Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет40/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары
1.«Қайта құру» саясатының сипаттамасы
2.Реформалардың сәтсіздікке ұшырауы
3.Өлкеде дағдарыстың күшеюі
4.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
5.Д.Қонаев-мемлекет қайраткері
Әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерк., Алматы.,1993
2.Күзембайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы., 1998
3.К.Рысбаев Қазақстан Республика-ның тарихы. А., 2002 ж.
4.Қазақстан тарихы : ақтаңдақ беттерінен. А., 1991 ж.
5.Ч.Мусин Қазақстан тарихы А., 2003 ж.

Лекция №27


Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі


Жоспар
1.1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі – Кеңес мемлекетінің этноцентристік саясатының дағдарысы


2.Мемлекеттік тоталитаризм жағдайында қоғамдық қатынастардың демократияландырудың іске аспауы
3.Формальды емес бірлестіктер құру әрекеттері
4.КСРО-ның ыдырауы қарсаңында жүйелі дағдарыстың шиеленісуі

Сексенінші жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағында ұлт мәселесі ерекше шиеленісті. Көп жыл жинақталып басылып келген ұлт мәселесі сыртқа шықты. Бұған Кеңес Одағында өрбіген қайта құру, жариялылық, демократияның өрістеуі әсер етті. Ұлттық сана сезімнің оянуына тағы бір себеп Кеңес Одағында ұлт мәселесінің шешілмеуі еді. Ұлттық мәселенің толық шешілгені туралы көп рет мәлимдеме жасалғанымен іс жүзінде олай болмады. Бұл республикалар мен орталықтың арасында билік бөлісу, одақтас республикаларда өндірістік күштерді орналастыру, ұлт мәдениеті, ұлт тілі, ұлт дәстүрі және т.б. мәселелерде көрініс тапты. Ұлт мәселесінің шешілмегені ұлттық сананың өсуі Кеңес Одағында ұлтаралық шиеленіске әкеп соқты. Бұл Қарабахта, Ферғанада болған оқиғалардан көрініс тапты. Бұл мәселенің шешілмегенін 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда болған оқиға дәлелдеп берді.


Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған үрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, З. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемелекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды
Желтоқсандағы қазақ жастарының әрекеті бүкіл Кеңес Одағына қозғау салды. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқына әкелген тікелей нәтижесі Қазақстанның егемендігі болды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары - акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың орта шенінінде республикада 35 бірігіп істейтін кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс iстеді.
Мемелекеттік шаруашылық басқару құрылымы өзгеруіне байланысты пайда болған қиындықтарға, бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйе қалдықтарының тарапынан болған қарсылықтарға қарамастан нарықтық саудаға көшуде біраз іс тындырылды. Республика Президентінің жарлығымен жекешелендіру жөнінде Мемлекеттік комитет құрылды. Ал 1991 жылғы шілде айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің IV сессиясы мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде арнайы заң қабылдап, 1991-1992 жылдарды қамтитын оның бірінші кезеңінің бағдарламасын бекітті.
Бұл бағдарлама бойынша:
- бұрынғы Одаққа караған кәсіпорындардың барлығы енді республиканың занды меншігіне енетін болды;
- кәсіпшілікті қолдау, бұрынғы мемлекеттік меншікті мүмкін болатын жерлерде таратып, оны жеке меншікке айналдыру қажеттігі атап көрсетілді. Бұл шаралармен байланыстыра отырып, ақша құнын күшейту, оған сатып алынатын тауарларды көбейту міндеттері алға қойылды;
- агроөнеркәсіп кешенініндегі жекешелендірудің мүмкіндігінің ерекшеліктерін ескере отырып, онда жалға беру, сатып алу, бірлестіктерге бөліп беру, кейбір құрал-жабдықтарды ұжымдық меншікке бөлу т. б. іске асыру қажеттігі айтылды.
Бұл шараларды іске асырғанда ең әуелі халықтың қамын ойлап, оның материалдық жағдайын ескеру; үй иеліктерін және мемлекеттік кәсіпорындарды бөлгенде купондық жүйені барынша пайдалану; бұл істе әрбір әлеуметтік топтардың материалдық мүдделерін жан-жақты ескеріп отыру қажеттілігіне назар аударылды.
Сөйтіп, бұл бағдарламаларда қазіргі қоғамдық қатынастарды дамытуға барынша күш жұмсау мақсаты қойылды. Бұл жағдай экономикалық бірлестік жөніндегі шартқа қол қойған басқа да республикаларға тарауға тиісті болды. Ол мемлекеттердің басшыларымен бүл мәселеде ортақ ой-пікір, келісулер, мәмлелесу мен уағадаластықтар жасалды.
Дегенмен әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындық күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға, ұлттық табыс 10 пайызға, еңбек өнімділігі 5,4 пайызға төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы "көлеңкелі" экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті.
Қоғамды қайта құру, қоғамдық-саяси ахуалды жандандыру барысында бұрынғы КСРО-ның көптеген аймақтарында ұлттар мен әр түрлі халықтар арасындағы қайшылықтар күшейе түсті, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен қойыла бастады. Өйткені көптеген ұлттар мен халықтардың өздеріне тән мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптары әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында жойылып кетті. Мемлекеттік іс жүргізу тек орыс тілінде жүрді. Ұлттық тіл еленбеді. Ұлт тілінде сабақ жүргізу нашарлап, орыс тілі айырықша дәріптеле бастады. Соның салдарынан қаладағы қазақтардың 40 пайызы өздерінің ана тілін білмейтін мәңгүртке айналды. Мұндай жөнсіздіктерді түзету мақсатында республикадағы 7999 балалар бақшасының жанынан 814 қазақ топтары құрылды. Республикадағы жұмыс істейтін 8654 мектептің 2500-інде оқу қазақ тілінде жүргізілді.
Қазіргі кезеңгі өмір талаптарына сай кейбір пәндерді терең талдап оқытатын мектептердің, гимназия, лицейлердің саны көбейе бастады. Олардың жалпы саны 1400-ге жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жарты миллионға жуық студент білім алды. Бұл жылдары Түркістан мемлекеттік университеті, Шымкент дене шынықтыру, Көкшетау ауыл шаруашылық, Шымкент фармацевт институттары ашылды.
Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз елінің болашақ дамуын ұлттық тәуелсіздікпен тікелей байланысты деп қарайды. Осы орайда бір айтатын жәйт республикадан басқа жаққа кетушілердің саны көбейді. Мәселен, 1986 жылы 75,7 мың адам, 1987 жылы 71,4 мың, 1988 жылы 70 мың адам басқа жаққа қоныс аударған. Олардың саны, әсіресе, ауылдық жерлерде өсті. Ол жерлерден, соның ішінде тың және тыңайған жерлерді игерген облыстардан орыс, украин, неміс, беларусь тағы басқа да ұлт өкілдерінің кетуі күшейді. Мұның өзі республикадағы барлық саяси күштердің ынтымақтасып, жалпы ұлттық мүддені барынша қорғау үшін күресуін талап етеді. Әсіресе, қазіргі мейілінше күрделі ауыр кезеңде, оның маңызы өте зор, өйткені таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне жұрттың сенімі азайды.
1990 жылы қазанның 25-інде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақстан КСР егемендігі туралы» заң қабылдап, табиғи жер асты байлықтарын, Одақтық орталыққа бағынатын ірі өндіріс орындарын республика меншігі деп жариялады.
1991 жылы желтоқсанның 1-інде республика тарихында тұңғыш Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет