Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет53/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
dissertation

7. Досыма хат (1 сағат). Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін 
(мақала, мінездеме, сұхбат) жазу. Пәнаралық ортақ ұғым: дос, адал, ата-ана, 
қасиет және т.б. 
ІІ БӨЛІМ. Ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруға арналған танымдық 
тапсырмалар. Барлығы 8 сағат. 
1. Мұражай (1 сағат). Тірек сөздерді қолданып «Мұражай» тақырыбына 
әңгіме құрастыру. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру. Дереккөздермен 
жұмыс. Пәнаралық ортақ ұғым: мұражай, мәдениет, музей және т.б.
2. Домбыра - асыл мұра (2 сағат). Тыңдаған шығарманы сипаттап айту. 
Домбыра құрылымын анықтау. Домбыра аспабына жарнама жасайды. 
Пәнаралық ортақ ұғым: домбыра, ел, мәдениет және т.б. 
3. Түркістан (1 сағат). Мәтіннің мазмұнын түсіну, талдау. Сөздердің 
мағынасын түсіну. Тапсырмаларды орындау. Мәтіндердегі деректердің 
маңызды тұстарын анықтап графикалық, сурет, сызба түрінде жазу. Өз 
көзқарастарын жүйелі, дәлелді жеткізу. Пәнаралық ортақ ұғым: дала, ел, жер, 
шөл, және т.б. 
4. Мен кім боламын (2 сағат). Мәтіннің мазмұнын түсіну, талдау. 
Рөлдерге бөліп, қойылым ұйымдастыру. Ойлауды дамытуға арналған 10 
сұрақтық тест сұрақтарына жауап беру. «Артық сөзді тап» әдісін қолдану. 
Пәнаралық ортақ ұғым: мамандық, мұғалім, ұшқыш, кәміп және т.б.
5. Құрылысшы (2 сағат). Мәтіннің мазмұнын түсіну, талдау. Мәтіннен 
синоним, антонимдерді табу. «Артық сөзді тап» әдісін қолдану. Пәнаралық 
ортақ ұғым: мамандық, мұғалім, ұшқыш және т.б.
ІІІ БӨЛІМ. Ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруға арналған пәнаралық 
тапсырмалар. Барлығы 10 сағат. 
1. Кемпірқосақ қалай пайда болады? (2 сағат). Мәтін мазмұны бойынша 


107 
шешім табуға бағытталған сқрақтар құрастыру. Мәтіннен тиісті ақпаратты 
тауып, математика, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен алған білімді 
қолдана отырып, сұрақтарға жауап бер. Пәнаралық ортақ ұғым: күн, бұлт, 
жаңбыр, жауын және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет