Есептеу желілері (ЕЖ) компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар эволюциясының логикалық нәтижесі болып табылады



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі38.76 Kb.
#451027
1   2   3   4   5   6   7
Желілік концентратор немесе хаб – кабельдік инфрақұрылыммен айгалмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.



Желілік коммутатор деп бір (бернеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы.

Бағдарлағыш дегеніміз –желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.

Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыснемесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтиды.

1969 жылы АҚШ-та қорғаныс министрлігіне қарасты компьютерлік орталықтарды бірқатар академиялық ұйымдармен біріктіретін ARPAnet компьютерлік желісі құрылды. ARPAnet желісін құрудағы басты мақсат – кенеттен ядролық шабуыл бола қалған жағдайда, байланысты қалай ұстап тұруға болатындығын зерттеу және зерттеушілердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету болатын. Осы желі ұлғайған сайын басқа да компьютерлік желілер пайда болып, дами бастады. Дербес компьютерлердің дәуірі басталмай тұрып, ARPAnet-ті құрастырушылар Internetting Project («Желілерді біріктіру жобасы») бағдарламасын жобалауға кіріскен болатын. Бұл жобаның нәтижесі мынадай жетістіктерге алып келді. Біріншіден, АҚШ-тағы ең ірі компьютерлік желі internet желісі дүниеге келді. Екіншіден, осы желіні АҚШ-тың басқа компьютерлік желілерімен біріктіру қолға алынған болатын. Осы желілердің пайда болуы әлемнің барлық компьютерлік желілерін өзара байланыстыруға арқау болды. Осындай «желілердің желісін» қазір барлық елде бір ғана сөзбен – Internet (қазақша баламасы - Интернет) деп атайды

Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.

Internet – сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктерді ұсынады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілірді біріктіреді. Бұл ережелерді біріктіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы.

Интернет – миллиондаған компьютерді ақпаратқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын жүниежүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі. Әр пайдаланушы одан өзіне керектісін тауып, оған керекті дегенді береді. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен толығып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет