Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 1-тоқсандағы негізгі нәтижелері



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#9072
1   2   3
2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асырылу тиімділігіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне (бұдан әрі – СІМ) төрт бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігіне жүргізілген бақылау барысында жалпы 466,2 млн.теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізудің, бюджет және өзге де заңнаманың жалпы 94,4 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған мақсаттар мен міндеттер нақты әрі айқын тұжырымдалмаған. Іс-шаралардың министрліктердің ағымдағы қызметіндегі міндеттерді қайталауына жол берілген, бұл Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізуге себеп болған.

Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруды көздейтін бірыңғай бюджеттік бағдарламаның болмауы қаражаттың бөлінуін және нақты игерілуін мониторингілеуді қиындатып, Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларының орындалуына мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігін төмендетті.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарынан ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің және СВМДА қатысушыларының үкіметтік емес секторлары көшбасшыларының форумын өткізуді көздейтін тармағын алып тастау кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2010 жылы пайдаланбаған 27,6 млн.теңге Мемлекеттік бағдарламаға жатпайтын мақсаттарға жұмсалған. Қазақстан мен Еуропа елдерінің сот және құқық қорғау органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау және өзара тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларға 23,5 млн.теңге немесе 33%-ы игерілмей қалған.

СІМ шетелдік іссапарларға, өкілдік шығындарға қарастырылған 1 954,7 млн.теңгенің 1418,2 млн. теңгесін, немесе 72-%ын игермеген. Бұған іс-шаралардың қайталануы, қаржылық қамтамасыз етудің жоспарланған көлемдерінің есептеулері мен негіздемелерінің болмауы себеп болған.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне жататын лауазымдардың тiзбесi айқындалмаған. 2009-2011 жылдары әкiмшілiк-техникалық лауазымдарда қызмет атқарған және дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырмаған қызметкерлерге өкілдік керек-жарақ заттарының құны үшін жалпы 20,9 млн.теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы төленген. СІМ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегендері үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеудің шарттарын белгілемеген.

Бюджет кодексінің 95-бабының 3-тармағының талаптарын бұза отырып, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бағдарламасының орнына «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер» бағдарламасының есебінен 2,7 млн.теңгеге материалдық-техникалық жабдықтар сатып алынған. 2009-2011 жылдары кәдесый өнімдерін сатып алу кезінде олардың нақты қажеттілігі ескерілмегендіктен, 2012 жылғы 1 қаңтарға қоймада 62,0 млн.теңгеге кәдесый өнімдері жиналып қалған.

Заңнамада мемлекеттік орган мүліктерін сақтандыру туралы императивтік нормалар болмаса да, 2009-2011 жылдары СІМ әкімшілік ғимаратты жалпы 30,9 млн.теңгеге ерікті түрде сақтандырған.

2011 жылы «ҚР СІМ-нің Шаруашылық басқармасы» РМҚК-мен үй-жайларға қызметтер көрсету жөнінде жасалған шарттарда бюджет шығыстарының сомалары негізделместен, СІМ-нің әкiмшілік ғимаратына көрсетілген 23 қызмет түрі бойынша алаңның 1 шаршы метріне кеткен шығын 9,4 мың теңгені, Консулдық қызмет департаментінің үй-жайларына (алаңы 1 256,9 шаршы метр) көрсетілген 15 қызмет түрі бойынша дәл осындай шығындар 101,8 мың теңгені құраған. Нәтижесінде, 116,1 млн.теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарын бұза отырып, «ҚР СІМ-нің Шаруашылық басқармасы» РМҚК-нің 2010-2011 жылдары СІМ-ге берілген 44 автомобильді күтіп-ұстау бойынша 79,9 млн.теңге мөлшеріндегі шығындары бухгалтерлік есепте көрсетілмей, әкімшілік ғимараттарға техникалық қызметтер көрсетудің басқа да қызметтері есебінен өтелген.

СІМ 2009 жылғы желтоқсанда «ҚР СІМ-нің Шаруашылық басқармасы» РМҚК-ге Қазақстан Республикасындағы Палестина Мемлекетінің Елшілігі орналасқан үй-жайларды күтіп-ұстау және жөндеу үшін 8,0 млн.теңгені негізсіз төлеген.

Muhlbauer (Германия) фирмасының 2009 жылы жеткізілген ақпараттың электрондық жеткізушілерін қамтитын дипломатиялық және қызметтiк төлқұжаттарды дайындау жөніндегі арнайы жабдығы 2 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай отыр. Оның құны 152,0 млн.теңгені құрайды. Төлқұжат бланктері және визалық жапсырмалар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген, түгендеу жүргізілмеген, құжаттарды беру тиісті дәрежеде ұйымдастырылмаған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы белгілеген күрделi құрылыс жүргізуге және ғимараттарды жөндеуге қатысты құжаттарды ресімдеу тәртібі шетелдердегі осындай жөндеу жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктерін толық ескере бермейді, ЖСҚ-ны, құрылыстың және күрделі жөндеу жүргізудің жиынтық сметалық есебін әзірлеу мен бекіту, мемлекеттік сараптама жүргізу, жұмыстардың орындалуына және қабылдануына техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру рәсімдері регламенттелмеген. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі принципін бұза отырып, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігіне ғимаратқа күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге бөлінген 125,6 млн.теңге бюджет қаражаты 3 жылдан астам уақыт бойы пайдаланусыз жатқан.

2010 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Премьер-Министрдің Кеңсесі іс жүзінде жалпы 368,3 млн.теңге жұмсағанымен, шетелдік іссапарларға өтінімдер ұсынбаған.

Қазақстан Республикасы делегацияларының шетелге шығуы кезінде тұрақты әуе рейстері бола тұрып, арнайы әуе рейстерін пайдаланудың ықтималды оқиғалары, осындай делегацияларды басқаратын лауазымды адамдардың тобы, делегациялардың ең аз құрамы, сондай-ақ делегация мүшелерінің санына қарай әуе кемелерінің үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалмаған.

Арнайы әуе рейстерін жүзеге асыру шарттарында әуе тасымалдаушыларының ұшу тапсырмаларының, қону манифесттері мен жүргізген әуе рейстері туралы есептерінің көшірмелерін ұсынатыны қарастырылмаған. Жекелеген арнайы әуе рейстері Үкіметтің келiсiмін алғанға және шарттарды қазынашылық органдарында тiркегенге дейiн орындалған, ұшақтар кері рейстерді жасаған кезде жолаушыларсыз ұшып келген.

2010 жылғы ақпан және сәуір айларында «Fly jet.kz» ЖШС-мен және «Kaz Air Jet» ЖШС-мен екі арнайы әуе рейсін орындау бойынша, тиісінше, 27,8 млн.теңгеге және 25,7 млн.теңгеге жасалған шарттардың құнына нақты тасымалданған жолаушылардың санынан әлдеқайда көп жолаушы санын борт ішінде тамақтандыруға кеткен жалпы 437,1 мың теңгенің шығыстары қосылған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың жеткілікті дәрежеде тиімді орындалмағанына және төрт бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде орын алған бұзушылықтарға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің назарын аударды.

Үкіметке дипломатиялық қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне жататын лауазымдардың тiзбесін бекіту; делегациялардың шетелге шығуы кезінде арнайы авиарейстерді пайдалану бөлігінде республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесіне толықтырулар енгізу; жобалау құжаттамасын, оларды салудың және күрделі жөндеу жүргізудің жиынтық сметалық есебін әзірлеу мен бекіту, мемлекеттік сараптама жүргізу, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау, сондай-ақ халықаралық нормаларды ескере отырып, жұмыс кезеңдерін қаржыландыру рәсімдерін регламенттеу ұсынылды.

ИЖТМ-да қатты пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуінің тиімділігін бақылау барысында жалпы 28 250,3 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды.

ИЖТМ қатты пайдалы қазбалар (бұдан әрі – ҚПҚ) мен жер асты сулары (бұдан әрі – ЖС) бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары талаптарының сақталуын бақылайтын уәкілетті орган бола тұрып, жасалған келісімшарттарға мониторинг жүргізуді және тарихи шығындардың өтелуін бақылауды тиісті деңгейде ұйымдастырмаған. Лицензиялық-келісімшарт талаптарының нысаны бойынша есепте (бұдан әрі – ЛКТ есебі) қамтылған деректердің анықтығын растау тетігі жеткілікті дәрежеде пысықталмаған, бұл жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Салық комитеті) ұсынған деректердің арасындағы алшақтықтарға алып келді. Мәселен, ЛКТ есебінің деректері бойынша 2011 жылғы төлем 9 019,9 млн.теңгені құрады, бұл Салық комитетінің көрсеткіштерінен 2 409,2 млн.теңгеге (26,7 %) артық.

Бұл ретте тарихи шығындарды республикалық бюджетке өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушылардың төлеуіне қатысты ақпарат алмасу мәселелері бойынша ИЖТМ мен Салық комитеті арасындағы өзара іс-қимылдар ұйымдастырылмаған.

2011 жылғы 31 желтоқсанға, ИЖТМ мен оған ведомстволық бағынысты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қолданыстағы келісімшарттардың саны жөніндегі деректері бір-бірімен сәйкес келмейді. «Қазақстан Республикасының жер қойнауын басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ИАЖ) деректер базасында ҚПҚ мен ЖС бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған 20 келісімшарттың электрондық нұсқалары, сондай-ақ марганец рудаларына барлау жүргізу жөнінде «Тентек» ЖШС-мен жасасқан келісімшарттың түпнұсқасы жоқ. Бұл келісімшарттарды мемлекеттік тіркеудің тізілімін жүргізуді регламенттейтін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының талаптарының бұзылғанын көрсетеді.

ИЖТМ Үкіметтің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысымен бекітілген Келісімшарттар талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүргізу ережесінің 8 және 10-тармақтарын орындауды келісімшарттар талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептерді ИАЖ арқылы ұсынуды бөлігінде қамтамасыз етпеген.

Келісімшарт аумағын геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға кеткен мемлекеттің тарихи шығындарын Комитет есептейді. Бұл ретте, келісімшарт аумағын геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға кеткен мемлекеттің тарихи шығындарын өтеу бойынша төлемнің мөлшері тарихи шығындарды айқындау ережесінің, сондай-ақ геологиялық ақпаратты сатып алу және құпиялылықты қамтамасыз ету туралы келісімдердің негізінде Қазақстан Республикасы жасасқан жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартта қарастырылады.

Сонымен бірге, Үкімет геологиялық ақпарат үшін төлемақының төленуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды белгілемеген, түсетін төлемақыны есепке алудың тәртібін және жасалатын келісімдердің үлгі нысанын бекітпеген.

Бұрын қолданыста болған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Заңының 43-бабының 1-тармағын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы ҚПҚ мен ЖС бойынша барлау операцияларын жүзеге асырған 15 жер қойнауын пайдаланушымен арадағы келісімшарттар қайта жасалмаған.

Түрлі себептерге байланысты, 113 келісімшарт бойынша тарихи шығындар сомаларының қалдығы өтелмеген, бұл ретте 32 келісімшарт бойынша тарихи шығындардың мөлшері белгіленбеген, 49 келісімшарт бойынша тарихи шығындардың 28 000,2 млн.теңге көлеміндегі қалдығының мөлшері келісімдермен белгіленгенімен, аталған сома келісімшарттарда көрсетілмеген.

Жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындардың қалдықтары бойынша 1 452,4 мың АҚШ доллары («Жайсан-Қазақмыс» ЖШС – 848,9 мың, «РГП «Ай-Тас» ЖШС – 174,2 мың, «Фирма АР ЛТД» ЖШС – 310,7 мың және «Хаммес» ЖШС – 118,6 мың) мөлшерінде және геологиялық ақпаратты пайдаланғандары үшін 23,3 мың АҚШ доллары («Жайсан-Қазақмыс» ЖШС) мөлшерінде төлемдер жасамаған. Келісімшарт аумағының алаңы 103,9 шаршы км-ге ұлғаюына байланысты, «Восточное рудоуправление» ЖШС-мен арадағы келісімшарт бойынша тарихи шығындарды қосымша анықтау жүргізілмеген.

Есеп комитеті тарихи шығындар бойынша төлемдердің республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралардың толыққанды кешенінің жоқтығына ИЖТМ-ның, Салық комитетінің назарын аударды.

Үкіметке «Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №251 қаулысын, соның ішінде геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін төлемақының төленуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды айқындауға, сондай-ақ геологиялық ақпаратты есепке алудың тәртібін белгілеуге және құпиялылық туралы келісімнің үлгі ережесін бекітуге қатысты бөлігін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келтіру бойынша қажетті шешім қабылдау жөнінде ұсыныс берілді, ИЖТМ-ға және Қаржыминіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарастыру тапсырылды.



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне (бұдан әрі – ККМ) жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігін, қаржылық есептіліктің ұйымдастырылуын, сондай-ақ Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 2 564,2 млн.теңгеге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 102,2 млн.теңгеге бұзушылықтары, 11 678,2 млн.теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

Бақылау кезінде көлік пен коммуникацияны ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жеткілікті дәрежеде пәрменді әрі нәтижелі болмағаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) қарастырылған жекелеген іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау қамтамасыз етілмеген. Бюджеттің игерілмеген қаражатының жалпы көлемі 150,0 млн.теңгеден асып кеткен.

Бақылау кезінде көлік пен коммуникацияны ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жеткілікті дәрежеде пәрменді әрі нәтижелі болмағаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) қарастырылған жекелеген іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау қамтамасыз етілмеген. Бюджеттің игерілмеген қаражатының жалпы көлемі 150,0 млн.теңгеден асып кеткен.

ККМ-ға ведомстволық бағынысты су жолдары кәсіпорындары өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының нормативтерін басшылыққа алуда. Республикалық бюджеттен кемелерді жасауға қаражат бөлу кезінде жарақтандыру нормативтері ескерілмеген, қажетті есептеулер жүргізілмеген. Отандық заңнаманы әзірлеу бойынша шаралар қабылданбаған.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының су жолдары кәсіпорындары ұлттық өндірістік базаны пайдалана отырып, қосалқы кемелерді жасау бойынша жан-жақты шаралар қабылдамаған. Бақылау барысында ККМ-ның қосалқы кемелерді жасау процесінде мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеудің отандық өндірушілерді қолдау бөлігіндегі принципін ұстанбай отырғаны анықталды. Жалпы 791,8 млн.теңгеге жасап шығарылған 5 кеме пайдаланылмай отыр, осы кемелерді Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының су жолдары кәсіпорындарының балансына беру мәселесі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу жүргізілмеген.

Бұқтырма мен Өскемен шлюздерін реконструкциялауға және жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу барысында жобалауға арналған тапсырма уақтылы бекітілмеген. Өңірдегі сейсмикалықтың орташа деңгейі 7 балл болғанымен, сейсмикалық күшейту бойынша қажетті шаралар қарастырылмаған. ЖСҚ әзірлеуге жұмсалған шығыстар 15,5 млн.теңгеден асып кеткен.

Өскемен мен Бұқтырма кеме жүру шлюздерін реконструкциялау және жаңғырту жөнінде ККМ мен Шығыс Қазақстан облысы су жолдары кәсіпорны арасында жалпы 1 418,4 млн.теңгеге шарт жасасқан болатын, бұл бекітілген ЖСҚның сметалық құнынан 94,9 млн.теңгеге жоғары.

«Құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын бұза отырып, 2010-2011 жылдары аталған шлюздердің құрылыстарын 766,7 млн.теңгеге реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыстардың бүкіл көлемі қосалқы мердігерлік ұйымдарға берілген, бұл ретте 513,5 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген ЖСҚ-сыз орындалған.

Қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу кезінде жекелеген жұмыс түрлері сметадағы құнынан 29,5 млн.теңгеге асырып көрсетілген.

Қосалқы мердігерлік ұйым – «Синтетик» ЖШС-мен арадағы шарттың құнына ЖСҚ-да қарастырылмаған жалпы 14,6 млн.теңгеге іске қосу-реттеу жұмыстарына, жүйені тәжірибелік пайдалануға беруге, қызметкерлерді оқытуға және басқаларына арналған шығыстар енгізілген. Қосалқы мердігерлік ұйым – «Гидросталь» ЖШС 2,7 млн.теңгеге сорғы станциялары торабының бұрын қолданыста болған, 1967-1968 жылдары шығарылған жабдықтарын жеткізген.

Өскемен шлюзінің бетонды және металл конструкцияларын зерттеуге арналған шығыстарының бекітілген ЖСҚ-сы болмағанымен, 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының су жолдары кәсіпорны осы мақсатқа 33,5 млн.теңге жұмсаған.

«Связьремонт» ЖШС-мен жасалған ЖСҚ әзірлеу жөніндегі шарттың сомасы 0,4 млн.теңгеге асырып көрсетілген.

ККМ Бұқтырма шлюзінің су жолдары кәсіпорны үшін Серебрянский ПУТ-РГК ВК РРГ салу жөніндегі жобаны әзірлеуге тапсырманы бекітпеген. Сондай-ақ 34,8 млн.теңгенің құрылыс жұмыстары сәулет және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз, тиісті авторлық қадағалаусыз жүргізілуде. ЖСҚ бекітілмеген.

Әуежай штатында білікті мамандардың болмауына байланысты, «Қорқыт Ата» әуежайын (Қызылорда қ.) реконстукциялау шеңберінде сатып алынған жалпы 11,4 млн.теңгенің жабдықтары (токарлық-бұранда кескіш, көлденең фрезерлеу, қайрау-тегістеу және т.б. станоктар) пайдаланылмай отыр.

ККМ-ның 2008-2010 жылдары «Қорқыт Ата» әуежайының (Қызылорда қ.) жасанды ұшып-қону жолағын реконструкциялау және жарақтандыру шеңберінде 648,4 млн.теңгеге сатып алған арнайы техника (өрт сөндіру автомобильдері, автобус, қар тазалағыш және басқалар) «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ-ға жауапты сақтауға берілген. Солардың ішінде бірнеше автомашина 2009 жылдан бері ККМ-мен келісілместен пайдаланылуда. Техника жол полициясы органдарында тіркелмеген, оларға мемлекеттік нөмірлер берілмеген.

Үкіметтің объектілер мен арнайы техниканы «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге беру туралы қаулысы «Қорқыт Ата» әуежайының ұшып-қону жолағын реконструкциялау мен оны әуеайлақтық және сервистік арнайы техникамен қайта жарақтандыру аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң тек 2011 жылғы 30 желтоқсанда ғана қабылданды.

ККМ-мен арадағы шарт бойынша «Қазаэрожоба» РМК 2008 жылы әзірлеген «Қостанай» әуежайының жасанды ұшып-қону жолағын және әуеайлағын реконструкциялауға арналған құны 181,1 млн.теңгенің ЖСҚ-сы қажетсіз болып қалған.

015 «Астана қаласының бюджетіне «Жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылы мердігер – «Астана LRT» ЖШС-ға бөлінген 10 275 млн.теңге республикалық бюджет қаражаты пайдаланылмаған, ЖСҚ-ны әзірлеу басталмаған. Осы ретте бөлінген қаражат «Альянс Банк» АҚ-ның филиалында депозиттік шотқа салынған, банктік сыйақы 283,9 млн.теңгені құрады.

«Қазақавтожол» РМК-нің облыстық филиалдары 2010 жылы 389,1 млн.теңгеге сатып алған автотехниканы пайдаланбай отыр. «Қазақавтожол» РМК 2011 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізбестен, жалпы 102,2 млн.теңгеге қосымша жол техникасын сатып алған.

Ақмола облысына автожолдардың бөлінген белдеуіне жататын жер учаскелерін және құрылыстарды мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға республикалық бюджеттен бөлінген 477,1 млн.теңге нысаналы трансферттер игерілмей қалған.

2010 жылы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Үкіметтің резервінен бөлінген қаражатты пайдалану шеңберінде 29,9 млн.теңгеге 20 автотрап сатып алған, олар пайдаланылмаған күйі Астана қаласы әуежайының аумағында консервацияда тұр.

ККМ мен Астана қаласының әкімі арасында 2010 жылғы 8 қыркүйекте жасалған Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер жөніндегі келісімнің Сарыарқа көшесінің № 23 көшеден әуежайға бара жатқан айналма жолға дейінгі жүретін учаскесін салу бөлігінде тікелей және түпкілікті нәтижелеріне 2010 жылы қол жеткізілмеген.

ҚР Үкіметі резервінен жоғарыда аталған учаскенің ұзындығы 5,371 км болатын жүретін бөлігін салуға бөлінген 300,0 млн.теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттер Сарыарқа көшесінің № 27 көшеден айналма жолға дейінгі (3,361 км) басқа учаскесін салуға пайдаланылған.

«АИС-Астана» компаниясы» ЖШС құрылыс қызметін регламенттейтін заңнаманы бұза отырып, 300,0 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын сәулет және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз жүргізген.

Осы уақытқа дейін Сарыарқа көшесі мемлекеттік қабылдау комиссиясының оң шешімінсіз пайдаланылып жатыр.

ККМ-ның Ішкі бақылау қызметінің 2011 жылға арналып бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарында бақылаудың ауқымы, тексерілетін мәселелердің тізбесі, бақылаумен қамтылатын кезең, бақылауды жүргізудің мерзімі көрсетілмеген. Ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері және бақылау объектісінің басшылары кейбір бақылау актілерінің әрбір бетіне қол қоймаған. Жекелеген бақылау актілерінде бақылау бағдарламасында қарастырылған мәселелер ашылмаған.

Нарықтық қатынастар жағдайында «ҚазАвтоТранс» АҚ (бұдан әрі -Қоғам) жұмысының тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы, ККМ-ның көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту бойынша қажетті шараларды қабылдамауы, оңалту рәсімдерінің уақтылы өткізілмеуі Қоғамның қызметінің өз-өзін ақтамауына алып келді. 2007 жылдан бері Қоғамның дебиторлық және кредиторлық берешегі пайда болды, соның ішінде жалақы төлеу бойынша – 18,6 млн.теңге, бюджетке аударылатын міндетті төлемдер бойынша – 797,3 млн.теңге, корпоративтік табыс салығы бойынша 38,1 млн.теңге берешегі бар.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2010-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру, транспорт және коммуникация саласындағы салааралық үйлестіру, сондай-ақ республикалық бюджет трансферттерін пайдалану бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмағанына ККМ-ның назарын аударды және оған жұмысты ұйымдастырудағы анықталған кемшіліктерді жойып, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамаларының талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарының жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.



2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырудың тиімділігін бақылау барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының 3 129,0 млн.теңгеге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 406,0 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, сондай-ақ еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу мақсатында әрі өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытып, олардың әлеуетін іске асыру үшін әзірленген бағдарламаның орындалуы іс жүзінде фрагментарлық спипатқа ие болды.

Бағдарламаны іске асыруға жүйелі көзқарас болған жоқ. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жоспарда көзделген 21 іс-шараның 9-ы орындалып, 3-уі орындалмаған, 9 іс-шара ішінара, кешіктіріліп және сапасыз орындалған.

Бағдарламаны іске асыру барысында тиісті мониторинг пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылмаған, оның тікелей қатысушыларының және жұртшылықтың пікірлері зерделенбеген, бұл, жалпы алғанда, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге толық қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға ықпал етпеген.

Серпінді жобаларды іске асыру Бағдарлама қатысушыларды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін экономиканың еңбек ресурстарына деген қажеттіліктеріне сәйкес, оларды қоныстандыруды ынталандыру міндеті орындалмаған.

Этникалық иммигранттар мен ішкі мигранттардың едәуір бөлігінің тұрмыс сапасын арттыруда нәтижелерге қол жеткізілмеген. Бағдарлама шеңберінде 2009-2011 жылдары квотаға енгізілген 32 206 этникалық иммигранттар отбасының 2 567-сіне тұрғын үй берілді, бұл тек мұқтаж болып отырғандардың 8%-ын құрайды. Ішкі мигранттар Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылмаған.

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай типтік жобасының болмауы оның құнының әртүрлі болуына әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасында белгіленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының артуы салдарынан, Маңғыстау, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 175,7 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 260,0 млн.теңге қосымша қаражат жұмсалды.

Бұл ретте 2 571,5 млн.теңгеге салынған 3 223 пәтердің 622 пәтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. 2011 жылы 40 үйді жылытуға жергілікті бюджеттен қосымша 37,5 млн.теңге жұмсалған. Құны 51,6 млн.теңгенің бос тұрған 18 пәтері тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 17-бабын бұза отырып, Маңғыстау облысы Батыр ауылында тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым жұмыстарын 406,0 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар бекітілген ЖСҚ-сыз өткізілген.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының құрылыс бөлімі мердігер – «Отау-строй» ЖШС-ға асфальтбетонды жол жабынын төсеу бойынша атқарылмаған жұмыс үшін 14,6 млн.теңге төлеген.

Ақмола облысында – заңды және жеке тұлғаларға, Маңғыстау облысында – әкімшілік үй-жай ретінде жалға берілген 101,0 млн.теңгенің 34 пәтері мақсаты бойынша пайдаланылмай отыр. Солтүстік Қазақстан облысында 42,1 млн.теңге болатын бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай қалған.

Бағдарламада ұсынылған тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы үй сатып алу тетігі тиімсіз болып шықты. Бағдарламаға қатысушылардың еңбекке араласу дәрежесінің төмендігінен, олардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен жасасқан 1760 шарттың 1553-і бүгінде 1 222,7 млн.теңге қарызымен проблемалық болып отыр. Бұл ретте 807 шарт жасалмаған. Осыған байланысты, Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылу мәселесі нақты шешімін таппай отыр.

Маңғыстау облысындағы Қарақиян және Мұнайлы аудандарында 2011 жылы салынған құны 466,3 млн.теңгенің 50 тұрғын үйін, сондай-ақ Ақмола облысының Красный Яр ауылында салынған 1191,5 млн.теңгенің 138 тұрғын үйі мен инфрақұрылымын жергілікті атқарушы органдар балансқа алмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларының қатысушыларына Тұрғын үй сату бағдарламасының және ережелерінің талаптарын бұза отырып, құрылысы жергілікті бюджеттер есебінен қарастырылған, жалпы 1 722,9 млн.теңгенің инженерлік инфрақұрылымның магистральді және сыртқы жүйелері республикалық бюджеттің қаражаты есебінен салынды.

Бағдарламаның көрсеткіштері орындалмағанымен, 2009 жылы Бағдарлама бойынша тұрғын үй мен инфрақұрылымды салу үшін жарғылық капиталды толықтыруға бөлінген 227,6 млн.теңге «Оңтүстік», «Ертіс» және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының иелігінде қалып қойып, басқа мақсаттарға пайдаланылған.

Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылысына жалпы 1 674,0 млн.теңге жұмсалған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері салынып бітпеген, оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдамаған.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне және инфрақұрылым құрылысы жұмыстарының аяқталмауына байланысты, Маңғыстау облысының Құрық ауылында 258,7 млн.теңгеге салынып берілген үйлердің 22-сі электр тарату желілеріне уақытша схема бойынша қосылған, тұрғындар сырттан әкелінетін ақылы суды пайдалануда. Бұл ретте, Құрық және Батыр елді мекендеріне жақын орналасқан бос аумақтарда 2010-2011 жылдары барлығы 566,4 млн.теңге болатын 48 км электр тарату желілері салынып, 28,5 км газ құбыры және 10,6 км су құбыры тартылған.

Жұмыстарының аяқталмауына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының Элитное ауылындағы Бәйтерек шағын ауданында құны 390,8 млн.теңгенің электрмен және сумен жабдықтау жүйесі пайдаланылмай тұр. Қоныстанған 140 тұрғын үй уақытша схема бойынша қосылған. Бос тұрған 90 тұрғын үй электр қуатымен және су құбырларымен қамтамасыз етілмеген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының Асар шағын ауданында 2011 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 890,0 млн.теңге нысаналы даму трансферттерінің есебінен Бағдарламада көзделмеген рекреация аумағының (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының тиімді іске асырылмағанына назар аударуды, іске асырылып, сондай-ақ әзірленіп жатқан бағдарламалық құжаттарға «Нұрлы көш» бағдарламасының толық көлемде орындалмаған іс-шараларын енгізуді, тұрғын үйге мұқтаж және төлем қабілетінің тиісті деңгейіне ие адамдарға бос тұрған үйлерді белгіленген тәртіппен бөлу жөнінде қажетті шешімдер қабылдауды ұсынды. Жергілікті атқарушы органдарға бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою тапсырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет