есептер шығаруды оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері есеп және оны шешу кезеңдері бет



бет6/8
Дата16.11.2023
өлшемі106.51 Kb.
#483456
1   2   3   4   5   6   7   8
Чокланова.К doc

2 ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС
2.1 ҚҰРАМА ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ

Құрама есеп дегеніміз екі не одан да көп амал арқылы шығарылатын есеп.


Құрам есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу қажет.
Құрама (ең кемінде екі амал орындағанда сұрағына жауап беру мүмкін болатын)есептерді енгізу қалыптасқан есеп шығару іскерлігін жетілдіре және дамыта түседі.Мұнда кез – келген есепті шығарғанда шешуі, маңызға ие болатын және басшылыққа алынуға тиісті белгілі бір әдіс – тәсілдерді,сондай – ақ іс – әрекеттер түрлерін әрбір оқушының игеріп алуына баса көңіл бөлінеді.
Ең алғашқы құрама есеп ретінде , қандай жай есептерден құралатын есепті ұсыну жайында методикада әртүрлі пікір кездеседі.Қалай болғанда да,алғашқы ұсынылатын құрама есеп балаларға үйреншікті жай есептерден құрастырылады.
А)«Арманда 5 дәптер бар ,ал Марғұланда — одан 2 дәптер кем.Арман мен Марғұланда барлығы қанша дәптер бар?»Талдауды есеп сұрағынан бастайық.Екі балада барлығы қанша дәптер болғанын табу үшін,Арман мен Марғұланның әрқайсысында қанша дәптерден болғанын білу керек.Арманда 5 дәптер болғаны белгілі,ал Марғұланда неше дәптер болғаны белгісіз ,ол табылмаса есеп сұрағына жауап бере алмаймыз.
Марғұланда 2 дәптер кем ,яғни онда Арманда қанша болса ,сонша,бірақ екусіз демек 5–2.Сонымен Арманда 5 дәптер,ал Мағұланда 5-2-3 дәптер болды,барлығы 5 + 3 = 8 дәптер.Есепті шығару барысында оның шартында жоқ жаңа сандық деректі анықтауға тура келеді.
Құрама есептің осы түрін (бірнеше бірлікке кем және қосындыны табу сияқты екі жай есептен тұрады )шығару барысында оның ең мәнді сипаттамалық ерекшелігін ,атап айтқанда оның сұрағына жауап беру үшін бір ғана арифметикалық амалды орындаудың жеткіліксіздігін ,яғни ақтық белгісізді табу үшін аралық белгісізді (белгісіздерді)табу қажеттігін алғашқы күннен бастап оқушының санасына дарытуға толық мүмкіндік туады.
Жалпы алғанда есепті шешу процесінің әр түрлі кезеңдері арасына айқын жік қоймай ,оларды шартты түрде «бөліп» қарастырған қолайлы:
А). Есеп тексін оқу
Ә). Есеп шешуінің жоспарын құру
Б). Есеп шешуін жазу
В). Есеп сұрағына жауап беру және оның дұрыстығын тексеру
Есепті шығарудағы алғашқы және ең маңызды қадам оның тексін оқып ,есеп шартын және сұрағын саналы түрде қабылдау,есепте не туралы айтылғандығын анық ,дәл,тұтас елестету,шартындағы ең мәнді элементтерді бөліп алу ,берілген шамалардың және шарты мен сұрағы арасындағы байланысты ашу.Есеп тексін оқулықта беру біртіндеп жүзеге асырылады.Мысалы ,ұзақ уақытқа дейін есеп тексі суреттер мазмұны ретінде беріледі,одан кейін шартты суреттер ,схемалар қысқаша жазу түрінде ұсынылады,ал біраз уақыттан соң жекелеген сөздер немесе сөйлемдер суретпен алма – кезек ,сондай – ақ ,есептің қандай да бір құрамды бөлігі текспен беріледі де ,екінші бөлігі ауызша айтылады ,ал ең соңында балалардың оқып үйренген әріптерінен құралатын сөздер және сөйлемдер ретінде есептің толық тексі келтіріледі.Осы кезден бастап – ақ ,оны әрбір оқушының өздігінен оқуы ұйымдастырылады.
Есептің сұрағын шартын бөліп оқы (рөлдер бойынша оқу да кездеседі),әрбір санның нені көрсеткеніне көңіл бөл ,берілген санды есіңде сақта ,мазмұнын өз сөзіңмен түсіндіріп беруді ойластыр ,белгілі және белгісіз шамаларды ата,есеп сұрағына бірден жауап беруге болама,өзара байланысқан шамаларды даралап ал ,т.с.с ескертпелерің алдын – ала берілуі оқушылардың бұл жұмысқа саналы түрде және белсене ,тегіс қатысуына әсер етеді.
Бастауыш сыныптарда есептер негізінен арифметикалық тәсілмен шығарылады.Бірақ амалдардың орындалу реті және келтірілетін түсіндірмелер бір-бірінен өзгеше болса,онда есеп түрліше тәсілдермен шығарылған болып саналады.Ал кейбір есептердің теңдеу құру арқылы да шығарылуы мумкін.Сонда қарапайым немесе құрамында санды өрнек болатын теңдеулер шығады.Оларды шешудің жолдарымен оқушылар алдын-ала таныстырылады.
Енді біз жәй және құрама есептер үшін аналитикалық-синтетикалық талдау жүргізудің мысалдарын келтірейік.
А)Бір автобусқа 20 адам,ал екіншісіне одан 2есе артық адам отырды.Екінші автобусқа қанша адам отырды?
Бірінші автобусқа қанша адам отырғаны белгілі — 20 адам,ал екіншісіне отырғандар саны белгісіз,бірақ ол біріншідегіден 2 есе артық, яғни 20-дан көп,сонымен біріншідегі адамдар саны қанша болса,екіншісінде сонша адам 2 рет бола алады, сонда 20+20-20*20=40
Ә)Автобусқа 20 адам отырды , бұл троллейбусқа отырған адамдардан 3 есе кем. Троллейбусқа қанша адам отырды?
Автобусқа отырған адамдар саны — 20,ал троллейбусқа отырғандар саны белгісіз.Есептің мән – мазмұнына жете түсінбей, үстірт талдау жасаған оқушы, есеп тексіндегі «3 есе кем» сөз тіркесін басшылыққа алып , бірден 20-ны 3-ке бөле бастайды.
Автобусқа аз ,ал троллейбусқа көп адамдар мінген.Берілгені кіші (кем) сан ,белгісіз үлкен (артық) сан.Автобуста қанша адам болса , троллейбуста сонша адам 3 бола алады, яғни 20+20+20=20*3=60
Бастауыш сыныптарда есептер негізінен арифметикалық тәсілмен шығарылғандықтан, осы тәсілді қолданғанда олардың тиімділігін анықтауда және оқушылардың есеп шығаруға құрастыра,ойлау қабілеттерін дамыта отырып есеп шығаруға қалыптастырады.
Тағы осы сияқты бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер:

  • Қозғалысқа берілген есептер.

М: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарам-қарсы шықтыда , 3 сағаттан кейін кездесті.Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ .


Екіншісінің жылдамдығы қандай? (М-4, 110-б,№7)



  • Пропорционал бөлуге берілген есептер.

М:4 кг картоп 64 тг тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады? (М-4,88-б,№7)





  • Екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған есептер.

М:Бір жәшікте 7 кг ,ал екінші жәшікте 3 кг алма болды.Бірінші жәшіктегі алма екіншідегіден 320 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша тг тұрады? (М-4, 126-б, №5)





  • “Бірге жұмыс жасауға” арналған есептер.

М:Шеберханада жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны шебер 3 күнде , ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді.Егер осы жұмысты олар бірігіп істеген болса, онда олар неше күнде бітіреді? (М-4, 146-б, №7)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет