Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 1-тоқсандағы негізгі нәтижелері



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#9072
1   2   3
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да (бұдан әрі - Холдинг) және оның еншілес ұйымдарында мемлекет активтерін басқарудың, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді және жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау барысында қолданыстағы заңнама талаптарының 160,9 млн.теңгеге бұзушылықтары, бюджеттік кредиттерді және Ұлттық қордың қаражатын жалпы 94,2 млрд.теңгеге тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.

Холдингтің бірқатар еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу бойынша функцияларды қайталайды. Сонымен қатар, барлық облыс орталықтарында еншілес ұйымдардың жалпы саны 615 бірлікті құрайтын филиалдары бар. 2011 жылы оларды ұстауға жұмсалған шығыстар 2010 жылмен салыстырғанда, 219,0 млн.теңгеге ұлғайып, 1 916,4 млн.теңгені құрады, бұл ретте 109 автомобильді ұстауға 112,0 млн.теңге жұмсалған.

Холдинг 2010 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша алты еншілес ұйымының тек екеуінен ғана таза табысының 50%-ы мөлшерінде 1 614,8 млн.теңге сомасында дивиденд алған. Қалған төртеуі бұрынғы жылдардың залалдарын жабуына байланысты дивиденд аудармаған, соның салдарынан республикалық бюджетке 25,9 млн.теңге түспеген.

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2009-2010 жылдардың қорытындысы бойынша даму қорын және резервтік капиталды құру үшін Холдингтің иелігінде қалдырылған таза кірістің 90%-ы, яғни 4,1 млрд.теңгесі кейіннен пайдаланылмай қалған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012-2016 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іс-шараларын іске асыру үшін 2011 жылдың желтоқсан айының соңында Холдингке түскен 22,0 млрд.теңге бюджет қаражаты еншілес ұйымдарға бағытталып, солардың есеп айырысу шоттарында пайдаланусыз жатыр.

2012 жылғы 1 қаңтарға, Холдингте Ұлттық қордан қарызға алынатын жалпы 120,0 млрд.теңгеге түпкілікті мақұлданған инвестициялық жобалар жасалмаған. Қаржыландыру лимиті 72,6 млрд.теңгені немесе бүкіл займ көлемінің 60,5%-ын құрайтын 106 инвестициялық жобаны мақұлдаған. Бұл ретте қаржыландыру лимиті 47,4 млрд.теңгені құрайтын 41 жоба осы уақытқа дейін еншілес ұйымдарда қаралуда.

Инвестициялық бағдарлама бойынша займ қаражатын игеру тиімсіз жүзеге асырылуда. 2012 жылғы 1 қаңтарға, Холдингтің шотындағы бос қалдық қаражаты 19,6 млрд.теңгені құрады.

Қолданыстағы және экспортқа бағдарланған жаңа секторларды дамытуды қолдауға инвестиция бағыттау бөлігінде Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары орындалмаған.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақмола облысында әрқайсысында 1 010 бас малға дейін екі шаруашылық-репродукторы бар 5000 мың бас ірі қара малға дейін бордақылау алаңын салу инвестициялық жобасы бойынша қарыз алушыны іріктеу кезінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға әлеуетті қарыз алушылардың өтінімдерін қараудың регламентін бұзған. Сөйтіп, «KazBeef Ltd» ЖШС-ға негізсіз артықшылық берілген.

Жобаны іске асыру кезінде «KazBeef Ltd» ЖШС 2010-2011 жылдардың қорытындысы бойынша 106,8 млн.теңге мөлшеріндегі шығынға жол беріп, құрылыс жұмыстарын осы уақытқа дейін аяқтамаған.

2011 жылы бөлінген 19,1 млрд.теңге бюджеттік кредиттердің 15,9 млрд.теңгесі бұрынғы берілген кредиттер бойынша қайтарылған сомалардың есебінен өтелген.

Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарын бұза отырып, «Қазагроқаржы» АҚ-да «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің құрылысын «Oztoprak Ltd» компаниясы (Түркия) бекітілген ЖСҚ-сыз, лицензиясыз және рұқсатсыз жүргізгені анықталды. Құрылыс нормаларының сақталмауы жылыжайдың қирауына алып келді. Сөйтіп, 119,5 млн.теңгенің қаражаты тиімсіз жұмсалған. «Қазагроқаржы» АҚ-ның шығындары 155,8 млн.теңгені құрады.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңды бұза отырып, сметалық құны 3,4 млрд.теңгені құрайтын «Комсомольская птицефабрика» АҚ-ның объектісі 16 құс қорасында және қоспа жем зауытында жұмыстардың көлемі орындалмай, 58,3 млн.теңгенің құрал-жабдығы орнатылмағанымен, мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы актісімен пайдалануға қабылданған. Бақылау кезінде жоба іске асырылмаған, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген.

«Қазагроқаржы» АҚ Холдингтің даму стратегиясындағы маңызды көрсеткіштерді орындамағане есеп деректерін бұрмалауға жол берілген. Мәселен, лизингке іс жүзінде 5 321 бас мал немесе жоспардың 50%-ы берілгенімен, 2011 жылғы есепке сәйкес 13 634 бас мал берілген деп көрсетілген, бұл ретте қаражатты игеру 3,8 млрд.теңгені немесе 45%-ды құрады. Несиелік портфель сапасының төмендегені, қалыптастырылған провизиялардың 20,9 млрд.теңгеге дейін ұлғайғаны, 212 шарт бойынша жалпы 6,2 млрд.теңгеге проблемалық кредиттер портфелінің артқаны байқалады.

Лизинг шарттарының талаптарын бұза отырып, лизинг алушылардан, яғни «Сорочинское-2030» ЖШС-дан және «Акас» агрофирмасы» ЖШС-дан 88 бас ірі қара малдың өлімі үшін, тиісінше, 18,7 млн.теңге және 14,2 млн.теңге өндіріп алынбаған. Қазақстан Республикасы Салық кодексінде малдың өлімі болған жағдайда, есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мәселесі регламенттелмеген.

2010 жылы «Шағын кредит беру ұйымдарын қолдау орталығы» ЖШС-ны құру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор) бөлінген 255,0 млн.теңге екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге орналастырылған.

Қор шағын кредит беру ұйымдары арқылы шағын кредиттер беруді қамтамасыз ету туралы 043 бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған. Іс жүзінде 232,0 млн.теңге немесе жоспардың 46%-ы игерілмеген, 325 шағын кредитті беру қамтамасыз етілмеген, берілген кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектер 6 есеге өскен. Мерзімі өтіп кеткен кредиттер бойынша провизиялар қалыптастыруға 448,0 млн.теңге бағытталған.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының 53-тармағына сәйкес, Астана қаласында 2012 жылғы 1 ақпанға дейін ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме базарын пайдалануға енгізу қарастырылған, алайда аталған объектінің құрылысы басталмаған.

2011 жылғы маусымда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) көтерме базар салу мақсатында «ЭкспАгро» ЖШС-ға 2,0 млрд.теңге аударған, сол қаржының 1,5 млрд.теңгесі депозитке салынып, 500,0 млн.теңгесі аталған ЖШС-ның иелігінде қалған.

Корпорацияның азық-түлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға бюджеттік кредит есебінен бөлген 17,1 млрд.теңгенің бақылау кезінде тек 49%-ы ғана игерілген. Бұл ретте «Шымкент» ӘКК 2012 жылғы қаңтарда 450,0 млн.теңгені азық-түлік тауарларын сатып алудың орнына үш банкте депозиттерге орналастырған.

2011 жылы Корпорация мемлекеттік ресурстарға 2,3 млрд.теңгенің 80,4 мың тонна жоғары сапалы астығын кем жеткізген.

Стратегиялық жоспардағы «ҚазАгро» холдинг» АҚ орындаушы болып белгіленген 42 нысаналы көрсеткіштің 9-ы бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ауруларға, жұқпалы ауруларға және басқа да төтенше жағдайға байланысты, ірі қара мал өлген жағдайда, есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу бөлігіне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 250-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырудан қалған қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру; «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның еншілес акционерлік қоғамдарын, сондай-ақ оның филиалдары мен уәкілдіктерін ұстау бойынша олардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру мәселелерін қарау ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне асыл тұқымды ІҚМ сатып алғанда және асырағанда, төлдеуін, салмақ өсімін және сауым сүтінің сақталуын қамтамасыз ететін норматив әзірлеу; Холдинг және оның еншілес ұйымдары қарыз алушылардың өз міндеттемелерін дер кезінде өтемеу тәуекелдерін жабу үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуінің заңдылығын қарастыру бойынша шара қолдану тапсырылды.



Салық түсімдерінің және республикалық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылылығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - Қаржымині) жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қаржылық есептілікке жүргізілген бақылау барысында салықтық және кедендік әкімшілік етудің жеткілікті дәрежеде тиімді жүргізілмегені, бюджет және өзге де заңнама талаптарының 4 170,0 млн.теңгеге, соның ішінде шығыстар бойынша – 2 199,0 млн.теңгеге, салықтық және кедендік әкімшілік ету бойынша 1 971,0 млн.теңге бұзушылықтары анықталды.

2011 жылы ҚҚС өтеу 306,4 млрд.теңгені құрады, оның 244,6 млрд.теңгесі немесе 80 %-ы тау-кен өндіру және өңдеуші кәсіпорын саласындағы экспорттаушылардың үлесінде.

Салық органдары нөлдік ставкамен салынатын ҚҚС-ның асырылып көрсетілгендерін қайтару үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде бірыңғай тәсілді жүзеге асырмай отыр. Мәселен, Алматы қаласының Салық департаменті экспорттаушыларға ҚҚС бойынша артық төленген 72,2 млн.теңгені қайтарған, ал олардың өнім жеткізушілері тарапынан салық заңнамасының бұзылғаны тіркелген. Тіркелген мекенжайында болмаған 90 салық төлеуші ҚҚС бойынша есептен уақтылы шығарылмаған, соның салдарынан бюджет 579,9 млн. теңге шығын шегуде.

ҚР Қаржымині Салық комитетінің деректері бойынша, қосымша есептелген 10,9 млрд.теңге ҚҚС өндіріліп алынған болып тіркелген, алайда іс жүзінде оның тек 1,2 млрд.теңгесі немесе 11,5%-ы ғана өтелген. Өндіріліп алынбаған қаражаттың қалған 9,6 млрд.теңгесі немесе 88,5%-ы ҚҚС бойынша соманың артуы есебінен өтеліп отыр.

2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы бересі 12,7 пайызға ұлғайды. Салық тексерулерінің нәтижесінде бюджетке қосымша есептелген 372,1 млрд.теңгенің 92,8 млрд.теңгесі немесе 25%-ы бойынша салық төлеушілер шағым түсірген, тек 19,3 млрд.теңгесі немесе 5,2%-ы ғана өндіріліп алынған.

Жұмыс істемей тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны артып келеді. 2011 жылы салық есебінде тұрған салық төлеушілердің 26%-ы ғана республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын аударған. Бұл ретте салық төлеушілердің 74%-ы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінде, шығын шеккендіктен, кірістер бойынша нәтижеге жетпегендіктен, КТС төлемеген.

Салықтық тексерулерді жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәуекелі жоғары салаларға баса назар аудару және қолдағы ресурстардың барынша тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсаттарына сай келмейді. Мәселен, тәуекелдің жоғары тобына жатқызылған салық төлеушілерге жүргізілген салықтық тексерулердің 25%-ы бойынша қосымша есептелген салықтар тексерілген кезең ішіндегі жиынтық жылдық табыстың 0,1%-нан аспайды.

2011 жылы кедендік әкімшік ету декларациялардың электрондық көшірмелерінің мұрағаттық базасы пайдаланылмастан жүзеге асырылған. Құны бойынша тәуекел белгілері бар 25 000 декларацияның кедендік құнын бақылау барысында аумақтық кеден органдары кеден заңнамасының бұзылмағаны туралы шешімдер қабылдаған. 2011 жылы пост-кедендік бақылаумен тексерілген декларациялардың үлесі бар болғаны 1,7 пайызды құрады.

Кеден одағы Комиссиясының кеден құнын бақылауға қатысты 2010 жылғы 20 қыркүйектегі шешімі жеткілікті дәрежеде іске асырылмаған. Мәлімделген кеден құны бойынша қосымша тексерулердің нәтижелілігінің үлес салмағы бар болғаны 17%-ды құрады, тек 461,5 млн.теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндіріліп алынған. 2011 жылы «уақытша әкелу» кедендік рәсімімен ресімделген тауарлар бойынша кеден құнын түзету тек 64 декларация бойынша ғана жүргізілген, өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтар 20,5 млн. теңге болды.

Кинематографиялық өнімдерді уақытша әкелу және импорттау кезінде кеден құнына бақылау ұйымдастырылмаған. Сол себепті, 2007-2009 жылдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша шығындар 700,0 млн.теңгені құрады.

Кеден органдары қолданып отырған тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік бақылау шараларының тиімділігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмай отыр. 2011 жылы кеден ісі саласында 195 құқық бұзушылықты анықтап, 13,2 млн.теңге айыппұлды өндіріп алу үшін кедендік тексеру бойынша еңбек шығындары 181,1 мың адам/сағат немесе 86 млн.теңге болды.

«Транзит» кедендік рәсімі бойынша қозғалатын тауарларды бақылау тиімділігінің жеткілікті болмауы тауарларды кедендік ресімдеу үшін межеленген пунктке жеткізбестен, төлемдерді қамтамасыз етуді ең аз мөлшерде енгізу арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруына жағдай жасайды, бұл тауарлардың жеткізу бойынша бас тарту санының 2010 жылғы 0,02 %-дан 2011 жылы жалпы транзит көлеміне шаққанда 0,11 %-ға дейін өсуіне алып келді. Бюджет шығыны 131,8 млн.теңгені құрады.

Алматы қаласындағы кедендік бақылау департаментінде жүргізілген бақылау барысында кедендік әкімшілік ету тиімсіз жүргізілгендіктен, бюджетке 543,2 млн.теңге кедендік төлемдер мен салықтардың кем түскені анықталды.

Бюджеттік бағдарламаларды есепті жылдың соңында қаржыландыру практикасы әлі сақталып келеді. Мәселен, ҚР Қаржымині 2011 жылдың желтоқсан айында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 53,6 млрд.теңге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 25,8 млрд.теңге, оның ішінде 2012 жылғы жобаларды іске асыруға 22,0 млрд. теңге 2011 жылғы желтоқсанда аударған.

2011 жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру сыртқы және ішкі қарыздарды тарту есебінен жүзеге асырылды. Бұл ретте ішкі қарыз көлемі мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру есебінен өсуде, оларға қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 2011 жылы – 110,5 млрд.теңге жұмсалса, ал 2007 жылы – 25,6 млрд.теңге ғана жіберілген еді.

2009 жылы жылдық кірісі 7,5%-ды құрайтын, жалпы 9 671,5 млн.теңге жеке тұлғаларға арналған мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МАОКАМ) орналастыру кезінде облигациялардың 9 469,8 млн.теңге мөлшеріндегі бір бөлігі, оларды жеке тұлғалар сатып алғаннан кейін «БанкЦентрКредит» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның меншігіне айналған, осы банктердің шоттарынан МАОКАМ бағалы қағаздарын бастапқы сатып алу үшін жеке тұлғаларға ақшалай қаражат аударылған. Нәтижесінде банктер 2009 жылғы 18 қараша – 2012 жылғы 17 сәуір аралығында республикалық бюджеттен сыйақы түрінде 679,2 млн.теңге, соның ішінде «БанкЦентрКредит» АҚ – 467,2 млн.теңге, «Қазақстан Халық банкі» АҚ – 212,0 млн.теңге мөлшерінде табыс тапқан.

Қаржымині үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелерін жасасқан кезден бастап қарсы ағындар бойынша теріс сальдо 9,9 млрд.теңгені құрады, соның ішінде 2010 жылмен салыстырғанда 0,3 млрд.теңгеге ұлғайып, 2011 жылы 1,9 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктері сыртқы қарыз алу жүзеге асырылған жобаларды іске асыруды тиімсіз ұйымдастырғандықтан, жобаларды игеру басталған кезден бастап, қарыз қаражатын резервтеу үшін комиссияға төлеуге республикалық бюджеттен 313,1 млн.теңге жұмсалған.

Үкіметтің ішкі және сыртқы борышы құрылымында құжат түрінде расталмаған жалпы 30 418,1 млн.теңгенің берешегі есепте тұр.

Қаржыминінің «Клиент қазынашылық» және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйелері тиімсіз жұмыс істеуде. Пилоттық аймақтар болып белгіленген Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ішінде мемлекеттік мекемелермен «Клиент қазынашылық» АЖ-да электрондық құжат айналымы тек Астана қаласында ғана ұйымдастырылған. Әзірленген «Электрондық аукцион» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілмеген.

«Е-Қаржымині» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу шеңберінде Қаржыминінің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін олардың функционалдық мақсаттары мен мүмкіндіктерін ескере отырып интеграциялау жүргізілмеген, құжаттардың бастапқы төлемдерін жүйеге енгізу қолмен жүзеге асырылады. Электрондық қызметтер көрсету кезіндегі өзара іс-қимылдардың регламенттері бекітілмеген, электрондық құжаттардың мәртебесі айқындалмаған. Бақылау барысында «Е-Қаржымині» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бір қосалқы жүйесінің әзірленбегені, 7 қосалқы жүйе бойынша толық ауқымды тәжірибелік пайдаланудың жүргізілмегені анықталды.

Мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және толықтыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты бірқатар жағдайда дамыту мәселелеріне емес, ағымдағы мәселелерді шешуге пайдаланылған, бұл қаржы жылының қорытындысы бойынша активтер көлемінің төмендеуіне алып келеді.

Мәселен, квазимемлекеттік сектордың 26 субъектісінің құрылған кезінен бастап олардың жарғылық капиталдары жалпы 247 126,8 млн.теңге республикалық бюджет қаражатының есебінен қалыптастырылған. 2011 жылғы 1 қаңтарға жинақталған шығын 50 224,7 млн.теңге болды. Бұл ретте 26 акционерлік қоғамның 13-іне 202 040,2 млн.теңге бөлінгенімен, 2011 жылғы 1 қаңтарға активтердің құны тек 169 108,9 млн.теңгені құрады, бұл бастапқы алынған қаражаттан 32 931,3 млн.теңгеге аз.

Мемлекеттің қатысуымен құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бұрынғы жылдардан жинақталған шығындары болғанымен, ағымдағы жылы тапқан табыстарының бір бөлігінен республикалық бюджетке дивидендтер аударуы олардың дивидендтер аудару жөніндегі талаптарды формалды түрде атқарып жатқанын және ұдайы түрде шығынға батуға алып келетінін көрсетеді.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Үкіметке:

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысын мониторингілеу ережесіне акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер активтерінің өзгеруі бойынша жыл сайын бағалау жүргізу, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалана отырып, жаңа акционерлік қоғамдар құрудың орындылығын бағалауға жекешелендіру және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның қатысуы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

мемлекеттік бағалы қағаздардың алуан түрлерін пайдаланып, республикада ішкі қарыз алудың, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін сыртқы қарыздың лимитін белгілей отырып, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын ішкі қарыздардың игерілу тиімділігі мен уақтылылығын бағалаудың тетігін әзірлеу;

Үкіметтің ішкі және сыртқы борышы құрылымында 738,1 млн.теңге және 29 680,0 млн.теңге берешекті ұстаудың орындылығы;

бұрынғы жылдардан жинақталған шығындары бар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапқан таза табысынан республикалық бюджетке дивидендтер аудару рәсімдерін реттеу;

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне: қосылған құны жоғары, экспортқа бағдарланған тауарларды өндіруді және сатуды жүзеге асыратын кәсіпорындарды ынталандыру үшін ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтарудың тетігін жетілдіру; салықтық тексерулердің нәтижесінде қосымша есептелген салықтар бойынша шағым түсу фактілеріне қарамастан, олардың төленуін қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қажетті шешімдер қабылдау ұсынылды.



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Еңбекмині) әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтаудың тиімділігіне жүргізілген бақылау барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының 639,3 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

2010 жылы бюджет саласы қызметкерлеріне өтемақы төлемдері және еңбекақы төлеу көлемдерін белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге 21,2 млн.теңге жұмсалғанымен, әзірленген әдістемелер Еңбекминінің қызметінде практикалық қолданылмаған.

2010-2011 жылдары арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде облыс әкімдіктері Еңбекминінің Стратегиялық жоспарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысында қарастырылмаған дәрі-дәрмек препараттарын сатып алуға 189,3 млн.теңге қаржының жұмсалуына жол берген.

2011 жылы Еңбекмині стратегиялық жоспарда, бюджеттік өтінімде қарастырылмағанымен, жалпы 120,2 млн.теңгенің компьютерлік жабдықтары мен лицензиялық қамтамасыз ету өнімдерін жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне беруді жүзеге асырған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Заңын бұза отырып, «Алси» ЖШС-мен 2,0 млн.теңгеге жабдықтар жеткізу жөніндегі шарт 20 күнге кешіктіріліп жасалған. Ішкі бақылау қызметі анықтаған бұзушылықтарды жою қамтамасыз етілмеген.

2011 жылы жалпы 58,1 млн.теңгеге қызметтер көрсетіледі деп жоспарланғанымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – «ЗТМО» РМҚК ААЖ) және Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытудың күтілген нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

«Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерін талдау барысында кірістерді жасырудың 106 оқиғасы анықталды.

Бұл ретте «ЗТМО» РМҚК ААЖ функционалдық және техникалық тұрғыдан шектеулі болғандықтан, деректерге талдау жүргізу, анық ақпарат алу тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмеген. Бақылау барысында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған, көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алушылардың саны бойынша деректердің 6,1 млн.теңгеге алшақтығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді көздейтін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бағдарламасы) іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігін талдау жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу себептерінің бірі жергілікті атқарушы органдардың микрокредит беру жөніндегі уәкілетті өңірлік органды уақтылы айқындамауы болғанын көрсетті.

Мәселен, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кредиттік ресурстар түпкілікті қарыз алушыларға жеткізілмеген. 2011 жылы, тиісінше, 200,0 млн.теңгенің және 100,0 млн.теңгенің іс-шаралары орындалмаған.

Бірқатар облыстарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасының талаптары бұзыла отырып, кәсіпкерлерге кредит беру тиісті кепілдіксіз жүзеге асырылған. Мәселен, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ «EURO-Business» микрокредиттік ұйымы» ЖШС-ға 48,0 млн.теңге мөлшерінде кредит берген, бұл ретте 16,1 млн.теңгеге кепілдік қамтамасыз етілмеген.

Кейбір жағдайда кредиттер Жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылмаған мақсаттарға берілген. Мәселен, бақылау кезінде «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ЖК «Сарсекенов К.А.» және ЖК «Омаров С.И.» жеке кәсіпкерлерге бөлген, тиісінше, 2,8 млн.теңге және 3,0 млн.теңге кредит қаражатының нысаналы сипаты құжат түрінде расталмаған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша, Есеп комитеті Экономикалық даму және сауда министрлігіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің іске асырылу барысын және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің орындалуын мониторингілеудің тетігін әзірлеу; Еңбекминіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет