Желілердің типтері
Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:
Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;
Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру ортасы;
Бірігіп қолданатын мәліметтер – серверлердің желі бойынша ұсынатын файлдары;
Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM кітапханасы және т.б. – серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары);
Қорлар (ресурстар) – желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.
Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:
Бірқалыпты (одноранговая – peer-to-peer);
Сервердің негізінде (на основе сервера - server based).
Екі желінің айырмашылығы – олардың мүмкіндіктеріне байланысты. Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:
мекеменің өлшеміне;
қауіпсіздік жағдайына;
жұмыс түріне;
жұмыс орнының жауаптылығына;
желілік аумақтың көлеміне;
желілік қолданушылардың қажеттілігіне;
қаражат мүмкіндігіне.
Достарыңызбен бөлісу: |