есептер шығаруды оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері есеп және оны шешу кезеңдері бет


ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет2/8
Дата16.11.2023
өлшемі106.51 Kb.
#483456
1   2   3   4   5   6   7   8
Чокланова.К doc

1.ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:
1.Есеп мәтінмен беріледі;
2.Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады;
3.Есептің сұрағы болады;
4.Сұраққа жауып беру үшін арифметикалық амал орындалады;
Есептің екі түрі болады
ЖАЙ ЕСЕП. ҚҰРАМА ЕСЕП
Математиканың бастауыш курсында мазмұнды есептердің алатын орны ерекше.Есепті шығару барысында оқушылар математикалық жаңа білімдерді игеріп, практикалық іс – әрекетке дайындалады.Мұндай есептер олардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға үкен әсер етеді.
Сонымен қатар, мазмұнды есептерді шығарудың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында да тәрбиелік маңызы зор.Сондықтан мұғалімнің мазмұндық есептер туралы ,оның құрылымы туралы кең түсігі болуы,ондай есептерді әртүрлі тәсілмен шеше алуы керек.
Мазмұнды есептер қандайда бір ситуацияның кәдімгі тілмен осы ситуацияның бір компонетінің сандық сипаттамасын беруді талап етіп,оның компонеттерінің арасында қандай да бір қатысының бар жоқтығын тауып немесе қатынасының түрін анықтап баяндау.
Кез – келген мазмұнды есеп екі бөлімнен тұрады:Шарты және талабы.
Есептің шартында обьект және оның кейбір мәндері,обьектіні сипаттайтын белгілер,осы шамалардың белгілі және белгісіз мәндері,олардың арасындағы қатыстар жөнінде айтылады.
Есептің талабы – нені табу керек екендігін көрсету.Ол бұйрықты немесе сұраулы сөйлем түрінде көрсетіледі.
Есепті шешу – бұл есепте берілген айқын және жанама сандардың,шамалармен,олардың арасындағы қатыстарымен логикалық дұрыс тізбектелген амалдар мен операциялар арқылы есептің талабын орындау.
Есептерді шығарумен таныстыру.Алдын ала дайындық жұмысын жүргізген соң балаларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстыруға көшуге болады.Есептер шығаруға үйретудің екінші кезеңінде есептермен жұмыс істеу методикасында мына кезеңдердің тәртібін сақтаған жөн.
I кезең – есептің мазмұнымен таныстыру;
ІІ кезең – есептің шешуін іздеу;
ІІІ кезең – есепті шешу;
ІV кезең – есептің шешуін тексеру;
Бұл бөліп көрсетіп отырылған кезеңдер өзара тығыз байланысты,әр кезеңдегі жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.Әр кезеңдегі жұмыс методикасын толығырақ қарастырамыз.
1)Есептің мазмұнымен таныстыру:есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуацияларын көз алдына келтіру.Есепті ,әдетте ,оқушылар оқиды.Мұғалім есепті тек балаларда есептің теңі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмаған кезде ғана оқиды.Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор:сан мәндерді және амалды таңдап алуға қажетті сөздерді,мысалы [кетіп қалды],[қалды],[бірдей болды]т.с.с сөздерді баса айту,есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту.Егер есептің тексінде түсініксіз сөздер кездессе,онда оларды түсіндіру керек немесе,есепте айтылатын нәрселердің мысалы:бульдозер,шөп шапқыш машина т.с.с суреттерін көрсету керек.Есепті балалар бір – екі рет ,кейде одан көп оқып шығады,бірақ біртіндеп оларды есепті бір оқығанда есте сақтап қалатындай етіп үйрету керек,өйткені бұлай еткенде олар бірден зейін қойып оқитын болады.Есепті оқи отырып оқушылар есепте айтылған мәселелерді өмірде қалай болатынын көз алдарына келтіре білулері тиіс.Осы мақсатпен оқып болған соң есепте айтылғанды көз алдарына келтіріп,оны қалай көз алдарына келтіргендерін айтып берулерін (сөзбен айтып түсіндірулерін) ұсыну керек.
2)Есептің шешуін іздестіру:есептің мазмұнымен танысқаннан кейін оның шешуін іздестіруге кірісуге болады:оқушылар есепке кірістірілген шамаларды,берілген сандармен ізделінді сандарды айқындай білуі тиіс,берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалардың арасындағы байланысты тағайындауы тиіс,сөйтіп осылардың негізінде сйәкес арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс.Жаңа түрдегі есепті енгізгенде оның шешуін табу жұмысына мұғалім басшылық жасайды,сонан кейін мұны оқушылар өздігінен орындайды.Екі жағдайда да балалардың
шамаларды,берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін,олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнайы әдістер пайдаланылады.Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау; есептерді қайталау;есепті шығару жолдарын талдау және оны құру жатады.
Осы әдістердің әрқайсысын қарастырамыз.
Есепті иллюстрациялау – есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін , сондай – ақ олардың арасындағы байланыстарды тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану.Иллюстрация нәрсе түрінде немесе схема түрінде болуы мумкін.
Бірінші жағдайда иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нарселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылуы мүмкін;солардың көмегімен заттардың тиісті амалдары иллюстрацияланады.
Мысалы, мына есепті иллюстрациялау керерк:«Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр.Олардың 5 қыз 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды.Барлығы қанша бала үйлеріне кетті?»
Бұл жағдайда иллюстрация ретінде балалардың өздерін пайдаланған дұрыс:тақта алдына төбешіктен сырғанап жүрген балаларды кескіндейтін бір топ оқушыны шақырып алып, олардың «үйге кеткендерін» көрсетуге болады, демек, 5қызды бір шетке шығарып қояды, содан кейін 2 ер бала «үйлеріне кетеді»(қыздарға қосылады).Сонымен жиындардың бірігуі иллюстрацияланады,сонда балалар кетті делінетін болса да есеп қосу амалымен шығарылатын оқушыларға белгілі болады(оқушылар бұл етістікті әдетте азайту амалына байланысты қолданады).Заттардың өзінен де гөрі көбінесе олардың суреті немесе басқа заттар пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет