Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет34/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қайшылықтар мен қателіктер
2. Колхоздардың құрылуы
3.1931-1933жж. ашаршылық
4. ХХғ. бас кезіндегі демографиялық жағдай
5. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің күштеу саясаты
Әдебиеттер:
1. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. –Астана, Фолиант, 2000.
2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасы тарихы.-Алматы, 2003.
3. Қазақстан тарихы. Очерк. –Алматы, 1994.
4. Қазақстан тарихы: көне заманнан бугінге дейін. Бес томдық. Т.4. Алматы, «Атамұра», 2004.
5. Омарбеков Т. 20 –30 жылдарғы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы. Алматы, «Самат», 1997.
6. Омарбеков Т. Зобалық : күштеп ұжымдастыруға қарсылық: 1929 –31 жылдары болған халық наразылығы.-Алматы:«Самат», 1994.
7. Рысбайұлы К.Қазақстан Республикасы тарихы. –Алматы, 2003.
8. Рустемов М. Созақ қасіреті.Тарихи деректі ақиқат. –Шымкент,1993

Лекция №21


Қоғамдық-саяси өмір. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы
Жоспар:
1. Қоғамдық-саяси ахуал
2. Мәдени революция және оның жетістіктері
3. Қазақ кеңес мәдениетінің қалыптасуы
4. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы

Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне бағыт-бағдар берген бірінші бүкілқазақтық партия конференциясы 1921 ж. маусымда болды. Ол елдегі экономикалық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдің мәселелерін қарастырып, ауылда социалистік құрлысты жүзеге асыруды міндеттеді. 1921 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті.


Республикадағы Кеңес үкіметін құру үрдісі өте қиын жағдайда жүрді. Большевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында тұрып социализмді экономикасы артта қалған елде жүзеге асыру ете күрделі болды. 1922 жылы Орталық комитеттің қазан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказ республикалары және РКФСР арасында КСРО құру жөнінде келісім жасау қажет деп қаулы қабылдады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде КСРО Кеңестерінің бірінші съезі болды. Сьезд КСРО құрылғандығы туралы декларацияны және одақтық келісімді қабылдады. Съезд ең жоғар,ы заң шығарушы орган КСРО ОАК сайлады. Қазақстан КСРО құрамына РКФСР құрамындағы автономиялық республика болып енді.
Қазақ АКСР-нің ОАК-ті қазақ және орыс тілдерін пайдалану тәртібі туралы декрет қабылдады. Декретте кеңес үкіметінің заң құжаттарын екі тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі барлық халық комиссарлары мен ҚОАК-нің мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді ұсынды. 1923 жылы 22 қарашада "Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы" жаңа декрет қабылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қаңтарынан іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді ұсынды.
1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы" қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оку құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.
Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тэжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.
Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шокай Францияға қоныс аударады. 1929—39 жылдары ол "Яш Туркестан" журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды.
1920 жылдың 20—26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов "Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар" туралы баяндама жасады. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды "Түрік халықтарының коммунистік партиясы" деп атауға шешім қабылдады. 1917 жылы Түркістан (Қокан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқұловтың "Түрік республикасын құру" туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады.
1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.
Отызыншы жылдардан қалыптаса бастаған әкімшілдік-әміршілдік жүйе, ел өмірінде жүзеге асырылған өзгерістер кезінде жіберілген бұрмалаушылық мен қателіктер бұл қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннің жеке билігіне қауіп төндірді. Ол құтылудың жолын іздеді. Осы жылдары И.В.Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай ілгерілеген сайын тап күресі күшейе берді деген қағида ұсынды. Бұл жаппай репрессияға алып келді.
Қасіретті қуғындардың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, ақын – жазушылардан С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгүров, тағы басқа ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдарі ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 106 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті.
Жалпыға білім беру жүйесінің қалыптасуы жоғары оқу орындарын ашуға мүмкіндік берді. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны педогогикалық институт (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ), 1931-1932 жылдарда Орал және Қызылордада педагогикалық институттар, 1934 жыл тұнғыш университет (қазіргі ҚазҰМУ) ашылды.
20-40 жылдарда қазақ әдебиетінің дамуында елеулі табыстар болды. Осы жылдары пролетар-шаруа жазушыларының қазақ ассосациясы құрылып жазушылардың басын біріктіруге әсер етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет