Бақылау сұрақтары
1.Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
2.Қоғамдағы саяси өмірдің мәні
3.Ядролық полигондарының салынуы
4.Саяси репрессияның жалғасуы
5.Е.Бекмаханов ісі
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993 ж. 325-336 беттер.
2. К.Рысбайұлы. ҚР тарихы А., 2002ж. 294-318 беттер.
3. Күзембайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы А., 1998ж. 352-355 беттер.
4.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. –Астана, Фолиант, 2000.
5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық.Т. 4., -Алматы, 2004.
6. Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері. Ұлы Отан соғысында Қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары. 1941-1945 жж.–Алматы, «Қазақстан», 1987.
7.Қозыбаев М.К. Майдангер студенттер. –Алматы, «Мектеп», 1985.
8.Дінішев М. Сталинградты қорғаған қазақтар. –Алматы, 1994.
9.Қалиакпаров Ш. Курск шайқасының қаһармандары. –Алматы,1998.
ХХ ғасырдың 50-80 жылдардарындағы Қазақстан
Лекция №24
Хрущев билігі кезіндегі Қазақстан
Жоспар:
1. Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу
2. Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары
3. Сталиннің жеке басына табынуды айыптау
4. Қоғамдық –саяси өмірдегі «жылымық»
1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.
Халық шаруашылығының басты саласы - өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде бесінші бесжылдық /1951-1955 жж./ ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді (Өскемен қорғасын зауыты мен оттегі станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы т.б.).
Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр өнеркәсіптің, әсіресе, электр қуаты мен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында республиканың көптеген өндіріс орталықтарында ірі индустриялық кәсіпорындар салынды (Павлодарда алюминий, ферросплав және комбайн зауыттарын, прокат жабдықтары машина жасау зауыты, Жамбылда химия зауыты, Семей мен Шымкентте жаңа цемент зауыттары).
Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі - 1949-1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.
Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. /Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептеледі/. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.
Тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз болған жоқ.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті.
Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ әдіспен жүргізілді.
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген аудандарда көптеген жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдамасымен бұл аудандарға мектептерде жұмыс істеу үшін шеттен мұғалім кадрлар келді. 50-ші жылдарда екі жылдық мұғалімдер иниституттары жойылып, оның есебінен педагогикалық жоғарғы оқу орындары көбейді. Дегенмен бұл жылдары Қазақстанда, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті.
Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рөлі өскен, индустриялық қуаты артқан мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.
Достарыңызбен бөлісу: |