Есептеу желілері (ЕЖ) компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар эволюциясының логикалық нәтижесі болып табылады



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі38.76 Kb.
#451027
1   2   3   4   5   6   7
Маршруттауыш (Router)— бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы. Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауыш әрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды. Информацияны тасымалдау жолын таңдап алу процесін маршруттау деп атайды. 

Модем. Қашықтағы компьютерлермен байланыс үшін немесе компьютерді телефон желісіне жалғау үшін модем пайдалынылады.

Модем – модуляция (цифрлық сигналдарды аналог сигналдарға түрлендіру) мен демодуляция (аналог сигналдарды цифрлықтарға түрлендіру) тудыратын құрылғы.

Модемдер сыртқы және ішкі болады. Ішкілері аналық (жүйелік) плата ұясына (слот) қойылатын плата. Сыртқылары жеке құрылғы түрінде компьютердің тізбектік портына қосылады.

Модем сапасының негізгі сипаттамасы оның жол бойы қамтамасыз ететін ақпарат тарату жылдамдығы болып табылады. Қазіргі кезде ең кең тараған модемдер ақпарат тарату жылдамдығы 33,6 Кбит/с және 56 Кбит/с болатындары.



3-сурет. Аналогтік модем 4-сурет. Сандық модем (xDSL)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет