Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет52/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
dissertation

Кіріспе (1 сағат). Курстың мақсaты мен мaзмұнын таныстыру
I БӨЛІМ. Ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруға арналған мәтіндермен 
жұмыс. Барлығы 8 сағат. 
1. Мәтінмен жұмыс (1 сағат). Мәтін туралы түсінік беру. Мәтінмен 
жұмыс істеу тәсілдеріне тоқталу. Мәтін арқылы оқыту жолдары. Берілген 
мәтінді тыңдалым жұмыстары арқылы зейін қойып талдау. Пәнаралық ортақ 
ұғым: Отан, жер, су және т.б.  
2. Дарқан дала (1 сағат). Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын 
түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту. Ауызшa мәтін 
бойыншa сұрaқтaр жүйесін құру және негізгі oйды қысқaша сипaттaп, бaяндaу. 
Пәнаралық ортақ ұғым: дала, қал, мемлекет, астана, және т.б.  


106 
3. Табиғат ғажайыптары (1сағат). Дереккөздерден ақпарат жинау. 
Пәнаралық ортақ ортақ ұғым: жел, дала, ел, жер, шөл, және т.б. 
4. Отбасы құндылықтары (1 сағат). Мәтін түрлерін және олардың 
құрылымдық бөліктерін анықтау.ьМәтінді талдау, әңгімелеу, сипаттау, 
пайымдау мәтіндерін құрастыру. Сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін 
орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі 
сөздіктерді пайдалану. Пәнаралық ортақ ұғым: сыйлау, құрметтеу, адал және 
т.б.
5. Жылы сөз (2 сағат). Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара 
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау. «Салыстыру» 
әдісін қолдану арқылы ойлауды дамыту. Мәтіннің кейіркерлерін Э.Венн 
диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Пәнаралық ортақ 
ұғым: жылы, әдемі, сөз және т.б. 
6. Отбасының бюджеті (1 сағат). Тыңдаған, оқыған және аудиовизуалды 
материалдар бойынша жоспар құрып, тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу. 
Қалай ойлайсыңдар, экономикадағы бағаның көтерілуі біздің отбасы 
бюджетімізге әсер ете ме? деген мәселелік сұрақ қоя отырып, оқушыға 
экономикаға қатысты жеке ұғымдарды қолдана отырып, өз ойын жазуға кеңес 
беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет