Интернетке қосылу үшін не керек?
Компьютер
Модем
Телефон жүйесі
Бағдарламалық қамтылу
Провайдер
Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. (МОдулятор/ДЕМодулятор сөзінің қысқартылуы). Компьютердегі сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы фирмалар да, ірі телефон компаниялар да қызмет істей алады.Интернетке қосылу үшін компьютерге иесіне лайықты провайдерлер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.
Провайдерлер Nursat, Para sand, SSC Communications, Қазахтелеком, Астел Арна Спринт. Қазір біздер қазахтелеком ұсынған тариф Megaline.
Брандмауэр – мәліметтері қорғалған желіге рұқсатсыз қатынасуды (кіруді) болдырмайтын аппараттық-программалық құрал (желіаралық экран).
Желіаралық экран екі желі арасындағы мәліметтер ағынын бақылап, белгілі бір «информациялық мембрана» рөлін атқарады. Мұнда экранды одан өтетін мәліметті талдап сүзгіден өткізетін бірнеше фильтрлер жиыны деп қарауға болады. Брандмауэр өзінде орнатылған алгоритмдер негізінде келіп түскен мәліметті өткізе ме, жоқ па – шешім қабылдайды.
Оған қоса, брандмауэр барлық «заңсыз» мәлімет алуға тырысқан жағдайлар туралы хабар жинап, «дабыл қағады» десе де болады.
Прокси-сервер (Интернет пен жергілікті желі арасында тұрады) — желідегі мәлімет тығыз-дығын азайтып, тасымалдау жылдамдығын өсіру үшін пайдаланылатын байланыс компью-тері. Прокси-серверде тұтынушылар көп қажет ететін мәлімет белгілі бір уақыт кезеңінде сақталып тұрады.
Егер бір тұтынушы жақын арада бір Web-пар-ақты қараған болса, екінші тұтынушы да сол мәліметті керек етсе, ол оны прокси-серверден алады. Екінші тұтынушы мәліметті түп нұсқа-дан алдым деп ойлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |