1. 2 ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш мектепте оқушылар алғаш рет 1 – сыныптағы «Нөмірлеу» тақырыбында «есеп» терминімен және оның құрама бөліктерімен,сондай – ақ есепті шешу процесінің негізгі кезеңдерімен таныстырылады.Басты мақсаты — есеп терминін енгізу,есептің құрама бөліктерімен (шарты,сұрағы)оны талдау және шешудің негізгі кезеңдерімен (есепте не белгілі,не белгісіз, белгісізді қалай табады,шешуін жазу,есеп сұрағына жауап беру)таныстырып, оны шығару барысында орындалатын іс – әркеттің үлгісін көрсету.Мұнда оқушылар назарын есептің мәнді ерекшелігіне аударған жөн.Ол есеп тексін мұғалімнің хабарлауынан кейін, оның құрама бөліктерін, яғни шарты мен сұрағын бөліп көрсетіп,сұраққа жауап беру үшін сұраққа қандай да бір арифметикалық амалды орындаудың қажеттігін оқушылардың сезінуін қамтамасыз ету.Ол үшін мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып алады да оның қолына қағаз жәшікті ұстатады.«Дананың қолындағы жәшікте 4 кітап бар еді (кітаптарды көрсетеді) – оны біз білеміз.Мен оған тағы 2 кітап беремін (көрсетеді).Дана бұл кітаптарды да жәшікке салды — мұны да білеміз.Жәшіктегі кітаптар нешеу болды?Бұл жөнінде әлі ешнәрсе айтылған жоқ,бұл белгісіз». Балалар, біз есеп құрастырдық . Есепте не белгілі ,не белгісіз екенін айыра отырып , оны қайталап шығайық: Мұғалім: Бізге не белгілі?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап болғаны және мұғалім тағы 2 кітап бергені (сәйкес цифрлы карточка көрсетіледі немесе қалталы полотноның бір қатарына қойылады).
Мұғалім: Есепте нелер белгілі болса , ол — есептің шарты (оны оқушылар қайталап айтады).
Мұғалім: Есепте не сұралып отыр?
Оқушы: Жәшіктегі барлық кітап нешеу болды?
Мұғалім: Бұл — есептің сұрағы,ал сұрақсыз есеп болмайды.Сонымен есептің шарты мен сұрағы болады .Енді есептің сұрағына жауап беру керек.
Мұғалім: Балалар жәшікте қанша кітап бар еді? (Оқушылар затпен санды сәйкестендіреді) «4 кітап — 4 саны »
Мұғалім: Не өзгерді?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап бар еді,оған тағы 2 кітап салынды, яғни жәшікте 4 және 2 кітап болды.
Мұғалім: Оны қалай жазып көрсетуге болады?
Оқушы: 4 + 2 (кеспе цифрлар мен қосу амалының таңбасы арқылы құрылатын мысалды әр оқушы өзіндегі материалдарды пайдаланып өздері құрастырады,ал мұғалім оны қалталы плонода көрсетеді).Оқушылар үйренген есептеу тәсілін қолданып нәтижені табады. Мұғалім балалардың назарын 4 + 2 = 6 жазуына аударады да бұл — есеп шешуінің жазылуы дейді.
Мұғалім: Жәшіктегі кітаптар нешеу болды?
Оқушы: Жәшікте 6 кітап болды.
Мұғалім: Бұл — есеп сұрағының жауабы.Сонымен,жәшікте барлығы 6 кітап болды, яғни біз есеп сұрағына жауап бердік — есепті шығардық.
Енді бұл есептің қысқаша жазылуын көрсетейік:
Шарты: Шешуі:
Болды:- 4кітап 4+2=6
Берді:- 2кітап
Барлығы:-?кітап. Жауабы: 6 кітап болды.
Осыған ұқсас,сұрағына жауап беру үшін азайту амалын қолдану қажет болатын ,«Сананың қолындағы жәшікте 6 кітап бар еді,ол 2 кітапты Данаға берді.Санада неше кітап қалды?» есебі мұғалім басшылығымен ,оқушылардың қатысуымен шығарылады.
Есепті (қосындыны, немесе қалдықты табу)осылайша шығару оның құрама бөліктерін және оны шығару прцесін оқушыларға алғаш таныстырудағы тиімді методикалық тәсіл.Осыдан кейін оқулықтағы бір ғана сурет бойынша бір есеп, ал кейінірек қосынды мен қалдықты табу керек болатын екі есеп құрастырылады және шығарылады.Сонда амалды таңдап алуды жеңілдететін тәсіл ретінде әртүсті дөгелектер және көрнекіліктің басқа да түрлері пайдаланылады.
Есептің құрылысы және оны шешу процесі жайындағы оқушылар түсінігін тиянақтай түсу мақсатында әртүрлі методикалық тәсілдер қолданылады.
А)Бұл оқушы есеп шартын айтады,екіншісі сұрағын қайталайды,үшіншісі есептің қандай амалмен шығарылатынын негіздеп береді,келесі оқушы шешуін жазады,ал соңғысы есеп сұрағының жауабын тұжырымдап береді,яғни пысықтау және қайталау «рольдер» бойынша орындалады.
Ә)Есеп тексін мұқият тыңдауға оқушыларды үйрету жүзеге асырылады,ол үшін текст оқылысымен , іштен , не белгілі ,не белгісіз екенін қайталап отыруға,есеп сұрағына жауап беру үшін не істеу керектігін мұғалімнің қосымша сұрақ қоюын тоспай – ақ , өзі ойлап отыруға оқушыларды баулу.
Б)Есепті шешу процесінің әр кезеңіне сай негіздеулер мен түсіндірмелер келтіруге оқушыларды үйрету мақсатында мұғалім тапсырманы тұжырымдап береді, ал балалар оны орындайды.
В)Қалталы плотно,кеспе цифрлар , амалдар мен теңдік таңбаларын пайдаланып орындалған іс – әрекеттің нәтижесін көрнекі түрде көрсетіп беру арқылы есеп шешуін жазудың үлгісімен оқушыларды таныстыру.
Г)Есептің құрама бөліктерін және оны шешудің негізгі кезеңдерін жеке – жеке бөліп көрсетуге оқушыларды машықтандыратын сигналдық карточкаларды қолдану.Жоғарыда қарастырылған екі есеп бойынша құрылатын сигналдық карточкадағы мәліметтер есепті оқу және шығару барысында біртіндеп мынандай таблица түрінде жазылады:
4 2 ? 6 2 ?
4+2=6 6-2=4
6 4
Шарты. Шарты
Сұрағы. Сұрағы
Шешуі. Шешуі
Жауабы. Жауабы
Д)Есеп тексін оқу машығы қалыптасқан кезде жай есепті шығаруда басшылыққа алатын нұсқаулар жазылған ескертпені қолдану.Ол ескертпеде есепті шығарудың негізгі кезеңдері ерекше көрсетіледі.
1.Есептің тексін мұқият оқып шық.
2.Есепте не берілгенін анықта, яғни есеп шартын есіңе түсір.
3.Есепте не белгісіз екенін анықта, яғни есептің сұрағын есіңе түсір.
4.Есепті шығару үшін қандай амал қолдану керектігін негіздеп және түсіндіріп бер.
5.Есепті шығару да оның шешуін жаз.
6.Есеп сұрағының жауабын бер.
7.Есептің дұрыс шығарылғандығын тексер.
Е)Берілген сұрақ(мысалы «Екі қораптың ішінде қанша қарындаш бар?».«Екі конверттің ішінде қанша открытка бар?»бойынша есеп құрастыру немесе берілген шарты бойынша есеп сұрағын тұжырымдау сияқты жаттығулар қарастыру.
Ж)Есепке сәйкес жазуды орындауға оқушыларды біртіндеп үйрету.Ол үшін есеп мазмұнын баяндау кезінде мұғалім заттарды,суреттерді санақ материалдарың сәйкес жазуларда (берілген сұрағы,шешуі)қолданады,ал оқушылар өзгерістерді,тәуелділіктерді,байланыстарды байқайды..Осы мақсатта обьектілерді санақ материалдарын алмастыратын заттар тобын біріктіреді немесе топтан оның біраз бөлігін алып тастайды аз берілгендерді және белгісізді өзгерістерді цифрлы амал таңбалары жазылған карточкалар арқылы көрсетеді.Оқушылар бұған машықтанғанда есепке қысқаша жазулар орындауға,суреттер салуға,таблица мен схемалар жасауға да болады.Бұл кезде есептің шарты мен сұрағы , шешуі мен жауабы және оны шығару үшін қажетті амалды іріктеп алу бір – бірінен ажыратыла дербес қарастырылады.
З)Қажетіне қарай артық немесе жетпей тұрған мәліметтері болатын ,сондай – ақ «шарты мен сұрағы арасында сәйкеспеушілік,тіпті қайшылық»кездесетін есептердің де қарастырылуы мүмкін.
Міне осындай жұмыстардың арқасында есептің құрама бөліктері жайында оқушылар балама түсінік алып,оны шешудің кезеңдеріне сай орындалатын қарапайым іс – әрекеттерді жүргізуді үйренеді.Бұлар есеп шығара білу іскерлігін қалыптасудың бастамасы іспеттес ,олар әрі қарай шығару барысында жетіле,шыдала түседі.
Есеп және оның құрама бөліктерімен оқушыларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады.Мұнда арифметикалық есеп арнайы оқытылып үйретілмейді.Бірақ мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әр бір санмен таныстырып оларды 1-ді қосу немесе 1-ге азайту арқылы шығарып аларда көрнекі құрал сипатында пайдаланылады.Сондай – ақ басқа да материалдарды қарастыру барысында есеп шығару іскерлігінің құрамына енетін көптеген мәселелерді дайындық деңгейінде беруге болады.Соған бірнеше мысал келтірейік.
Заттарды санау және оларды салыстыру (түсі,өлшемі,пішіні немесе бірнеше мәнді белгілеріне қарай)кезінде оқушылар сурет бойынша «қанша?»,«неше?»,«нешеу?»деген сұрақтарды қоюға жаттығады,және «бірдей»,«үлкен-кіші»,«биік-аласа»,«ұзын-қысқа»т.с.с ұғымдар жайында түсінік алады,,сондай – ақ әрбір заттың өзіне тән мәнді белгіні анықтауға.үйренеді.Әрі қарай заттар тобын салыстыру барысында «қанша болса,сонша» сөз тіркесінің мән – мазмұнын түсінеді,«артық – кем»ұғымы туралы түсінікті қабылдайды.Әрине осы кезде – ақ көрнекіліктің нақты және кейбір абстракті түрлері қолданыла бастайды.Мысалы:
А)Тақта алдында үш оқушы шақырылады;
Ә)Әрбір оқушыға бір – бірден санау шыбықтары үлестіріліп беріледі
Б)Оқушылар мен шыбықтар салыстырылады
В)Қорытынды жасалады,яғни біз «оқушы - санақ шыбығы» жұптарын құрдық;«оқушылар қанша болса ,шыбықтарда сонша»
Д)Қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек ,ал екінші қатарына үш квадрат қойылады да ,сәйкес қорытынды жасалады.
Сонымен қатар практикалық жұмыстар орындау кезінде оқушылар жұптар құрудың әр – түрлі ,айталық,әр топтағы заттарды бірінің астына бірін дәл келтіріп екі қатарға орналастыру,бір топтағы заттардың үстіне екінші топтың сәйкес затын қою,заттардың сәйкес жұптарын сызықтармен қосу,әр топтан бір – бірден зат алып кету сияқты тәсілдермен танысады.Осы кезеңде өте жиі қарастырылатын қосарланған суреттер «қанша болған еді?»,«не өзгерді?»,«енді қанша болды?» сұрақтарының жауабын табуға үйретеді.Ал сәйкес суреттер бойынша берілген жазулар есепті шығару үшін сандарға арифметикалық амалдар қолдану қажеттігін аңғартуға ,есеп шешуін жазу үлгісін енгізуге дайындық болып табылады.
Дайындық кезеңінің соңын ала есепті айқын түрде енгізудің берік негізі қалануы тиіс.Ол кезең материалдарын оқып үйренудің нәтижесін ғана есептің құрама бөліктерімен,оны талдау,шешудің негізгі кезеңдерімен оқушыларды таныстыру мүмкін болады.
Есептің шығару жолдары.Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы,оқушылардың оқу іс – әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
1 – 4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады; Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық,графиктік,арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады.Негізінен кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады.Мазмұнды есептерді шығарудың арифметикалық және алгебралық тәсілдері өзара байланысты , өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген.Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істелудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есепті шығарудың арифметикалық тәсілінен алгебралық тәсілне көшу арқылы жүргізіледі деген сөз.
Мазмұнды есептерді шығара білу оқушылардың іс – әрекеттерінің тәсілдер жүйесін меңгеруден тұрады және бірнеше кезеңде қалыптасады:
1.Мазмұнды есеппен таныстыру ,жәй мазмұнды есептерді арифметикалық тәсілдермен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
2.Құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрама мазмұнды есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
3.Жай мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
4.Құрама мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды ,өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады.Есептегі құраушылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі ,ол байланыстардың сипаты күрделене түседі,мазмұнды есепті шешудің сандық аясы кеңиді.Есеппен жұмыс істеу үшін қалыптастырылған тәсілдер өздерінің мазмұнын жаңартады,жаңа жағдайда қолданылады,жаңа тәсілдер тудыра отырып ,бірімен – бірі сабақтасады.
Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды.Ол үшін есепті талдаудың мынандай кезеңдермен таныстырған жөн:
1.Есептің мәтінін оқып талдау.Бұл кезеңнің мақсаты – есепте баяндалған жағдайлармен танысу және оны терең ұғыну,оның нысанды жақтары мен обьектілер арасындағы байланыстарды анықтау.
2.Есептің мәтінін математикалық тілге көшіру.Бұл кезеңде есептің обьектілері үшін шартты белгілері алынып ,олардың арасындағы байланыстарға математикалық графиктік интерпретация беру – шешу модельін құру.
3.Модельмен жұмыс істеу .Егер есеп жай болса құрылған модельмен есепті шығаруға болады,онда үшінші кезеңнің қажеттілігі болмайды.Құрама есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады.Талдау барысында құрылған модель талданады,және жетпейтін немесе артық элементтер анықталады,модель жетілдіріледі немесе қайта құрылады да осылардың нәтижесінде есепті шығару жоспары жасалады.
1 – 4сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеруі үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға болады:
1)Есептегі нақты мысалдарды (заттарды) оның модельімен ауыстыру.
2)Есептің обьектілерумен арасындағы байланыстарды таңбалар арқылы бейнелеу.
3)Дайын грфиктік модель бойынша есеп обьектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру.
4)Графиктік модель бойынша есепті құру.
Бастауыш сынып оқушыларының мазмұнды есепті талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыныптарда бұл іскерліктерді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде пайдалуға мүмкіндік береді.Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылар есептерді талай білу іскерліктерін қалыптастыру,оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |