Есназар асель жаңабергенқызы


сынып. «Етістіктің жіктелуі» тақырыбы. (Ортақ тақырып



Pdf көрінісі
бет57/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
dissertation

4 сынып. «Етістіктің жіктелуі» тақырыбы. (Ортақ тақырып: 
Қоршаған ортаны қорғау). 
Лексикалық материал: «Әдебиеттік оқу» пәнінен алынған мәтін.
Күзгі қыс керуені 
Жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар топтасып немесе тізбектеліп, 
көбінесе үшбұрыштанып ұшады. Әр топтың алдында өте тәжірибелі өз 
жолбасшысы жүреді. Ол жолды жақсы біледі, себебі бұған дейін бұл жолмен 
талай рет әрі-бері ұшып өткен. Құстардың бір үйірінде мұндай жолбасшы 
бірнешеу. Олардың міндеті көп. Құстардың жерге қонып, тамақтанатын, 
демалатын орнын солар таңдайды. Үйірдің қауіпсіздігін де солар бақылайды. 
Құстар бір жерге қонып, демалған кезде жолбасшылар кезектесіп оларды 
күзетеді. Аспанда да жолбасшылар ауыр жұмыс атқарады. Тізбектің ең 
алдында ұшатын болғандықтан, олар қанаттарымен ауаны жарып
соңындағыларға жол салып отырады. Жолбасшы салған жолмен ұшу оның 
соңындағыларға жол салып отырады. Жолбасшы салған жолмен ұшу оның 
соңындағы құстарға жеңіл болады. Сондықтан жолбасшы ауада өте көп күш 
жұмсайды [132,б. 106]. 
(4-сынып, Әдебиеттік оқу) 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, ойланып көр: жазушы бізге қандай құстар туралы 
айтты? Құстарды ата?
2-тапсырма. Мәтіннің идеясын анықта.
3-тапсырма. Мәтінді жүйелеуде «Ассоциограмма» әдісін қолданамыз. «Құстар» 
сөзін ұсынамыз. 
күн
күннің


112 
Сурет 28 
4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықта. 
4 сынып. «Зат есімнің жіктелуі» тақырыбы. (Ортақ тақырып: 
Қоршаған ортаны қорғау). 
Лексикалық материал: «Дүниетану» пәнінен алынған мәтін.
Салтанатты көш. 
Олар күнкөріс жағдайы үшін табиғаттан тек керегін ғана алды. Олар 
жер жағдайын жақсы білгендіктен, жылдың қай мезгілі болса да, адаспай 
жол табатын. Аспанда да жолбасшылар ауыр жұмыс атқарады. Өздерін 
табиғаттың бір бөлшегі санаған бабаларымыз табиғатпен үйлесімді өмір 
сүріп, сұлулығын бағалай білді. Табиғат көшпелілер үшін туған үйіндей болды. 
Бабаларымыздың табиғатқа деген қамқорлығын үлгі тұтамыз [134,б. 94].
(4-сынып, «Дүниетану» оқулығы) 
1-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемді ретімен орналастыр. Артық сөйлемді тап. 
2-тапсырма. Мәтіннен жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.
3-тапсырма. Зат есімдерді тиісті жалғаулармен сәйкестендір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет