Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет15/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары
1.Ихта жүйесі
2.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдау
3.Дешті-қыпшақ термині
4.Ұлыс ұғымының мәні
5.Қыпшақтардың тілі мен мәдениеті
6.Қала мәдениетінің қалыптасуы


Әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – А., 1995. –176 бет.
3.Әлиев Ө.Ә. Ерте ортағасырлық Маураннаһр шаһарларының әлеуметтік-экономикалық эволюциясы.//Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 225 бет.
4.Елеуов М., Қалиев С. Ортағасырлық Тараз қаласы аймағының қарауыл мұнаралары.// Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 154-155 беттер.
5.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б


Лекция №7
Қазақстанның VI-XII ғасырлардағы экономикасы мен мәденитінің дамуы


Жоспар
1.Көшпелі мал өсірушілік, қоғамдағы шаруашылық, мәдениет типтері
2.Ұлы Жібек жолы және Қазақстан территориясындағы тармақтары
3.Рухани және материалдық мәдениет
4.Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман-түрік мәдениеті

VI-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өстi. Олар сауда мен қолөнердiң, дiн мен мәдениеттiң тiрегiне айналды. Батыс Түркiстан жерiнде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтердi. Олардың көтерiлуi таптық қоғамның шығуының айқын көрiнiсi едi.


Орта ғасырда Қазақстан өзiнiң қалалары арқылы әлемдiк қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерiмен Жiбек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстiгiнде басты және iрi қалалардың бiрi - Исфиджаб (қазiргi Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Исфиджаб iрi қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзетi) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесi жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешiт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар".
VI-ХII ғасырларда тiкелей сауда орталығы ретiнде мәлiм болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлерi өндiрiлiп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темiр әкетiлiп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденiп, көркейген кенттердiң бiрi болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттелiп осы уақытқа дейiн сыры ашылған жоқ. Бiрақ оның қандай рөлi болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан iрi қалаларының бiрi – Отырар. Араб-парсы деректемелерiнде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IХ ғасырдың бас кезiнде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерiнiң бастығын өлтiрдi және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсiрдi деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрiнде IХ-Х ғасырларға дейiн сақталған.
Археология және архивтiк материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушiсi өзiн теңдесi жоқ "Отырарбендi патшасы" деп атаған. Қала аймағында болған бiрнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бiрi – Кедер IХ-Х ғасырларда оазистiң астаналық орталық дәрежесiне дейiн көтерiлген, мұның өзi саяси жағдайдың өзгеруiне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты едi. Отырар өмiрi Х-ХII ғасырлардан кейiн де жалғасып, оның орта Сырдария өңiрiнiң экономикасы мен мәдениетiне ықпалы күштi болған. Отырар көлемi жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгiлi болған орта ғасырлық қалалардың бiрi – Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшiсi Земарх Килликискийдiң Батыс түрiк қағаны Дизабұлға берген есебiнде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңберi 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
VII ғасырда Тараз "Ұлы Жiбек жолындағы" iрi мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезiнде түрiк, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерiнiң басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнiнде тарихи мағлұматтар бар.
Х-ХII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кiрпiштен көпшiлiк үшiн салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибiнiң күмбезi көтерiлген. Ол жақсы күйдiрiлген кiрпiшпен қаланып безендiрiлген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазiр қалпына келтiрiлдi. Тараз жерiндегi ортағасырлық сәулет өнерiнiң тағы бiр ескерткiшi – Қарахан күмбезi. Өкiнiшке қарай, қираған күмбез ХХ ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәндi өрнектерi өшiп кеткен. Бiзге дейiн жеткенi тек оның суретi ғана.
Тараз Жетiсудың саяси, экономикалық және мәдени өмiрiнiң iрi орталығы болған. Оның төңiрегiндегi Талас, Асса сияқты өзендердiң бойында Төменгi Барысхан, Хамукет, Жiкiл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бiр-бiрiне тiзбектелiп жалғасып жатты. Сондай-ақ, Iле өзенiнiң алқабында Қойлық, Талхиз, Екi-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
ХI ғасырда Ясы (Түркiстан) қаласы Шауғар округiнiң орталығы саналған. Мұнда ХII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезi салынып, қала дiни орталыққа айналады.
Сырдариядағы iрi қала – Сығанақ. Қазақстанның солтүстiгi мен солтүстiк-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол ХII ғасырда қыпшақ бiрлестiгiнiң орталығы болды. Қазiр Сығнақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.
Х-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бiрқатар қалалар - Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршылылықкент, т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемi ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жерiндегi халықтардың экономикалық өмiрiнде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сiбiр, Шығыс Түркiстанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейдi. VI-Х ғасырлардағы халықаралық саудада "Ұлы Жiбек жолының" зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жеттi, одан әрi керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бiрнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. "Жiбек жолы" Тараздан терiстiкке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өттi.
Қазақстан жерiнде халықтар өздерiнiң даму дәрежесiне қарай қолөнер кәсiбiмен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының бiртiндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушiлердiң, зергершiлердiң, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың iстеген заттарына халықтың сұранымы күштi болды. Саз балшық бұйымдар өндiрiсi ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудiң қалыптасқан түрлерi сақталған. Сырдарияның төменгi бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, т.б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлi қызыл, жасыл, сары, қоңыр түстi бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезiнде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсiмдiк ою-өрнегiмен әшекейленген құмыра табылды.
Х-ХII ғасырларда Қазақстан жерiндегi халықтардың ғылымы мен мәдениетi көршi елдерге қарағанда едәуiр жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттiк құрылымның шығуы, отырықшы-егiншiлiк шаруашылық пен қалалардың өсуi, шоғырланып топтасқан этникалық процестердiң күшеюi сияқты тарихи жағдайлар әсерiн тигiздi. Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық, сауда және мәдени байланыс жасау - осы елдердің халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетiнiң өсiп-өркендеуiне игi ықпалын тигiздi.
Арабтар Қазақстандағы басып алған жерлерiнде көне түркi жазуын ығыстырып, оның орнына араб жазуын енгiздi. Бiрақ, халықтың тiлi бұрынғы түрiк тiлi болып қалды. Ал оқымыстылар өздерiнiң еңбектерiн араб тiлiнде жазды.
Қазақстан жерiнде туып-өскен философ әрi энциклопедияшы ғалым мұсылман шығысында Аристотельден кейiнгi "Екiншi ұстаз" ретiнде белгiлi болған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-түрiк Шығыс пен Батысқа Х ғасырда мәлiм болды. Ол 870 жылы түрiк /қазақ/ отбасында Отырар (Фараб) қаласында туған. Руы – қыпшақ, әкесі - әскери адам болған, әл-Фараби жас кезiнде өте зерек, ақылды, пысық, аттын құлағында ойнайтын, садақты да жақсы ататын болған. Ол қол өнерi шеберлiгiн және ғылым негiздерiн Отырардың медресесiнде игердi, онда өзiнiң ана тiлi және түрiк тiлiнде оқыған. Бағдат халифатының орталығы Бағдат қаласында оқуын жалғастырған ол араб тiлiн терең бiлiп үйренген.
Әбунасыр Бағдатқа барар жолында Шашта, Самарқандта, Исфақанда, Хамаданда және басқа қалаларда ұзақ уақыт аялдап, Бағдатта ежелгi грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен бiрнеше тiлдердi оқып, меңгерген. Ол грек ойшылы Аристотельдiң еңбектерiн зор ынтамен оқып, үйрендi.
941 жылдан бастап әл-Фараби ел басшылары өзiне көп қамқорлық жасаған Дамаскi мен Халеб қалаларында тұрды. Ол осы тұста белгiлi ақындар мен ғалымдардың арасында өзiнiң оқымыстылығы мен бiлiмiнiң тереңдiгiмен көзге түстi.
Көптеген елдерде, әр түрлi этникалық ортада бола жүрiп, әл-Фараби отанын ұмытпайды, өзiнiң түрiк екенiн үнемi айтып жүрген. Ол 950 жылы Дамаскi қаласында қайтыс болды.
Әл-Фарабидiң ғылыми мұрасы Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетiнiң дамуына, оның iшiнде ибн-Туфайл, ибн-Рушд, ибн-Сина, Омар Хаям, Родтер, Бэкон, Леонардо да Винчи және басқа ойшылдардың шығармашылығына зор әсерiн тигiздi. Сол сияқты әл-Фарабидiң еңбектерi басқа оқымыстыларға, оның iшiнде әл-Хорезмиге, әйгiлi астроном және математик Аббас Жаухари, сондай-ақ тiлшi Махмуд Қашғридiң еңбектерiне үлгi болған. Өзi белгiлi географ әрi саяси қайраткер, Қимақ ортасынан шыққан Жанақ ибн Хақан әл-Кимақи еңбектерiне ықпалын тигiзген.
ХI ғасырда Жүсiп Баласағұни мен Махмұд Қашғаридiң түрiк тiлiнде жазыла әдеби еңбектерi тез тарады. Жүсiп Баласағұни (1021-1075 жж.) Баласағұн қаласында туған. Ол түрiк отбасынан шыққан, жас кезiнен бастап жақсы бiлiм алып, әдебиетпен шұғылданған, парсы-тәжiк әдебиетiн көп оқыған. Жүсiп өзінiң еңбектерiн Қарахан әулетiнен шыққан Боғра-қара-хақанға тарту еткен. Осыдан кейiн хан оны жоғарлатып мемлекеттiк бақылау қызмет басшысы етiп қояды. Оның бұдан арғы өмiрi туралы деректер жоқ.
Жүсiп "Құтадғу бiлiк" /"Құт негiзi – бiлiм"/ деген 6520 бет тұратын поэма жазған. Автордың пiкiрiнше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлi топтарға бөлiнген адамдардың мiнез-құлқын, ережелерiн, билеушiлер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерiн сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Осы еңбекте ол ел басқарған әкiмдердi жаман қылықтан сақтандырған.
Махмұд Қашғари /ХI ғ./, толық аты Махмұд ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари (1030-1090 жж) Қашғарда туса керек. Автордың айтуынша, Қарахан әмiршiсi Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесi Ыстық көлдiң оңтүстiгiндегi Барсханда турған. Махмұд бастапқы бiлiмiн Қашғар қаласында алады, кейiн өзiнiң бiлiмiн көтеру үшiн Орта Азия мен Иран елiнiң қалаларын аралайды. Ол бiраз уақыт Бағдат қаласында тұрған. Онда араб тiлiн оқып үйренедi. Махмұд түрiктердiң тiлi мен аңыз әдебиетiне ерекше көңiл бөлiп, әрбiр түрiк тайпаларының қоныс жерлерiн аралап сапар шеккен. Түрiктердiң сөздерiнiң мағынасын, өлеңдерiн, жұмбақтарын, ертегiлерiн, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап "Диуани лұғат-ат-түрiк" ("Түркi сөздерiнiң жинағы") деген еңбек жазды. Бұл еңбектi ежелгi орта ғасырдағы түрiктердiң халықтық өмiрiнiң нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.
Қала халқының мәдени өмiрiнде ислам дiнiн уағыздаушы, сопы ақындардың iшiнде Ахмет Иассауидiң (1103-1166) шығармалары елеулi орын алады. Оны Қожа Ахмет Иассауи деп те атайды. Ол Оңтүстiк Қазақстандағы түрiк халқының арасында ислам мен мұсылман дiнiнiң тарауына зор әсерiн тигiздi. Оның өлеңдерi көпшiлiк арасында кеңiнен тарады. Оның өлеңмен жазылған "Диуани хикмат" ("Даналық жайындағы кiтап") деген еңбегi бар. Ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған Қожа Ахмет бiр өлеңiнде былай дейдi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет