ХІ ғасырда түрік халықтарыньң аса көрнекті ғалымдарының бірі Махмуд Қашғари (1030-1090). Ол өзінің "Диуани лүғат ат-түрік" енбегінде өз заманындағы ру-тайпалардың, тілдеріндегі айырмашылықтарды салыстыра отырып зерттелген алғашқы тіл біліміндегі еңбегін қалдырған.
ХІ ғасырдың аса көрнекті ғалымдарының бірі Жүсіп Баласағұн (1021-1075). Ғалым өзінің атақты дастаны "Қүтадғу білік" (Құтты білім) еңбегімен белгілі. Қарахан билеушісі Қадырханға арналған дастанды ол 1069 жылы жазып бітірген. Қадырхан оған Хас Хаджиб атағын берген.
Онтүстік Қазақстан жерінде Түркістан қаласының аймағында туып оскен, аты Қарахан мемлекеті халқының арасында әйгілі болған ғалым Ахмед Иугінаки. Оның бізге жеткен атақты енбегі "Ақиқат сыйы" (Хиботул-хақайық). Бұл дастанда халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамтамақтан аулақ болуға, имандылыққа шақырады.:
Тарихта түркілер әлемінде аты әйгілі болған ислам дінінің өкілі, сопылық- мистикалық ағымның басты бір өкілі Қожа Ахмет Яссауи. Оның "Диуани хикмет" (Даналық кітабы) бізге жеткен. Тағы да бір сол ағымның жолын қуған ақын Хакым ата аталған Сүлеймен Бақырғани. Ол өзінің нақыл сөздерін қара сөзбен де жазған. "Бақырғани кітабы” тілі жатық, қарапайым халыққа түсінікті, діни нанымға байланысты болды.
Хакім ата "Ақыр заман", "Бибі Мария" кітаптарымен танымал болған. Бұл еңбектер өз заманына сай діни сарынмен жазылған, халықты имандылыққа шақыру.
ХIII ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең түрде етек жая бастауына байланысты Әли ақынның "Жүсіп-3ылиқа" атты поэмасы жарық көрген. Бұл еңбектің сарыны дінді уағыздау.
Сонымен, VI-ХI ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ, оғыз, қарлұқ, ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи - әдеби шығармалар қалдырған.
Қорытынды: ХIII ғасырдың басында Шыңғыс ханның найман, керей тайпаларын талқандауы Қазақстан жеріндегі түркі дәуірінің құлаған кезі болып табылады. Шыңғыс хан Жетісу жерін алған соң, біртіндеп Қазақстан жерін басып алады. Бұл аймақтағы түркі тілдес тайпалардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстар үзіліп, бір жерден екінші жерге қоныс аудару басталады, бұрыннан қалыптасқан территориялық байланыстар да үзіліп, бірыңғай қалыптаса бастаған тіл байланыстары жойылып, халықтың қалыптасу кезеңі бұзылады. Қазақ жері моңғол үстемдігінің қол астында 200 жылдай қиын кезеңдерді басынан өткізген.
Бұл кезең түркі тайпалардың ұлт болып қалыптасу кезеңін кешіктірді. Бірақ, мемлекеттік қүрылымдардың дамуына өз әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет